Күршім ауданы
Өскеменнің ар жағында, Бұқтырманың оңжағында әлемге аян Алтай бар. Сол Алтайдың күнгейінен құбыла жаққа құлай аққан, құлай ағып Ертіс түскен, күр-күр еткен Күршім бар.
Алтай Күршім не заманнан қалың Найман мекені. Сол Алтаймен сол Күршімнің қысы қыспақ, жазы самал, күн жылт етсе төрт түлік мал қарағайлы Қарт Алтайдың, Алтай сынды анасының көкірегін аймаласып, тыраңдасып, мәйек басып, мамырласып жатқаны.
Қарт Алтайдың қақ басында, алақанның аясында, бал татыған айна сулы, түрі де аспан, сыры да аспан, шарап сулы Марқакөлі. Марқакөлді алқалаған, ақ ауылды Алтай елі. Алтай елі- алтай жазы тау еркесі- киік болып, өзге елдерден биік болып, Марқакөлдің самалына сайран етіп жатқаны... .
Жүсіпбек Аймауытов. «Ақбілек» романы, 1928 жыл.
(Алматы, Жібек жолы баспа үйі, 2003 жыл)
Қазіргі Шығыс Қазақстан облысың аумағы соңғы жүз жылда талай әкімшілік-аумақтық реформаны бастан өткізді. Алтай-Күршім, Нарым, Бұқтырма уезінің Тимофеев болысының бір бөлігінен, Зайсан уезінің Дарственное, Нарым болыстарынан, Өскемен уезінің Бөкен болыстарының бір бөлігінен 1928 жылы «жинақталып» құралған Күршім ауданы Семей округінің 23 ауданының бірі болып бекіді.Округтік орталығы Семей қаласы, ал әкімшілік орталығы болып Кұмаш ауылы белгіленді.
Омар болыстың басқаруы кезінде, 1898 жылы Құмаш атты татар саудагері осы жерде дүкендер, қоймалар, саман үйлер салып жаңадан қаланған мекен саудагер атымен «Кумашкино» аталды. Күршім ауылы орналасқан жердің тарихи атауы «Ақарал» (кейбір деректерде Қарашілік).
1965 жылы Құмаш аулы Күршім селосы болып өзгертілді
ҚР Президентінің 1997 жылдың 23 мамырындағы Жарлығымен Марқакөл ауданының жері Күршім ауданымен біріктіріліп, Күршім ауданы деп атала бастады. Жер көлемі 23,2 мың шаршы километр.
Әкімшілік орталығы Күршім ауылы облыс орталығынан және ең жақын темір жол станциясы «Защитадан» 218 километр қашықта орналасқан Ауданның аумағы 23,2 шаршы километрге тең. Ауданның әкімшілік-территориялық құрылымы 12 ауылдық округ немесе 61 ауылдық елді мекеннен тұрады. Аудан халқы 40,2 адамды құрайды, тығыздығы – 1 шаршы километрге 1,7 адамнан келеді.
Аудан Шығыс Қазақстан облысының Көкпекті, Катон-Қарағай аудандарымен және Қытай Халық Республикасымен шекараласады. Климаты шұғыл континентті. Қыста аяз 0-ден төмен 50 градусқа дейін жетсе, ал жазда термометр бағанасы, керісінше, 50 градусқа дейін көтеріледі.
Тамылжыған табиғат аң мен құстың, дәрілік шөптер мен ағаш түрлерінің мәңгілік ордасындай Марқакөл туралы аңыз көп. Азу таудан әрі асып, Мәрмәр таудан қиялай өтсеңіз көз жасындай мөлдіреп атақты Марқакөл жатыр.
1976 жылы Қазақстан Алтайында 71400 га аумақты қамтитын Марқакөл Мемлекеттік қорығы ұйымдастырылды.
