kl kz



>
Шығыс Қазақстан Интернетте
Мәдениеті мен өнері
Туристерге
Тарих беттерінен
Маңызды оқиғалар
«Туған өлкем – тұнған тарих» дәрістер циклы
ШҚО ауылдарының тарихы
Өскемен жайлы не білесіз?
Өскемен қаласының тарихы
Өскемен қаласындағы көшелер тарихы
Ескерткіштер
Аудан паспорттары
Шығыс Қазақстан облысы
Шемонаиха ауданы
Өскемен қаласы
Риддер қаласы
Алтай ауданы
Глубокое ауданы
Зайсан ауданы
Катонқарағай ауданы
Күршім ауданы
Марқакөл ауданы
Самар ауданы
Тарбағатай ауданы
Үлкен Нарын ауданы
Ұлан ауданы
Семей қаласы
Курчатов қаласы
Аягөз ауданы
Абай ауданы
Бесқарағай ауданы
Бородулиха ауданы
Жарма ауданы
Көкпекті ауданы
Үржар ауданы
Уланский район
Урджарский район
Шемонаихинский район
Алтын Алтай фольклоры
Алтай аңыздары
Шығыс Қазақстанның музыкалық мұрасы
Шығыс Қазақстанның әдеби мұрасы
Өлке табиғаты
Табиғи қорықтар
Табиғи ресурстар
Шығыс Қазақстанның 25 ғажайып орны
Шығыстың шипажайлары
Барлық-Арасан шипажайы
«Баян» шипажайы
Рахман қайнары
Уба шипажайы
Киелі орындар
Абылайкит
Берел қорымы
Қоңыр әулие үңгірі
Шілікті алқабы
Ашутас
«Алаш арыстары» үйі (Семей қ.)
Семей полигоны құрбандарына арналған «Өлімнен де күшті» монументі (Семей қ.)
Ф.М. Достоевскийдің әдеби-мемориалды үйі (Семей қ.)
«Абай-Шәкәрім» мемориалдық кешені
Қозы Көрпеш пен Баян сұлу мазары
Мұзтау
Соғыстың цифрлық жылнамасы: Шығыс Қазақстанның 1941-1945 жылдардағы ҰОС Жеңісіне қосқан үлесі туралы
Кеңес Одағының батырлары
Даңқ орденінің толық иегерлері
Брест қамалын қорғауға қатысқандар
30 - Гвардиялық дивизия
Жасырын партизандар
Еңбек армиясына қатысқандар
Тылда да Жеңіс шыңдалды
Ақын және майдангер-жазушылар кітаптарының виртуалды көрмесі
Соғыс ардагерлерінің естеліктері
Өлкетану альманағы
Өлкетану альманағы 2025
Өлкетану альманағы 2024
Өлкетану альманағы 2023
Өлкетану альманағы 2022
Өлкетану альманағы 2021
Өлкетану альманағы 2020
Өлкетану альманағы 2019
Өлкетану альманағы 2018
Өлкетану альманағы 2017
Өлкетану альманағы 2016
Өлкетану журналы 2014
Өлкетану альманағы 2015
Өлкетану альманағы 2013
Әріптестеріміздің шығармашылығы
Геология
Өлке зерттеушілері
Тарих. Этнография. Мәдениет
Қаламгерлер жайында
Білім беру
Ономастика
Дін
ҰОС жылдарында (1941-1945) ЕҢБЕК АРМИЯСЫ қатарында болған шығысқазақстандықтар
Бейнетоптама
Шығыс Қазақстан әдебиеті
Шығыс Қазақстанның әдеби және есте қаларлық орындары
Фэнзин фантастикалық журналы
Виртуалды көрмелер
Қ. Мұхамедханов: библиографиялық көрсеткіш
Экран дикторы

linka

Шархан ҚазығұлЖурналист-публицист, жазушы, Mecenat.kz жаңа әдеби сыйлығының тұңғыш иегері Шархан Қазығұл «Күлпет» романының үш данасын сыйға тартты.
Жазушы Шархан Қазығұл «Күлпет» романында Қазақстанның социализм дәуіріндегі кезеңінен бастап, қазіргі күнге дейінгі тарихын басты кейіпкер Әбужан Райысовтың өмірі мен тағдыры арқылы суреттейді. Көркем шығармада туған жерге деген махаббат пен шынайы патриотизм, қазақ әйелінің адалдығы, ұлттық дәстүрді сақтау сияқты құндылықтарға терең бойлаған жазушы адамзат алдындағы мәңгілік сұрақтарға жауап іздейді.

