kl kz



>
Шығыс Қазақстан Интернетте
Мәдениеті мен өнері
Туристерге
Тарих беттерінен
Маңызды оқиғалар
«Туған өлкем – тұнған тарих» дәрістер циклы
ШҚО ауылдарының тарихы
Өскемен жайлы не білесіз?
Өскемен қаласының тарихы
Өскемен қаласындағы көшелер тарихы
Ескерткіштер
Аудан паспорттары
Шығыс Қазақстан облысы
Шемонаиха ауданы
Өскемен қаласы
Риддер қаласы
Алтай ауданы
Глубокое ауданы
Зайсан ауданы
Катонқарағай ауданы
Күршім ауданы
Марқакөл ауданы
Самар ауданы
Тарбағатай ауданы
Үлкен Нарын ауданы
Ұлан ауданы
Семей қаласы
Курчатов қаласы
Аягөз ауданы
Абай ауданы
Бесқарағай ауданы
Бородулиха ауданы
Жарма ауданы
Көкпекті ауданы
Үржар ауданы
Уланский район
Урджарский район
Шемонаихинский район
Алтын Алтай фольклоры
Алтай аңыздары
Шығыс Қазақстанның музыкалық мұрасы
Шығыс Қазақстанның әдеби мұрасы
Өлке табиғаты
Табиғи қорықтар
Табиғи ресурстар
Шығыс Қазақстанның 25 ғажайып орны
Шығыстың шипажайлары
Барлық-Арасан шипажайы
«Баян» шипажайы
Рахман қайнары
Уба шипажайы
Киелі орындар
Абылайкит
Берел қорымы
Қоңыр әулие үңгірі
Шілікті алқабы
Ашутас
«Алаш арыстары» үйі (Семей қ.)
Семей полигоны құрбандарына арналған «Өлімнен де күшті» монументі (Семей қ.)
Ф.М. Достоевскийдің әдеби-мемориалды үйі (Семей қ.)
«Абай-Шәкәрім» мемориалдық кешені
Қозы Көрпеш пен Баян сұлу мазары
Мұзтау
Шығыс Қазақстан соғыс жылдарында
Соғыс балалары
Кеңес Одағының батырлары
Ардагерлер еске алады
Соғысқа қатысушылар
Партизандар қозғалысы
Тылдағы аналар
Тылдағы ерен еңбек
30 - Гвардиялық дивизия
Брест қамалын қорғауға қатысқан шығысқазақстандықтар
Еңбек армиясы
Өлкетану альманағы
Өлкетану альманағы 2024
Өлкетану альманағы 2023
Өлкетану альманағы 2022
Өлкетану альманағы 2021
Өлкетану альманағы 2020
Өлкетану альманағы 2019
Өлкетану альманағы 2018
Өлкетану альманағы 2017
Өлкетану альманағы 2016
Өлкетану журналы 2014
Өлкетану альманағы 2015
Өлкетану альманағы 2013
Әріптестеріміздің шығармашылығы
Геология
Өлке зерттеушілері
Тарих. Этнография. Мәдениет
Қаламгерлер жайында
Білім беру
Ономастика
Дін
ҰОС жылдарында (1941-1945) ЕҢБЕК АРМИЯСЫ қатарында болған шығысқазақстандықтар
Бейнетоптама
Шығыс Қазақстан әдебиеті
Шығыс Қазақстанның әдеби және есте қаларлық орындары
Фэнзин фантастикалық журналы
Виртуалды көрмелер
Қ. Мұхамедханов: библиографиялық көрсеткіш
Экран дикторы

linka

Зайсан ауданы

Зайсан ауданы - Шығыс Қазақстан облысының қиыр шығысында орналасқан.

Батысында – Тарбағатай, солтүстігінде – Күршім, шығысымен мен оңтүстігінде – Қытай Халық Республикасының Синьцзян өлкесімен шекаралас орналасқан.  Жер аумағы 9,1 мың км2. Тұрғыны 38,9 мың адам, орташа тығыздығы 1 км2-ге 4,2 адамнан келеді (2008). Аудан құрамындағы 42 елді мекен 1 қалалық, 8 ауылдық әкімшілік округке біріктірілген. 
Аудан - ауыл шаруашылығы бағытында жұмыс істейді. Мал, егін шаруашылықтарымен қоса, ірі бау – бақша мен жеміс – жидек дақылдарымен өркендеп, мол табыстарға ие болған өлке. Сонымен қатар, халық тұтынатын тауарлардың бірі – көмір мен минералды емдік су өндірумен айналысады.
 
