2003 жылы Шығыс Қазақстан облысы Шілікті елді мекенінің жанындағы көне қорғандардың бірінен алтынмен көмкерілген киімімен жерленген сақ патшасының сүйегі табылды. Мұны Қазақстандағы үшінші «Алтын адам» деп айтуға болады. Шілікті қорғандағы «Алтын адам» біздің дәуірімізге дейінгі VII ғасырдың аяғы менVIIІ ғасырдың басындағы жәдігерлердің бірі. Табылған «Алтын адам»- сақ патшасы. Есіктен табылған «Алтын адамнан» екі жарым үш ғасыр бұрын, Аралтөбе «Алтан адамынан» мың жыл бұрын өмір сүрген. Оның үстіне, мұның алтынмен безендірілген киімдері тірі кезінде киіп жүрген киім екені белгілі болып отыр. Мұндағы алтын әшекейлер күрделі зооморфтык қалыптарға негізделе құйма алтындардан жасалған. Шіліктідегі 17 обаның ең үлкені және оқшау тұрғаны, мұның алдына шығарылып басқа оба салынбаған. Ғылымнан белгілі, тірі кезінде алтын бұйымдар тек патшалардың ғана киіміне жапсырылған.
Ал, о дүниеге алтын әшекей заттармен аттандыру оның өмірін мәңгілік ету идеясымен байланысты болған. Сақтар түсінігінде шірімейтін, тотықпайтын алтын зат мәңгіліктің символы болып есептелінген. Ертедегі сақтар өздерінің тектілігін аңдар бейнесінде көрсетуге тырысқан. Алтын бұйымдардың бәрі сол символмен жасалған.
Қорғаннан ұзын саны 358 алтын жапсырмалар табылған, 850-ші сынамалы алтыннан кем емес қасиетке ие екендігі анықталған. Яғни, аса қымбат алтын.
Материал С.Х.Текешованың «Тарих пәнін оқытуда өлкетану материалдарын
пайдалану және аймақтық компонент» әдістемелік құралынан алынды
Ерекше қорғалатын табиғи аумақтың толық атауы: Алтай ботаникалық бағы- Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Ботаника және фитоинтродукция институтының» филиалы.
Алтай ботаникалық бағының ауданы- 154,2 га, оның ішінде аймақ бойынша:
- экспозициялық- 5,5 га
- ғылыми- 30,55 га
- қорықтық- 51,5 га
- қоғамдық- 11 га
- әкімшілік және шаруашылық аймақ- 61,05 га.
Жалпы алаңы – 35 га
Солжағалық кешеннің аумағында мыналар бар:
1. Зообақ, алаңы 8 га
Мұражай-қорықтың Солжағалық кешені аумағына 2008 жылы көшірілген. Зообақта 2011 жылдың 1 желтлқсанына қарағанда барлығы 294 жануар болды.
Шығыс Қазақстан облысындағы Риддер қаласы Үлбі өзенінің Иванов белдеуінің етегінде орналасқан. 1786 жылы металдарға бай кен орнын бірінші ашқан тау-кен ісі көмекшісі Филипп Риддердің құрметіне Риддер деп аталады. Алтай металлургиялық зауыттарын рудамен қамтамасыз еткен,
Риддер—Шығыс Қазақстан облысының солтүстік-шығысындағы қала , темір жол станциясы. Іргесі 1784 жылы орыс инженер-технигі Ф.Риддер осы маңнан полиметалл кенін ашуына байланысты қаланды. 1941 жылға дейін Риддер, 1941— 2002 жылы Лениногорск деп аталған. 1917 жылға дейін қала шетел капиталистерінің қолында болған.
Зырян – Шығыс Қазақстан облысындағы Зырян ауданының орталығы, Өскемен қаласының шығысында, тау биіктерiндегi ойпанда, Березовка өзенiнiң Бұхтырмаға құяр жерiне таяу жерге орналасқан. Қала 1791 жылы полиметалл кен орнының бай қорын ашқан жұмысшы Герасим Григорьевич Зыряновтың есiмiмен аталған. Қала тарихы Зырян кен орнымен тығыз байланысты. Зырян руднигi өте жоғары қарқынмен дамыды.
1901ж. Өскемен қаласында "Ұлы мәртебелі императрица Марияның жеке кеңсе мекемелері» қайрымдылық оқу орындары жүйесіне кіретін Марийнск әйелдер училищесі салынды. Әр сыныпта екі баспалдақ болды, оқу 5-6 жылға созылды. 1912 жылдан бастап бастауыш училищелердің мұғалімдерін даярлайтын екі жылдық педагогикалық курстар жұмыс істей бастады. Бұл жерде 20-жж. ЕББ (ерекше бағыттағы бөлімдер) отрядының казармасы, балалар үйі, сонымен бірге А.В.Луначарский ат. ІІ баспалдақтағы қыздар мен ұлдарға арналған аралас мектебі болды.