kl kz



>
Шығыс Қазақстан Интернетте
Мәдениеті мен өнері
Туристерге
Тарих беттерінен
Маңызды оқиғалар
«Туған өлкем – тұнған тарих» дәрістер циклы
ШҚО ауылдарының тарихы
Өскемен жайлы не білесіз?
Өскемен қаласының тарихы
Өскемен қаласындағы көшелер тарихы
Ескерткіштер
Аудан паспорттары
Шығыс Қазақстан облысы
Шемонаиха ауданы
Өскемен қаласы
Риддер қаласы
Алтай ауданы
Глубокое ауданы
Зайсан ауданы
Катонқарағай ауданы
Күршім ауданы
Марқакөл ауданы
Самар ауданы
Тарбағатай ауданы
Үлкен Нарын ауданы
Ұлан ауданы
Семей қаласы
Курчатов қаласы
Аягөз ауданы
Абай ауданы
Бесқарағай ауданы
Бородулиха ауданы
Жарма ауданы
Көкпекті ауданы
Үржар ауданы
Уланский район
Урджарский район
Шемонаихинский район
Алтын Алтай фольклоры
Алтай аңыздары
Шығыс Қазақстанның музыкалық мұрасы
Шығыс Қазақстанның әдеби мұрасы
Өлке табиғаты
Табиғи қорықтар
Табиғи ресурстар
Шығыс Қазақстанның 25 ғажайып орны
Шығыстың шипажайлары
Барлық-Арасан шипажайы
«Баян» шипажайы
Рахман қайнары
Уба шипажайы
Киелі орындар
Абылайкит
Берел қорымы
Қоңыр әулие үңгірі
Шілікті алқабы
Ашутас
«Алаш арыстары» үйі (Семей қ.)
Семей полигоны құрбандарына арналған «Өлімнен де күшті» монументі (Семей қ.)
Ф.М. Достоевскийдің әдеби-мемориалды үйі (Семей қ.)
«Абай-Шәкәрім» мемориалдық кешені
Қозы Көрпеш пен Баян сұлу мазары
Мұзтау
Шығыс Қазақстан соғыс жылдарында
Соғыс балалары
Кеңес Одағының батырлары
Ардагерлер еске алады
Соғысқа қатысушылар
Партизандар қозғалысы
Тылдағы аналар
Тылдағы ерен еңбек
30 - Гвардиялық дивизия
Брест қамалын қорғауға қатысқан шығысқазақстандықтар
Еңбек армиясы
Өлкетану альманағы
Өлкетану альманағы 2024
Өлкетану альманағы 2023
Өлкетану альманағы 2022
Өлкетану альманағы 2021
Өлкетану альманағы 2020
Өлкетану альманағы 2019
Өлкетану альманағы 2018
Өлкетану альманағы 2017
Өлкетану альманағы 2016
Өлкетану журналы 2014
Өлкетану альманағы 2015
Өлкетану альманағы 2013
Әріптестеріміздің шығармашылығы
Геология
Өлке зерттеушілері
Тарих. Этнография. Мәдениет
Қаламгерлер жайында
Білім беру
Ономастика
Дін
ҰОС жылдарында (1941-1945) ЕҢБЕК АРМИЯСЫ қатарында болған шығысқазақстандықтар
Бейнетоптама
Шығыс Қазақстан әдебиеті
Шығыс Қазақстанның әдеби және есте қаларлық орындары
Фэнзин фантастикалық журналы
Виртуалды көрмелер
Қ. Мұхамедханов: библиографиялық көрсеткіш
Экран дикторы

linka

Жалпы бізде белгісіз солдаттар жоқ,

Барлығының бар аты туған жылы.

Олар сонау

Қырық бірінші жыл құрбандары,

Олар сонау қырық бесінші жылдың құрбандығы.

Біз көтердік оларды белгісіз деп,

Белгілі   ерлігі мен болашағы үшін.

Олар   қайтадан оралды жер-су іздеп,

Туған елдің   қорғады ар-намысын.