Зайсан жерінде өзіндік сәулеткерлік нақышымен айшықталған, осы күнге дейін көрік беріп тұрған Татанов, Бекшентаев, Әбілханов, Мергенбаев, Манапов, Ерзин, Тоқсанбаев, Бобкин салдырған үйлердің салыну өрнегі ғажап-ақ, бір ғасырдан асса да әлі өңінберер емес.
1946 жылы Зайсанда кәсіби театр құрылып, оның бірінші директоры - Мейірман Спамбетов тағайындалды.
 
1960 жылы аудандық мәдениет үйінің жанынан халық театры құрылды, оған «Халық театры» деген атақ беріліп, ауданның бір топ талантты жастары Москвадағы Кремль сахнасында да өнерлерін көрсетіп қайтқан. 

Ауданның аумағы су ресурстарына бай.  Басқы су артериясы Қара Ертіс болып табылады. Оған Үйдене, Жеменей, Кендірлік және басқа тау өзендері келіп құяды. Бұдан басқа ұсақ көлдер, су қоймалары бар, оның ішінде ең үлкені Үйдене су қоймасы.
 
Аудан климаты тез континентальді, ауа температурасының маусымдық және орташа жылдық өзгерісі үлкен амплидулалы.

Зайсан - қазба байлықтардың таусылмас қоймасы. Соның бірі - 4 млрд. тонна мөлшерінде қоры бар Кендірлік көмір кені. Сонымен қатар сланцтың, газ, құрылыс материалдарын өндіруге қажетті шикізат қоры бар.
 
Аудан өміріндегі ең ауыр және жауапты болған кезең – Ұлы Отан соғысы жылдары болды. Майданға – 6569 және еңбек армиясына – 1099 зайсандықтар аттанған. 2595 адам майданда қаза болды. Полковник В.Е.Головченко Кеңес Одағының Батыры атағын алса, сержант Манап Әубәкіров Даңқ орденінің толық иегері болды.
 
Зайсан жері дарындылардан ешқашан кенде болмаған. Бізде ел басқарған Халит, Бұтабай, Зейнолла, Ақбай тәрізді болыстар, Шұлғаубайдай шешен, Бұланбайдай палуан, Қоңыр, Ақыштай қажылар, елді аузына қаратқан билер шыққан. Жыр алыбы Жамбылдың өзі Шөжемен қатар қойған Ноғайбай ақынды Мәскеу университетінің профессоры Ивановский бүкіл Ресейге әйгілеп, талантына тәнті еткен. Ал, бүгіндер Зайсан тумалары Есет, Әубәкір, Тоқтарбек, Ұлықбек, Асқар, Нұрлан, Марат, Кәдірбек, Гүлнәр, Советхандар қазақ әдебиетінің алғы легінде тұр.
 
Зайсан – Ресей мен Қытай арасын жалғастыратын алтын көпір болған ұлы керуен жолы. Қазақстан Республикасының тәуелсіздік алуымен елімізде кеден қызметі жолға қойылған. 1992 жылдың мамыр айынан бастап, Шығыс аймақтық кеденіне қарасты «Майқапшағай» кеден бекеті құрылды. Сондай-ақ, 2006 жылдың сәуір айынан бастап, «Майқапшағай-Жеменей» шекара сауда орталығы ашылған.
 
2003 жылы Зайсан өңірінің Шілікті ауылында Қазақстан археологтарының қазба жұмыстарының негізінде, «Шілікті қорғаны»,  табылды. Онда ежелгі Сақ тайпасының «Алтын адамы» жауынгері табылды.


Интернет-ресуртар: 

Шығыс Қазақстан облысы Зайсан ауданы әкімінің ресми сайты -http://www.zaysan.vko.gov.kz/kaz/ (14.02.2012). 
Шығыс Қазақстан облысы әкімінің ресми сайты. Билік құрылымы. Атқарушы билік. - http://www.akimvko.gov.kz/ru/rule1_11.htm (14.022002).
Шығыс Қазақстан облысының мұрағаттық қызметі.Өлкетану -http://www.arhiv.vko.gov.kz/region_07.htm (14.02.2012).
Зайсан // Планета приключений: отдых, туризм, активные туры в Восточном Казахстане. –  http://www.adventa.kz/?page=borod (14.022002).
Зайсан ауданы // Департамент статистики ВКО. Регионы. -   http://www.shygys.stat.kz/reg/bor.html (14.02.2012).


