Шемонаиха ауданы 1928 жылы ұйымдастырылған, Шығыс Қазақстан облысының солтүстiгiнде орналасқан. Глубокое және
Бородулиха аудандарымен және Ресейдiң Алтай өлкесiмен шектеседi. Ауданның аумағы — 4 мың шаршы шақырым. Ауданда жалпы саны 45,7 мың адам тұрады, бiр шаршы метрде халықтың тығыздығы — 11 адам.
Шемонаиха қаласы әкiмшiлiк орталығы болып табылады, он жетi мыңнан астам адам тұрады. Елдi мекендер келесi тұрпатта көрсетiлген: бiр қала, екi кент, 37 ауыл.
Ауданда минералды-шикiзаттық қоры бар, атап айтқанда полиметалдық кендер, құрамында мыс, мырыш, алтын, қорғасын бар. Ауданның базалық салалары — ауыл шаруашылығы және кен өндiру саласы. Экономика құрылымында өнеркәсіп 45 пайызды, ауыл шаруашылығы 34 пайызды, сауда 12 пайызды, қаржы салымы 9 пайызды құрайды.
Ауданның климаты оның Алтай тауларының жерінде орналасуына байланысты тым нысты тым континенттік әрі қатал болып келеді. Қысы суық әрі ұзақ, жазы қоңыржай жылы. Қаңтарда ауданның орташа температурасы -18°С, шілдеде 19°С. Жауын-шашынның жылдық орташа мөлшері - 400–800 мм.
Жер беті сулары Ертістің біршама үлкен саласы — Оба өзені мен оның көптеген салаларынан тұрады. Жер жамылғысы негізінен таулық-ормандық сұр, күлгін қара топырақты. Өсімдіктерден жазық бөлігінде селеу, бетеге, еркекшөп, бидайық, т.б. адырлы шығыс жағында майқарағай, қайың, терек, мойыл, қарақат, итмұрын тараған. Жануарлар дүниесі қасқыр, түлкі, қоян, сарышұнақ, суыр, аю, марал, бұғы, елік, құдыр, сілеусін, құндыз, шіл, кекілік, жапалақ, үкі, сауысқан, қарға, т.б. тұрады.
Шемонаиха ауданның көрнектi адамдары
Гребенщиков Георгий Дмитриевич (1882–1964) — жазушы. АҚШ Оксфорд университетiнiң философия докторы, белгiлi қоғам қайраткерi. Николаев кенi ауылында (қазiргi Шемонаиха ауданы) дүниеге келген. ХХ ғасырдың басында Ресейдiң саңлақ беллетристиктерiнiң қатарында саналған. В.Шишков, М.Горький, И.Бунин, Н.Рерихтермен достық қарым-қатынаста болған. 1920 жылы Америкаға қоныс аударған, өмiрiнiң соңына дейiн осы жерде тұрған. 1933 жылы Нобель сыйлығына ұсынылған, бiрақ-та И.Буниннiң пайдасы үшiн одан бас тартқан. Оның шығармаларының iшiнде "Чураевы", "Гонец", "Письма с Помперага", "Моя сибирь", "Егоркина жизнь" және тағы басқалары бар.
Иванов Анатолий Степанович (1928–1999) — жазушы. Шемонаиха ауылында шаруа отбасында дүниеге келген. 1950 жылы Қазақ мемлекеттiк университетiн бiтiрген. Журналист мамандығын алғаннан кейiн "Прииртышская правда" газетiнде, "Сибирские огни" газетi редакторының орынбасары болып жұмыс iстеген. 1972 жыл — "Молодая гвардия" журналының редакторы. Жазушы ретiнде атақты "Алкины песни" шығармасы алып келдi, кейiнiрек "Вечный зов", "Тени исчезают в полдень", "Повитель" романдары жарық көрдi. "Вечный зов" фильмiнiң сценариi үшiн Ивановқа "Социалистiк еңбек ерi" атағы, КСРО мемлекеттiк сыйлығы берiлдi.
Интернет ресурстары:
Шемонайха ауданы әкімінің ресми сайты
Шығыс Қазақстан облысының инвестициялық порталы
Бақытқызы, А. "Уба" - денсаулық сарайы // Дидар. - 2003. - 5 шілде. - Б. 10.
Сәрсенбайқызы, Ғ. Шырайлы да шұрайлы Шемонайха жері : [Ел тәуелсіздігінің 10 жылдығына орай Шемонайха ауданының өткені мен бүгіні туралы көлемді мақала, аудан әкімі Александр Гречухинмен сұқбат] / Сәрсенбайқызы Ғ. // Дидар. - 2001. - 4 желтоқсан. - Б. 2.
Шемонаиха ауданы [Мәтін]. - ш.ж.ж. : б.ж., ж.ж. - 18 б.
Шығыс Қазақстан облысы археологиялық ескерткіштерінің тізбесі = Cвод археологических памятников Восточно - Казахстанской области. - Өскемен; б. ж. : [б. и.], 2006. - 254 б.
Шығыс Қазақстан облысы археологиялық ескерткіштерінің тізбесі. - Өскемен : [б. ж.], 2006. - 264 б.
Қосымша әдебиетті Өлкетану кітапханасы мен Электронды каталогтан қараңыз
Барлық сұрақтар бойынша Анықтама қызметіне хабарласыңыз