Сырбай Мәуленов

zhantursynovӨткен 2020 жыл екінші   дүниежүзілік соғыстың аяқталғанына 75 жыл толса, биыл 2021 жыл   екінші   дүниежүзілік   соғыстың   басталғанына   80 жыл толады. КСРО бойынша 27 миллионнан астам адамның өмірін қиған бұл соғыс талай боздақты қыршыннан қиып, ананы жесір, баланы жетім етті. Қанды шайқастарға толы 1418 күн мен түн ешқашан ұмытылмайды. Осы жанкешті жойқынға КСРО халқымен бірге отанымыз, Қазақстан елі де жұдырықтай жұмыла қатысты. Еліміздің шығыс өңірінде орналасқан, туған өлкеміз Тарбағатай жерінен де соғысқа аттанған ер азаматтар, қан майданда ортақ жеңіс үшін аянбай арпалысып, қан төкті.

Деректер бойынша соғысқа 4831 тарбағатайлық қатысып олардың 1630 –ы соғыста қаза тапса, майданнан 1228-і аман оралды, ал 1973 боздақ хабарсыздар қатарында.

Тарбағатайлық жауынгерлер Москва, Ленинград, Сталинград, Курск, Тула, Азия және Европа елдерін азат етуде көптегенMedal шайқастарға қатысты. Неміс басқыншылары Ленинград, Москва, Сталинград бағытымен күшейе түскен кезде, ондаған қазақстандық жауынгерлер сол соғыс өртінің ішінде жүрді. Олардың  арасында тарбағатайлық жауынгерлердің де болғандығын   кейінгі ұрпақ, сол аталарымыздың айтқан естеліктері мен соғыстан келген хаттары және « қара қағаздары » арқылы білді. Өз жерлестерімен бірге менің атам  Жантұрсынов Қабидолда да соғысқа аттанып, отан қорғады.

Жантұрсынов Қабидолда 1908 жылы (құжат бойынша 1911 жыл) бұрынғы Семей облысы Зайсан уезі Маңырақ болысында, қазіргі Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай ауданы Жаңалық ауылында дүниеге келген. Осы өңірдегі Найман – Қаракерейден тарайтын , Байжігіт елі: алты Жұмық, бес Саты ішінде Есенгелді елінің Алпар-Сәрке ұрпағы. Атам дүниеге келген кезде ауылда мектеп болмағандықтан, өзі тұрған Жаңалық ауылына жақын орналасқан ірі елді мекен, Ақжар ауылына барып, сол жердегі бала оқытушыдан сабақ алып, сауатын ашқан. Ұжымдастыру кезеңі басталғанға дейін Жаңалық (Киров), Ақжар ауылдарында ауылшаруашылық жұмыстарын атқарған. Кейін есеп- қисап жүргізу ісін меңгеріп, ауыл, колхоздарда есепші  (бухгалтер) болып еңбек етті.

Ақжар ауылында балалар үйінің есепшісі болып қызмет атқару кезінде 1941 жылы 5 тамызда қызыл армия қатарына шақырылып, Владивосток қаласында әскери дайындықтан өткен соң, «Максим» станокты пулеметінің есепті бөлімше командирі (командир пулеметного расчета ) болып әскери қызметін атқарады.

1943 жылдың қараша айынан соғыста болып, Сталинград шайқасының Дон шебіндегі ұрыстарға қатысады. Сталинград қаласы азат етілгеннен кейін «IV ші Украина» майданының құрамында Қырым аймағындағы ұрыстарда болады. Ұрыс кезінде жақын жерден жарылған авиабомбаның қопарған топырағы астында қалып, ауыр жараланып контузия алады. Топырақ астында  қалып қойған оны басқа дивизия санитарлары тауып алып госпитальге жатқызады. Осы кезде атамның өз әскери құрамынан ауылға «қара қағаз» жолданады. Ауылдағы ағайындар атамның үйіне, қайғылы хабарды естіртуге барғанда, атамның әкесі олардың айтқанын қабылдамай, үйден қуып шығып, ұлым тірі ол аман келеді деген екен.

Атам соғыста алған жарасынан , жадысын жоғалтып , өткен өмірін айтып бере алмайтындай халге ұшырайды . Госпитальде ұзақ емделіп, алайда қалыпты күйге келмеген соң, өз өтінішімен қайта соғысқа баруға сұранады. Соғыста «I ші Прибалтика» майданына қатысады. Майдан кезінде жаяу әскерлер отыратын танк броньінде отырғанда, танк зеңбірегінен атылған оқтың даусынан, есте сақтау қабілеті қайта қалпына келе бастайды.

