Курчатов қаласы Шығыс Қазақстан облысының (ШҚО) солтүстік –батысында орналасқан. Ертістің сол жағында Семей мен Павлодар қаласының ортасында орналасқан.
Семей сынақ полигонының алғашқы жетекшілерінің бірі- Игорь Васильевич Курчатов болды.
Курчатов қаласы 1947 жылы Семей ядролық полигонының базалық қаласы ретінде құрылды.
Алғашында қала әскери гарнизон ретінде құрылды. Ерекше құпиялықты сақтау үшін қаланың аты бірнеше рет өзгертілді. Уақытша «Москва-400», «Надежда», «Берег» деп қала аттары өзгертіліп отырды. Семипалатинск қаласындағы теміржол магистралінің құрылысының аяқталуына байланысты- Конечная станциясы атанды.
1974 жылы – құпия сақталған елді мекенге қала статусы берілді.
1991 жылға дейін жабық қала болды, жасырын аты - Семипалатинск -21.
Курчатов қаласы, қалада іссапар мен тәжірибеде жиі болатын, «Ядролық бомбаның әкесі»,- деп саналатын физик Игорь Курчатовтың есімімен аталады.
В Курчатове, как базовом городе полигона, были сосредоточены крупная научная и исследовательская база Министерства обороны, Министерства атомной энергетики и промышленности, Министерства общего машиностроения СССР, производственные базы буровиков, шахтостроителей, геологов, монтажников.
Қазір қалада 9,5 мың адам тұрады.
Курчатов қаласының ауқымы 11 мың гектар.
Курчатов қаласында ұлттық ядролық орталық – ғылыми-зертеулік мекемесі орналасқан. ҚР Президентінің қаулысымен 1992 жылы бұрынғы Семей полигоны әскери-өндірістік кешені, сондай-ақ республика аумағындағы осы салаға қатысты басқа да мекемелер мен нысандар негізінде құрылған. Орталық қызметінің негізгі бағыттары: Қазақстан аумағында ядролық қару сынағы зардабын жою; Қазақстанда атом энергетикасын дамыту мақсатында ғылыми-техникалық, технология және кадрлық негіз жасау; бұрынғы әскери-өнеркәсіптік Семей сынақ полигонын конверсиялау және оның ғылыми-техникалық әлеуетін бейбіт мақсатқа пайдалану; дүние жүзіндегі әлі жұмыс істеп тұрған полигондардағы ядролық қару сынағына бақылау жасау. Бірнеше еншілес мекемелері бар: Геологиялық зерттеу институты, Ядролық физика институты, Атомдық энергия институты және т. б. бейбіт атом, ғылым мен бизнеске байланысты мекемелер.
Бүгін ҚР ҰЯО Курчатов қаласында қала салушы ұйым болып табылады. Курчатов қаласында ядролық сынақ аппаратурасының жинақталған үлгілері, атом бомбасының фрагменттері,полигонныңмұражайында орналасқан.
1996 жылдан бастап қалада бірлескен қазақ-америкалық кәсіпорын "КК Интерконнект" құрылған, ҚР ҰЯО корпорациясы "КРАС" (АҚШ, Пенсильвания штаты) мен Қордың қорғаныс кәсіпорындарының АҚШ-тың Үкіметаралық келісім шеңберінде Қазақстан Республикасы мен АҚШ арасындағы. Тұрмыстық радиоэлектронды өнімдерді, компьютерлерді, компьютерлік жинақтаушыларды, телекоммуникациялық техникаларды, баспа платаларын шығарумен кәсіпорын айналысады,
Интернет - ресурстар
г. Курчатов // Официальный интернет-ресурс Акима Восточно-Казахстанской области
Официальный сайт акима г. Курчатова
Централизованная библиотечная система г. Курчатов
Восточно-Казахстанская областная универсальная библиотека им. Абая
Әдебиеттер тізімі - Список литературы
Сергазина Г.М. Семипалатинский ядерный полигон [Текст] : История строительства и функционирования / Сергазина Г.М., Балмуханов С.Б. – Семипалатинск, 1999. - 115 с.
Турлыбаев Е.К. От Алтая до Алаколя [Текст] / Турлыбаев Е.К. - Усть-Каменогорск : Изд-во ВКГУ, 2001. - 143 с.
Қосымша мәліметтер қажет болса өлкетану кітапханасы мен электронды каталогты пайдаланыңыз.
Барлық сұрақтар бойынша анықтама қызметін пайдаланыңыз.