Библиография:

Зайсан [Мәтін] : тарихи-танымдық фотоальбом. M-BOOK «Өлкетану» - Алматы : Елнұр, 2008. - 207 б.
Шығыс Қазақстан облысы археологиялық ескерткіштерінің тізбесі [Мәтін]. - Өскемен : [б. ж.], 2006. - 264 б.
Шығыс Қазақстан облысының ономастикалық атауларының көрсеткіш-анықтамалығы [Мәтін]. - Өскемен : Рекламный Дайджест, 2008. - 136 б.
Алтыбаев Қ. Атамекен Зайсан [Мәтін] / Алтыбаев Қ. - Өскемен : Реклама-Дайджест, 2006. - 505 б.
Алтыбаев Қ. Зайсан өрнектері [Мәтін] : Сөзжұмбақтар: Т. 1. Т.1, 2000
Байбатыров Ғ. Зайсан тарихы [Мәтін] : Оқулыққа қосымша / Байбатыров Ғ. - Өскемен : Б.ж., 2003. - 180 б.
Байбатыров Ғ. Шежірелі шығыс өңірі [Мәтін] / Байбатыров Ғ. - Өскемен : [б. ж.], 2006. - 124 б.
Зайсан асулары [Мәтін] : (Зайсан ауданының құрылуына 70 жыл толуына арналған тарихи-публицистикалық очерктер). - Алматы : Баспа, 1998. - 190 б.
Қайсенов З. Шығыс Қазақстан облысының тарихи очерктері [Мәтін] / Қайсенов З. - Өскемен : [б.ж.], 2007. - 334 б.
Оспанова Р.Р. Зайсан қаласы мен аттас уезінің қалыптасуы және даму тарихы (1868-1917 ж.ж.) [Мәтін] / Оспанова Р.Р. - Алматы : Б.ж., 2004. - 31 б.
Шығыс Қазақстан облысы археологиялық ескерткіштерінің тізбесі = Cвод археологических памятников Восточно - Казахстанской области [Мәтін]. - Өскемен; б. ж. : [б. ж.], 2006. - 254 б.
Әділет жолында [Мәтін] : Шығыс Қазақстан облысы соттарының құрылғанына 70 жыл / ред. басқарған Б. Д. Мақұлбеков ; ред. В. П. Алексеева. - Өскемен : Медиа-Альянс, 2009. - 242 б.
Жеңсеханов , Манатбек. Шежірелі Зайсан [Электрондық  ресурс] : [Зайсан өңірінен шыққан батырлар мен балуандар, ғалымдар мен қоғам қайраткерлері, өнер иелері мен ақын -жазушылар туралы сөз қозғалады. ] / М. Жеңсеханов . - Семей : Азербаева К., 2004. - 158 б. с.
Ысқақова Г. Б. Зайсан ауданының географиясы [Электрондық ресурс] : [Жалпы білім беретін мектептің 8-9 сыныптарына арналған оқу құралы] / Г. Б. Ысқақова. - Алматы : [б. ж.], 2010. - 112 б. с.
Қазақтың құт қонған Зайсаны [Электрондық ресурс] : [кітап тәуелсіздіктің 20 жыл ішіндегі Зайсан ауданының тыныс тіршілігіне арналады.] / құраст. Б. Жапаров . - Өскемен : Рекламный Дайджест, 2011. - 456 б. с.
Қазақстанның өзен-көлдері [Мәтін]. - Алматы : Аруна, 2003. - 10 б.
Сәбеков, Асылбек. Атадан ұл туса игі... [Электрондық ресурс] : [Ұзақ жылдар басшылық қызметте болған А. Сәбеков тұтас бір дәуірдің портретін жасауға ұмтылған. Зайсан, Күршім аудандарының өсу- өркендеу жолына тоқталады. ] / А. Сәбеков. - Өскемен : Медиа -Альянс, 2005. - 266 б. с.
"Мансарда" : поэт Евгений Курдаков. Зайсанские зарисовки : журналист вернулся из командировки  [Электронный ресурс] : документальное кино. - Усть-Каменогорск : ВКТВ, 2007

Шығыс Қазақстан табиғаты [Изоматериал]. - Өскемен : Автор-К, 2009. - 15 б.
Шығыс Қазақстан табиғаты [Альбом] : фотоальбом. - Өскемен : Digilife, 201?. - 72 б.

М.О. Әуезовтың өмірі мен шығармашылығына байланысты викторина біліміңді тексер

Викторина!

pllinkz

А.С. Пушкин атындағы Шығыс Қазақстан облыстық кітапханасы

шығыс қазақстан әдеби картасы

Шығыс Қазақстан танымал есімдер

addressbook001

addressbook002

© А.С. Пушкин атындағы Шығыс Қазақстан Облыстық Кітапханасы | Восточно-Казахстанская областная библиотека имени А.С. Пушкина. 1998-2024
Besucherzahler
счетчик посещений