Zantursynov k«I-ші Прибалтика майданында » Литваны азат етуге қатысады. 1944 жылы 30 шілде де Литваның Кайданов уезі, Стефанова елді мекенін азат ету кезінде, бөлімше командирі ретінде,  бөлімшені білікті  басқара біліп, жеке өзі жаяу әскерлердің қозғалысына кедергі  келтірген, екі неміс мергенінің (снайпер) көзін жояды. Осы ерлігі үшін оны, гвардиялық полк басшылығы « Батылдығы үшін » ( За отвагу ) медальімен марапаттайды.

«I ші Прибалтика майданында», соғыстың соңғы жылында ең ұзақ жүріп, 103 күнге созылған әскери - саяси маңызы бар «Шығыс Пруссия операциясы » барысында: Неман өзенінен өту,Кенигсбергті алу шайқастарына қатысады. Осы ұрыстар кезінде, Пиллау портын алу барысында ауыр жараланып госпитальге түседі.Госпитальге түскен кезде атам, дәрігерлер алып, лақтырып тастайма деген оймен, бойтұмарын шайнап жұтып қойған екен. Госпитальдан емделіп шыққан соң 1945 жылдың қараша айына дейін Литва ССРі халық шаруашылығын қалпына келтіру ісіне қатысады.1945 жылдың қараша айының ортасында елге оралады.    

Атамыз соғыста «11 ші гвардиялық армия » сапында, жаяу әскер қатарында 3-ші атқыштар ротасының бөлімше командирі болған, әскери шені - гвардия  аға сержанты. Соғыста қан майданның қақ ортасында жүріп көптеген ірі шайқастарға қатысқан, ерге тән ерлік көрсеткен. Соғыста атқарған әскери қызметі мен көптеген   ұрыстарға қатысқаны үшін, жоғарғы бас қолбасшы И. Сталинның қолы қойылған бірнеше алғыс хаттар мен медальдар және орденмен   марапатталған. Олар: 

«Кенигсбергті алғаны үшін», «Германияны жеңгені үшін», «Ұлы Отан соғысындағы ерен еңбегі үшін», «Батылдығы үшін», «Маршал Г.К Жуков» медальі және «Отан соғысы» ордені мен жеңістің мерейтойлық медальдары.

Елге келген соң есепші қызметінде болып: Қазақстан, Өмірлік (Қабанбай), Ақмектеп ауылдарында, зейнет жасына дейін еңбек етеді. Бейбіт өмірде де табысты қызмет етіп, «коммунистік еңбек екпіндісі»  атағын иеленген. Бірнеше мадақтау қағаздары және есімі жазылған алтын қол сағатпен   марапатталған. Отбасында бала тәрбиелеп, немере сүйіп, ақ сақалды ата, ел ішінде ардақты ардагер   болды.

Біз үшін атамның немерелері, бала кезімізде атама, соғыстағы шайқастардың мерейтойлық құттықтаулары мен 23 ақпандағы мереке және 9 мамыр жеңіс күндері   берілетін түрлі мадақтаулар, әрі қызық, әрі мақтаныш болатын. Менің ерекше есімде қалған, сондай  марапаттың бірі, 1995 жылы жеңістің 50 жыл мерейтойына арналған сыйлық, президент Н.Назарбаевтың  құттықтауы жазылып, қолы қойылған қара түсті радиоқабылдағыш пен қолсағат еді.

Осылай ғұмыр кешкен ардагер атамыз 1998 жылы 90 жасында Ақмектеп ауылында дүниеден өтті. Ақмектеп  желтоқсан көтерілісінің құрбаны Сәбирә Мұхамеджанова туған ауыл.

Ер есімі ел есінде, жақсының аты – ғалымның хаты өлмейді дегендей  атамыздың есімі Ақмектеп ауылындағы  мектеп қабырғасында,  тарихшы мұғалім Күмісжан Жылқайдарованың «Жеңісті жақындатқан жерлестеріміз» атты кітапшасында және жеңістің 70 жылдығына арналған «Ешқашан ұмытылмайтын ерлікке тағзым» атты   аудандық тарихи танымдық кітапта жазылған. Ел басына күн туған сонау сұрапыл  заманда, ер азаматтық міндетін орындап, отан үшін от кешіп, ел қорғаған атамызды   біз әрқашан  мақтан етеміз.

