«Уба» шипажайы Өскемен қаласынан 80 шақырым жерде Шемонаиха ауданының Выдриха ауылындағы Уба өзенінің бойында орналасқан. 2002 жылдан бастап қызмет көрсетеді. Мекеменің жалпы емдеу кешенінде табиғи факторлар (емдік батпақ) және климаттық емдеу кеңінен қолданылады. Емдік терренкурлар ұйымдастырған, шипажайда емдеу-диагностикалық кабинеттер бар: массаж, ЛФК, физиялық емдеу, ингалятор. 2015 жылы 16 қазандағы «Мейірімділік» айы аясында Шемонаиха ауданының Усть–Таловка кентінде «Уба» шипажайының қосымша 50 орындық филиалы ашылды. Енді қосымша 1150 адамды қамтиды.
Выдриха ауылының тарихы заманында су тышқаны тектес «выдера» деген аңның құрметіне қойылған көрінеді. Терісі бағалы бұл аң бүгінде, өкінішке қарай, құрып біткен. «Уба шипажайының тарихы сонау 1973 жылдан басталады. 2023 жылы өзінің 50 жылдық мерей тойын атап өтті. 1973 жылы облыс колхоздарының кооперациялық қаржысы есебінен «Уба» деп аталатын санаторий салынған екен. Содан бұл емдеу орны ширек ғасыр бойы дүркіреп жұмыс істеп тұрған. Алайда, кезінде мызғымастай көрінген сол алып империя ыдырап тынып, балапан басына, тұрымтай тұсына дейтін қысылшаң кезде әлгі санаторий жабылып қалған.
Елбасымыздың соғыс және тыл ардагерлеріне, жалпы мүгедек жандарға, зейнеткерлерге қамқорлықты күшейту жөніндегі Жарлығына орай арнайы бағдарлама жасалады.
«Қазақстан Республикасындағы мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» 1991 жылғы 21 маусымдағы Қазақстан Республикасының заңына, Мүгедектерді оңалтудың 2002-2005 жылдарға арналған бағдарламасы туралы «Қазақстан Республикасы үкіметінің 2001 жылғы 29 желтоқсандағы N1758 сәйкес ардагерлерді, мүгедектерді шипажайлық сауықтыру және оңалту мақсатында 2002 жылғы 21 ақпанда N91 қаулыға сәйкес Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің қолдауымен 100 төсектік шипажайды қайта жаңғырту басталды.
2003 жылдың маусым айында облыстық еңбек жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау басқармасының басшылығымен «Уба шипажайы» ММ Ұлы Отан соғысына қатысушыларына, тыл еңбеккерлеріне, мүгедектерге, интернационалист-жауынгерлерге, зейнеткерлерге есігін айқара ашты.
2011 жылы 100 төсектік жаңа қосымша жатын корпусының құрлысы басталып, 2012 жылы пайдалануға берілді.
2014 жылдың шілде айынан «Шығыс Қазақстан облысының қаржы басқармасы» ММ бұйрығына сәйкес «Уба шипажайы» КММ теңгеріміне Шығыс Қазақстан облысы, Шемонайха ауданының Усть-Толовка кентінде орналасқан 50 төсектік «Ивушка» профилакториясының мүліктік кешені қабылданды.
Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 15.09.2011 жылғы N196 қаулысымен «Уба шипажайы» Мемлекеттік мекемесі Шығыс Қазақстан облысының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасының «Уба шипажайы» коммунальдық мемлекеттік мекемесі болып өзгертілді.
Шипажайда қызмет көрсетілетін адамдардың жалпы саны бір келуде 250 адамды құрайды. Бір жылда 6000 адам денсаулығын түзейді.
Әдебиет - Литература
Убадағы жасыл қала - Шемонаиха = Шемонаиха тополиный город на убе [Мәтін]. - Шемонайха : б. ж., [200?]. - 21 б.
Христич Е. "Уба" санаторийі [Мәтін] : [Шемонайха ауданындағы "Уба" санаторийі жайлы] / Е. Христич // Коммунизм туы . - 1982. - 9 июль
Сейсенұлы Д. Қарттарға қамқорлық деп осыны айт [Мәтін] / Д. Сейсенұлы // Егемен Қазақстан. - 2011. - 17 желтоқсан.- Б.15.
Елубай, О. Тәнге шипа, емге дауа [Мәтін] : "Уба" шипажайында өткен жылы 2276 ардагер денсаулықтарын түзеп қайтты / О. Елубай // Егемен Қазақстан. - 2013. - 21 ақпан.- Б.10.