1901ж. Өскемен қаласында "Ұлы мәртебелі императрица Марияның жеке кеңсе мекемелері» қайрымдылық оқу орындары жүйесіне кіретін Марийнск әйелдер училищесі салынды. Әр сыныпта екі баспалдақ болды, оқу 5-6 жылға созылды. 1912 жылдан бастап бастауыш училищелердің мұғалімдерін даярлайтын екі жылдық педагогикалық курстар жұмыс істей бастады. Бұл жерде 20-жж. ЕББ (ерекше бағыттағы бөлімдер) отрядының казармасы, балалар үйі, сонымен бірге А.В.Луначарский ат. ІІ баспалдақтағы қыздар мен ұлдарға арналған аралас мектебі болды.
50-ж. ортасында - Киров атындағы әйелдер мектебі, кешкі орта мектеп орналасты. 70 - ж. бұл ғимарат қалалық аурухана қызметін атқарды. 80-жылдардан күні бүгінгі күнге дейін Шығыс Қазақстан архитектура-этнографиялық және табиғи-ландшафт қорық-мұражайының көрме залдарының бірі.
Мұнда атақты жазушы-ертегіші А.М.Волков сабақ берген (1913-1915). П.Н.Кузнецов, Е.Н.Пермитин, «Звено Алтая» әдеби бірлестігінің мүшелері оқыған. Марийнск әйелдер училищесінің ғимараты Шығыс Қазақстан облысының Республикалық мәндегі тарихи және мәдени ескерткіштерінің мемлекеттік тізіміне енгізілген.