·
Күршім өңірі бағзы заманнан бері өмір сүрген көшпелі қауымның ата-мекені болды Археологиялық зерттеулер барысында ауданда 183 археологиялық жәдігер анықталды. Мысалы, Бурабай маңындағы жәдігерлер 54 қорғаннан тұратын, ұзыннан ұзақ созылған қорғандар тобын құрайды, ал Түлкіне шоқысының петроглифтері немесе Нарбота шатқалының, Қалжыр өзені аңғарының, Қарасеңгір тауының петроглифтері тәрізді жартасқа салынған бейнелер 1,5-2 шақырым жерге дейін созылып жатқан көне ата-бабаларымыздың тұрағы екені сөзсіз.
XVIII ғасырда өмір сүрген Қабанбай, Бөгенбай сияқты батырлардың үзеңгілес досы Көкжарлы Көкжал Барақ батыр , Танаш, Күркебай сияқты ел қорғаған батырлар осы өңірдің тумалары.
Ұлы Отан соғысында ерекше көзге түсіп, Кеңес Одағы батыры атағын алған Василий Бунтовских , Павел Журба есімдері ел есінде мәңгі сақталмақ.
Күршім,Марқа өңірі таланттарға бай. Досхан Жолжақсынов, режиссерлар Марат Сақатов, Тоқтаубек Әлдиев, әртіс Уәйіс Сұлтанғазин, әншілер Келденбай Өлмесеков, Дауыл Хайруллин, философ, әдебиеттанушы, сыншы Сәбетқазы Ақатай, ақын А. Егеубаев, жазушы Асқар Алтай, Тұрысбек Сәукетаев, КСРО Халық мұғалімі Қ. Нұрғалиев сияқты жерлестерін мақтан тұтады.
Интернет-ресурстар:
Күршім аудын әкімінің ресми сайты
Шығыс Қазақстан облыстық статистика департаментінің сайты
Шығыс Қазақстандағы әдемі көлге саяхат (Марқакөл)
Библиография:
Шығыс Қазақстан облысы археологиялық ескерткіштерінің тізбесі [Мәтін]. - Өскемен : [б. ж.], 2006. - 264 б.
Боздақтар=Книга памяти [Текст] : 1941-45 ж.Ұлы Отан соғысы жеңісінің 50 жылдығына арналады = Посвящается 50-летию Победы в ВОВ 1941-1945г. / . - Алматы : Қазақ энциклопедиясы, 1998 - Т.3 : Шығыс Қазақстан облысы=Восточно-Казахстанская область. - 728 с. - ISBN 5-89800-106-9. - ISBN 5-89800-063-1 : 250.00 тен.
Кітапбаев Б. Шежіре [Мәтін] / Кітапбаев Б. - Алматы : Қайнар, 1994
Кітапбаев Б. Шежіре [Мәтін]. 2-ші бөлім : Тоғыз таңбалы Найман, 1994. - 275 б.
Ыбыраев Ж. Алтай шұғыласы [Мәтін] / Ыбыраев Ж. - Алматы : Қазақстан, 1976. - 192 б.
Ыбыраев Ж. От жүректі чекистер [Мәтін] / Ыбыраев Ж. - Алматы : Қазақстан, 1978. - 167 б.
Әділет жолында [Мәтін] : Шығыс Қазақстан облысы соттарының құрылғанына 70 жыл / ред. басқарған Б. Д. Мақұлбеков ; ред. В. П. Алексеева. - Өскемен : Медиа-Альянс, 2009. - 242 б.
Шығыс Қазақстан табиғаты [Фотоальбом] / суретші. Н. Бегун. - Өскемен : Рекламная компания Позитив, 2010. - 139 б
Сәбеков, Асылбек. Атадан ұл туса игі... [Электрондық ресурс] : [Ұзақ жылдар басшылық қызметте болған А. Сәбеков тұтас бір дәуірдің портретін жасауға ұмтылған. Зайсан, Күршім аудандарының өсу- өркендеу жолына тоқталады. ] / А. Сәбеков. - Өскемен : Медиа -Альянс, 2005. - 266 б. с.