Атамыз туралы деректер атамның кенжесі, ағам Жантұрсынов Мұратханның айтуы бойынша жазылды.

Otbasy

Майденгер Жантұрсынов Қабидолда атаның   немересі: Қуаныш Қабидолдин

ШҚО. Тарбағатай ауданы

Ақжар ауылы

   Абай атындағы орта мектебінің

шебер педагог санатындағы тарих пәні мұғалімі, магистрант.

Пайдаланылған әдебиеттер:

1. Ә.Қайырбаев. С.Тыныбаев. Барқытбелдің баурайында. Өскемен.1998ж.

2. К.Жылқайдарова. Жеңісті жақындатқан жерлестеріміз. Ақмектеп. 2005ж.

3. Ш.Көпшікпаева. Өшпес ерлік. Семей 2005 ж.

4. Тарбағатай газеті. №39  09.05.2013 ж.

5. Қазақ күнтізбесі Алматы. 2005 ж.

AbishӘбіш атам жеңісті де, кейінгі бейбіт өмірді де көріп, соғыстан кейін күйреген шаруашылықты қалпына келтіруге тер төгіпті

Жауыздықтың өрті лаулап, қаншама қандастарымыздың өмірін қиған соғыстың біткеніне 72 жыл болыпты. Менің Әбіш атам сол сұрапыл соғысқа қатысқандардың бірі еді. Ол жеңісті де, кейінгі бейбіт өмірді де көріп, соғыстан кейін күйреген шаруашылықты қалпына келтіруге тер төгіпті.

Әбіш атам 1910 жылы қазіргі Тарбағатай ауданының бұрынғы Максим Горький – қазіргі Жаңаауыл деген жерде дүниеге келген. Әкесі Салақбай, Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай ауданына тиесілі Сарықамыс қонысын мекен етіп, аумаққа белгілі түйеші болған деседі. Кезінде Сағындық ауылында болғанымда ауылдың Мағи деген ақсақалы Салақбайды білгенін айтып, мынадай әңгімесін жеткізді: «Бірде жоғалған жылқымды іздеп ел аралап жүрген едім, қалың тұманға тап болып жолдан жаңылдым. Келе жатсам алдымнан қалың түйенің келесі байқалды, иесі көрінбеді. Біреу келер деп ары күттім, бері күттім, түйелер қасына ешкім келмеді. Кешке түйелер өрістен қайта бастады, солармен қоса еріп, бір тамның маңайынан шықтым. Есік алдында ботаның өлексесін жеп жатқан бүркітті көзім шалды. Өзімнің де құс баптауға қызығуым бар-ды, сол көріністі көріп тамсандым. Үйден бір ақсақал шығып амандасып, жөн сұрады. Жағдайымды айтқанымда үйіне кіргізіп, қонақ болып кетуімді сұрады. Осылайша бір кеш атаңмен сұхбаттасқан едік. Мені жас демей қонақжайлық танытты».

Бұл сөздерден атамыз қарапайым түйеші болса да, елге сыйлы адам болғанын байқаймыз. Осындай ортада өскен атам Әбіш өз елінің патриоты болғаны анық.

Abish1Екі сыныптық білімі бар ол, соғысқа дейін Қызыл Әскер колхозында колхозшы-бригадир болып еңбек еткен.Abish2 1942 жылы қаңтарда мобилизация бойынша әскерге шақыртылған. Апам Баймолдина Әтимәнға Тарбағатай военкоматы тарапынан берілген анықтамада Салақбаев Әбіш 1942-1944 жж. Совет Армиясы қатарында қызмет еткенін және Ұлы Отан Соғысына қатысқандығын растап, 1965 жылы қайтыс болғандығын көрсеткен.