Толығырақ...

Қабанбайтану оқу құралыӨскемен қаласы әкімдігінің Оралхан Бөкей атындағы N44 лицейдің тарих пәнінің мұғалімі Қайрат Айтқожин «Қабанбайтану оқу құралы» атты кітапты кітапханаға сыйға тартты.
Қазіргі кезде адамзат жаңа жаһандық мәселелермен бетпе-бет келіп отыр. Бала тәрбиелеу-болашаққа ең үлкен инвестиция. Бұл мәселеге немқұрайлы қарамай, балаларға жақсы білім беруге ұмтылуымыз керек.
Өзінің туған өлкесінің тарихын терең танымай, елі мен жер үшін жанын құрбан еткен, тәуелсіздігін аңсаған ата – бабаларымыздың есімін, ерлігін жас ұрпаққа танытпай патриот, патриоттық деген ұғымды түсіндіре алмаймыз.

Толығырақ...

Tor AltaiСүйінші! "Төр Алтай" атты жаңа журнал оқырмандарымен қауышты!
Жер бетінде тірлік кешіп жатқан кез келген ұлт пен ұлыстың рухани болмысын байытатын, ішкі жан дүниесін қағып-сілкіп жаңғыртып отыратын бір ғана тәсіл, бір ғана дүние бар, ол -сол жұрттың әдебиеті мен өнері. "Төр Алтай" атты жаңа журналдың өмірге келуі, оқырманына қадам басуы-осы бір олқылықтың орнын толтыруға жасалған алғашқы қадам.

Толығырақ...

Талаптан Ахметжан«Апырым - ай бұл жұрт Талаптанды ұмытып кетті ме?» деп жүргенде жазушының жаңа жинағы мен естеліктер топтамасы кітапхана қорына келіп түсті. Тіпті қалың оқырманнан сүйінші сұрауға тұрарлық жаңалық. Талаптанның жарқын бейнесі, нұр дидары, көмескі тартпай, уақыт өткен сайын айқандала түсетін тұғырлы тұлға екенінің дәлелі!

Толығырақ...

Әскербекқызы Ж. Миф-о-поэзия: өлеңдер, поэма, аудармалар. - Алматы : Жазушы бапасы, 2022. - 192 б.
Әскербекқызы Ж.«Әдебиеттің әлеуметтік маңызды түрлерін сатып алу, басып шығару және тарату» кіші бағдарламасы бойынша жарық көрген биыл баспадан шыққан «Миф-о-поэзия» атты кітабы кітапхана қорына түсті.
Жерлес ақын Жанат Әскербекқызы-қазіргі поэзияда өзіндік қолтаңбасы бар талантты ақын, филология ғылымдарының докторы, Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің профессоры. Қазақстан жазушылар одағының мүшесі. Өлеңдерінде ел меен жер, өткен дәуір мен бүгінгі өмір сүреттері, көңілдің түрлі сәттері бағзы таныммен сабақтасып, тың бейнелеулермен түзіледі.
Жинаққа ақынның жаңа өлеңдері мен «Алып ана-Түкті ата» әпсана-поэмасы және жапон поэзиясынан Сайге, Мацуо Басе, Есо Бусон өлеңдерін аударып кіргізген.

Толығырақ...

Өткендердің өмірден,Ұрпағыма ұлағат
Өнегелік елге-ісі.
Өшпейді шын көңілден,
Өткен күннің белгісі, -деп кітап авторы жырлағандай кітапхана қорына Қалым Құнафияновтың «Ұрпағыма ұлағат» кітабын баласы Бақытхан Құнапиянов сыйға тартты. Деректі повестің авторы Қалым Құнафиянов ұзақ жылдар шаруашылық басқарған, Кеңес қызметінде істеген ардагерлердің бірі. Ленин, Қызыл Ту ордендерінің иегері.
Кітап бірнеше бөлімнен тұрады. Қызығы аз бала кез, соғыс өрті шарпыған жастық шақ оқушысын ойға қалдырып, патриоттық сезімін оятады.

