Өртеніп ұмыт болған сағыныштан,
Жұрт ішіп ағып келем, сабылысқан.
Жанарымнан сан ұшқын ұшырайды,
Іштегі бітпейтұғын жарылыстан, - деп Шаһар кезген өлеңінде өзі жырлағандай бірнеше өлеңдері топтастырылып «Шаһар кезген» деген атпен «Дәуір» баспасынан кітап болып шығып отыр.
Елгезектің шығармашылығы бір тұжырымға сыя қоймайтын, тарам-тарам бағыты баркүрделі дүние.
Ақын өткенге белшесінен батып отырған қоғамға деген өгейсу, іштей қарсы тұру сезімін бүкіл поэзиясына арқау еткен. Қазір корпоративтік сана бәрінен басым. Ауыл жағдайы нашар. Діншілдер саны күрт көтеріліп келеді. Бұрын Кеңес Одағында екінші орында болған Қазақстанның, қазір алды бұлыңғыр. Мұндай кезеңде Ақберен Елгезек сияқты ақынның шығып, қоғам мұңын өлең арқылы халыққа жеткізу, екінің бірінің қолынан келмейді.
Ендеше құрметті оқырман жаңа кітап сіздің еншіңізде.