Қызыл әскер кітапшасына сәйкес, 144 танкіге қарсы артиллериялық атқыштар құрамында соғысқан. 1942 жылы Сталинград, 1943 жылы Смоленск, Витебск, 1944 жылы Белорус, Шығыс Пруссия, 1945 жылы Помераниядағы операцияларға қатысып, 1943 жылы 11 қазанда Сталинградты қорғаудағы ерлігі үшін «Ерлігі үшін» («За отвагу») медалімен және ерен ерлігі үшін 1944 жылы 9 тамызда «Қызыл жұлдыз» («Красная звезда») орденімен наградталған. Білетінміздей, Сталинград шайқасы Ұлы Отан Соғысындағы ең маңызды шайқастардың бірі. Бұл шайқасқа атамыздың да қатысқаны ұрпағына абырой, патриоттық үлгі-өнеге беретіні анық.

Апамнан атам соғыс туралы қандай естеліктер айтушы еді деп сұрағанымда: «Жарықтық, атаң ол туралы көп сөйлемейтін, тек соғыста Берлинге дейін жеткенін айтып отыратын» деп қысқа қайырды.

Сөзінің жаны бар шығар, себебі атамның қызыл әскер кітапшасында оның Польша жерлеріндегі операцияларға қатысқандығын растайтын жазбалар кездеседі. Апамыздың қолында майдангер атамыздың құнды бір жәдігері болды. Апамыз соңғы кезге дейін сақтап келген немістің үлкен күміс қасығын бізге табыстаған болатын. Қазір Әбіш атамның екі баласынан төрт немере, бес шөбере тарады.

Марқұм атамның рухы риза болып, жаны жәннәтта болғай!

Дархан ӘБІШЕВ, майдангер немересі


марқакөлдік Ұлы Отан соғысының ардагері Ибраев Құнапия туралы)

Ibraev k

Тарих көші үнемі жаңаланып отырады. Десе де ұмытылмайтын, ескірмейтін тарихи оқиғалар бар. Соның бірі әлемді дүр сілкіндіргенKynap1 екінші дүниежүзілік соғыстың қасіреті мен Ұлы Жеңістің қасиетін, батыр ағаларымыз бен апаларымыздың ерлігін ешкім де ешқашан да ұмытпақ емес. Солардың жанымен, қанымен, терімен, көз жасымен, күшімен, ісімен, ерлігімен, атаның туын жықпай, ананың намысы үшін туған жердің топырағын жауға таптатпай, еңіреп жүріп жауды жеңіп, тауын шағып, туын жығып, жеңістің таңбасын басқан күн - Жеңіс күні. Бұл күннің толғағы ащы болса да, халық үшін қуаныш болған күн. Сондықтан да бұл Ұлы мереке. Жеңіс жеңілдікпен келген жоқ.  Осы қан майданда мерт болған ерлердің рухына, бүгін арамызда асқар таудай болып жүрген аталарымызға бас иіп тағзым ету бүгінгі ұрпақтың парызы.

Ел тарихында Ұлы Отан соғысы деген атаумен қалған қанды кезеңде бір миллион екі жүз мыңнан аса қазақстандық жау оғына қарсы тұрған екен. Сол миллионның қай-қайсысы да өз алдына бөлек шежіре, өз алдына қайталанбас тарихи ерлік. Өйткені олардың әрқайсысы ел шетіне тұтқиылдан тиген жауды тықсырта жеңуге үлес қосты. Біздің әңгімемізге арқау болып отырған мақаламыздың өзегі-қарапайым қазақтың бір отбасынан шыққан  жандардың бірі, Ұлы Отан соғысының ардагері, әкеміз - Ибраев Құнапия Ыбырайұлы. 1917 жылы Шығыс Қазақстан облысының Марқакөл ауданында дүниеге келген. Төрт сыныптық білімі бар.  1939 жылдың 7-ші ақпанында Семей қалалық әскери комисариатының шақыртылуымен  Отан алдындағы азаматтық борышын өтеуге номері 543 –ші Гаубично атқыштар полкіне қабылданады. Азаматтық борышын өтеп, елге ораламын дегенде сұм соғыс басталып, майданға аттанады. Соғыстың басынан аяғына дейін қатысып, өзі қабылданған Гаубично атқыштар полкінде 1943 жылы құрылғы  командирі болып,  Ленинград қаласының блокадасын бұзуға қатысқан. Әкеміз соғыс даласында жауға қарсы қолданылатын 76 миллиметр гаубицаның атқышы болған. Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде, әсіресе кеңестік қарулы күштер үшін шешуші рөл атқарған бұл қару түрінің соғыс тарихында алатын орны бөлек еді. Ал қорғаныс саласының негізгі шабуылшы күші артиллерия екендігі белгілі. Атқыштар полкінің  құрамында соғыс жолын жалғастыра отырып, 1945 жылы Германияның Берлин қаласына дейін жеткен. Осы жылдың сәуір айында Берлин қаласының түбінде болған қанды шайқастардың бірінде оң қолынан жарақат алады.