Толығырақ...

Шаһар кезгенӨртеніп ұмыт болған сағыныштан,
Жұрт ішіп ағып келем, сабылысқан.
Жанарымнан сан ұшқын ұшырайды,
Іштегі бітпейтұғын жарылыстан, - деп Шаһар кезген өлеңінде өзі жырлағандай бірнеше өлеңдері топтастырылып «Шаһар кезген» деген атпен «Дәуір» баспасынан кітап болып шығып отыр.
Елгезектің шығармашылығы бір тұжырымға сыя қоймайтын, тарам-тарам бағыты баркүрделі дүние.
Ақын өткенге белшесінен батып отырған қоғамға деген өгейсу, іштей қарсы тұру сезімін бүкіл поэзиясына арқау еткен. Қазір корпоративтік сана бәрінен басым. Ауыл жағдайы нашар. Діншілдер саны күрт көтеріліп келеді. Бұрын Кеңес Одағында екінші орында болған Қазақстанның, қазір алды бұлыңғыр. Мұндай кезеңде Ақберен Елгезек сияқты ақынның шығып, қоғам мұңын өлең арқылы халыққа жеткізу, екінің бірінің қолынан келмейді.
Ендеше құрметті оқырман жаңа кітап сіздің еншіңізде.
Алтыбаев Қалибек ҚизатұлыА. С. Пушкин атындағы Шығыс Қазақстан облыстық кітапханасына журналист, сөзжұмбақшы, ҚазақстанБабадан қалған байтағым Журналистер одағының мүшесі, Зайсан ауданының Құрметті азаматы Алтыбаев Қалибек Қизатұлы «Бабадан қалған байтағым» атты 2 томдық кітабын сыйға тартты.
Қалибек Қизатұлы топонимика, ономастикамен шұғылданып, заманауи адамға жұмбақ әрі түсініксіз дүниелерді зерттеумен шұғылданады. Қолданбалы өнер, халық кәсібі тарихын зерттеп, Абай Құнанбаев, Мұхтар Әуезов әлемін тануға барынша үлес қосып келеді. Ауыз әдебиетіне жататын түрлі жұмбақ, айтыстарға жаны жақын қаламгер оларды сөзжұмбақ үлгісінде жасырып жазумен де шұғылданған. Қазақстан КИнЭС рекордтар кітабына енген сөзжұмбақшы Қ. Алтыбаевтың «Сан сұраққа саяхат», «Зайсан өрнектері», «Абай­дың алып айдыны­нан», «Шы­рағың мәңгі сөнбейді», «Сынаптай сырғыған жылдарым», «Атамекен Зайсан», «Үш­кемелдің шалқарынан» т.б. кітаптары бар. Бұл кітаптарының басым бөлігі сөзжұмбақтардан тұрады. Жай ғана сөзжұмбақ емес, ұлы Абай, Шәкәрім, Әуезовтің алып айдынын арқау еткен сөзжұмбақтар дүниесі.
Қаламгердің «Бабадан қалған байтағым» кітабында елін-жерін жан аямай қорғаған әйгілі батырлардың тұлғалары, Зайсан өңірінде рухани шырақ жаққан ерекше дарын иелері, еліне тұлға болған ел билеушілері, өнер адамдары сипатталған. Зайсан ауданының барлық елді мекендерінің тарихы, әр ауыл округы бойынша жер атаулары жеке-жеке берілген. Өлке тарихын танып, зерттеушілер үшін бұл туындының берері мол екені сөзсіз.
Келіңіздер кітаппен таныс болыңыздар!
М.О. Әуезовтың өмірі мен шығармашылығына байланысты викторина біліміңді тексер

Викторина!

pllinkz

А.С. Пушкин атындағы Шығыс Қазақстан облыстық кітапханасы

шығыс қазақстан әдеби картасы

Шығыс Қазақстан танымал есімдер

addressbook001

addressbook002

© А.С. Пушкин атындағы Шығыс Қазақстан Облыстық Кітапханасы | Восточно-Казахстанская областная библиотека имени А.С. Пушкина. 1998-2025
Besucherzahler
счетчик посещений