«Ашутас» геологиялық-палеоботаникалық табиғи ескерткіш
Географиялық орны:
Шығыс Қазақстан облысы Күршім ауданынан 155 шақырымдай жерде орналасқан.
Маршрут:
2.Ертіс өзенінен Паром өткелімен өту.
3. Әрі қарай Күршім селосына дейін автомобиль жолы бар.
4. Күршім селосынан шыққан тасжол - Марқакөл, Қытаймен шекараға дейін созылған. Қалжыр өзенінің (Боран ауылы) көпірінен өткен соң 10 шақырым жүріп барып, оңға жол кетеді. Ашудас адырлары жол бойынан –ақ көзге түседі.
Ашутас Қара Ертістің оң жағалауында таудың оң жақ баурайында Боран ауылынан 18 шақырымға биік орналасқан. «Ашутас» геологиялық-палеоботаникалық табиғи ескерткіші мемлекет қорғауындағы үштік дәуірдің зор ғылыми маңызға ие үйінділері болып табылады.
Ашутас Зайсан және Күршім аудандарының аумағында орналасқан. ШҚО-дағы тарихи байырғы тропиктердің қандай болғандығын ғалымдар Ашутастан сол кездегі өсімдіктер тозаңы табылғаннан кейін жорамалдай алды. Бұл табиғи ескерткіштің ауданы 150 гектарды құрайды. Өз атауын ол көмірленген өсімдік қалдықтарынан бөлінетін күкірт иісіне байланысты алған. Ашутас қазақ тілінде ащы тас дегенді білдіреді. Ашутас басқа ешбір жерде кездеспейтін қазіргі сирек өсімдіктерімен әйгілі. Палеоботаник ғалымдар ол жерлерден жапырақтар мен мәңгі жасыл субтропикалық өсімдіктер тозаңдарының тасқа айналған іздерін тапқан, олардың ішінде мерей мен магнолия сынды ағаш тәріздес өсімдіктер, сондай-ақ жылу сүйгіш термиттердің, инеліктердің, өзеншіктердің және басқа да жәндіктердің іздері табылған. Осы олжалардың барлығы осы аймақтың 25 миллион жыл бұрын болған субтропиктік климаты туралы мәлімет береді.