 Соғыстан кейін 1946 жылы 15 мамырда КСРО Жоғары Кеңес Президимының   Жарлығымен қарулы күштер құрамынан босатылып елге қайтқан.

1946 жылы елге оралған майдангер әкеміз соғыстан кейінгі жылдары бейбіт елдің экономикасын қалпына келтіруге де өз үлесін қосты. Ол қалған ғұмырын ауыл шаруашылығы саласына арнады. Анамыз Күлшекермен отау құрып, алты бала - үш ұл, үш қыз тәрбиелеп өсірді.

Ол туралы замандастары «Бір қарағанда сұстылау, суық мінезділеу көрінетін майдангер шын мәнінде үлкен жүректі азамат»  еді деп еске алатын.    

Ұлы Жеңісті Берлиннің түбінде қарсы алған атамыз Құнапия Ыбырайұлының  кеудесі орден –медальдарға толы еді. «Ленинград қаласын қорғағаны үшін»(1942), «1941-1945 жылдары Ұлы Отан соғысында Германияны жеңгені үшін» (1945),  «Ленинград қаласының 250-жылдығынан естелік» (1957),  Ұлы Жеңістің 25, 40 жылдығына мерейтойлық медальдарымен, «Ұлы Отан соғысының 1-ші дәрежелі»  орденімен (1985), бейбіт өмірдегі еңбегі үшін «Еңбек Ері»  (1978) медалімен  марапатталған.

Біз үшін әкеміз өзі бір өмір мектебі еді. Балаларын жақсы адами қасиеттерге тәрбиелеп, ақыл-кеңес беріп, әрқашан да жақсылыққа бейім тұруға, айналасындағыларға көркем мінезбен үлгі бола білуге тәрбиеледі. Қамқорлық қасиетімен қашан да айналасындағыларға үлгі бола білді.   

Бүгінде Құнапия Ыбырайұлының артында жақсы аты, өнегелі жолы, мақтан тұтарлық ұрпақтары мен қан майдан даласында жасаған ерлік істері қалды. Біз артында қалған ұрпақтары әкемізді мақтан тұтамыз.

Бүгінгі ұрпақ тәуелсіз елде, бейбіт аспан астында өмір сүріп жатыр. Ел ертеңі үшін кеудесін от пен оққа тосып, осы күндерді сыйлаған, батыр ағаларымыз бен апаларымыздың ерлік істерін ешкім де, ешқашан да ұмытпақ емес.

Елдос Құнапия немересі

Dokum140 let pobedyZa pobedu nad GermanLeningradOrden1 step

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                

Ұлы Отан соғысына қатысушы Хамитова Кабира Тажитдинқызы туралы

(1921-2001)

Hamitova kХамитова Кабира Тажитдиновна 1921 жылы Шығыс Қазақстан (бұрынғы Семей) облысы Башкуль ауылында қарапайым шаруа жанұясында дүниеге келді.

1937 жылы Башкуль ауылындағы 7-жылдық мектепті аяқтап, Семей фармацевтикалық техникумға оқуға түседі. 1940 жылы техникумды үздік аяқтап Павлодар қаласындағы №1 дәріханаға жұмысқа орналасады.

Сұрапыл соғыс басталысымен, 1941 жылдың шілде айында әскер қатарына дәріханадан үш фармацепт, алты медикті бірден шақырып алды. Алдымен үш ай Чита қаласында, ары қарай Улан-Удэ қаласында №120 санитарлық поезд жасақталды. Кабира поездағы дәріхана басшысының қызметін атқарды. Екі айдан кейін дәрігерлер толық жиналған соң майдан даласынан жаралы жауынгерлерді таси бастады. Санитарлық поезд деген сол госпиталь - жаралы жауынгерлердің жарасын таңып, ем-домын жасап, қажет болса операция да жасалатын.

 Жаралыларды әр жерден - Мәскеу түбінен, Архангельск, Петрозаводск, Вологда т.б қалалардан жинаған. Жау көзіне түспеу үшін, бомбалаудан қашып, жаралыларды түні бойы жинап, Новосібір, Иркутск, Томск, Омск сияқты майдан шебінен алыс қалалардың госпиталіне әкеліп отырған. 1942 жылдың мамыр айында Кабираны Архангельк қаласына Курскден эвакуацияланған гарнизондық №397 госпитальға ауыстырып жібереді. Қарулас достарынан бөліну, күндіз-түні бомбылауға ұшыраған қала госпиталінде жұмыс істеу жас қызға өте ауыр тиді. 1943 жылы госпитальмен қоса оларды Курскіге қайта ауыстырды. Дәл сол кезеңде Орлов – Курск иінінде кескілескен ұрыс жүріп жатты. Госпиталь Курскіге жете алмай қала түбіндегі бір деревняда жасақталып, бір ай бойы жаралы жауынгерлерді қабылдады. Шайқастың күштілігі сондай, күніне госпитальға 1000-нан артық жаралы жауынгерлер жеткізіліп тұрды.

Неміс фашистерінің қатігездігінде шек жоқ, Кеңес Одағының солдаттарына әрдайым оқыстан қиындықтар туғызып отырды. Жеңіліске ұшырап шегінгенHamitova 1945 кездерінде де селолардың құдықтарын қиратып, суларын улап кетіп отырды. Ауыз судың өзін бірнеше шақырымнан тасуға тура келетін. Неміс самолеттері госпитальді жиі бомбылап, атқылайтын. Қысылтаяң кездерде жаралы жауынгерлерді өздерімен бірге ала жүріп қауіпсіз жерге тығылатын. Қолайсыз жағдайларға қарамастан, зуылдаған оқ астында ауыр жарақаттанған жауынгерлерге алғашқы көмек көрсетіп, тіпті палатканың астында операциялар жасауға тура келді. Жеңіске жету үшін өз жандарын аямай қан майданда қаншама жауынгерлер ерлік жасады. Ал ақ халатты абзал жандар жеңісті жақындатуға күш-жігерлерін аямады, қаншама жаралы солдатқа өмір сыйлады.

Hamitova gospitalЖауынгерлерді емдеп, қатарға тұрғызу үшін күніне 16–18 сағатқа дейін жұмыс істеп, ерен еңбек үлгісін көрсетті.  Немістерді шегіндіре отырып, майдан даласы батысқа жылжып, Курск қаласы фашизмнен тазартылды. Қыркүйек айында әскери госпиталь Курск қаласына келіп орнықты.

Көптен күткен Ұлы Жеңісті Курск қаласында қарсы алған Кабира апа елге 1947 жылы аман-есен оралыпты. Кабира апамыз 1986 жылы зейнеткерлікке шыққанға дейін Бесқарағай ауылында дәріханада қызмет атқарды. Соғыстан кейін соғыс ардагері Кайрмагамбетов Темірбек деген азаматпен бірге абыройлы жанұя құрып, екі бала тәрбиеледі.

Соғыс жылдарындағы ерліктері үшін «ІІ дәрежелі Отан соғысы» орденімен, «Ерен еңбегі үшін» медалімен және «Денсаулық сақтау саласының үздік қызметкері» төсбелгісімен марапатталды. Ұлы Отан соғысы жылдарында қаһармандық пен қайсарлықтың зор үлгісін көрсете білген ақ халатты абзал жан Кабира Тажитдиновна Хамитова 2001 жылы 15 қазанда қайтыс болды.

Hamitova kollHamitova kabir

М.О. Әуезовтың өмірі мен шығармашылығына байланысты викторина біліміңді тексер

Викторина!

pllinkz

А.С. Пушкин атындағы Шығыс Қазақстан облыстық кітапханасы

шығыс қазақстан әдеби картасы

Шығыс Қазақстан танымал есімдер

addressbook001

addressbook002

© А.С. Пушкин атындағы Шығыс Қазақстан Облыстық Кітапханасы | Восточно-Казахстанская областная библиотека имени А.С. Пушкина. 1998-2024
Besucherzahler
счетчик посещений