kl kz



>
Шығыс Қазақстан Интернетте
Мәдениеті мен өнері
Туристерге
Тарих беттерінен
Маңызды оқиғалар
«Туған өлкем – тұнған тарих» дәрістер циклы
ШҚО ауылдарының тарихы
Өскемен жайлы не білесіз?
Өскемен қаласының тарихы
Өскемен қаласындағы көшелер тарихы
Ескерткіштер
Аудан паспорттары
Шығыс Қазақстан облысы
Шемонаиха ауданы
Өскемен қаласы
Риддер қаласы
Алтай ауданы
Глубокое ауданы
Зайсан ауданы
Катонқарағай ауданы
Күршім ауданы
Марқакөл ауданы
Самар ауданы
Тарбағатай ауданы
Үлкен Нарын ауданы
Ұлан ауданы
Семей қаласы
Курчатов қаласы
Аягөз ауданы
Абай ауданы
Бесқарағай ауданы
Бородулиха ауданы
Жарма ауданы
Көкпекті ауданы
Үржар ауданы
Уланский район
Урджарский район
Шемонаихинский район
Алтын Алтай фольклоры
Алтай аңыздары
Шығыс Қазақстанның музыкалық мұрасы
Шығыс Қазақстанның әдеби мұрасы
Өлке табиғаты
Табиғи қорықтар
Табиғи ресурстар
Шығыс Қазақстанның 25 ғажайып орны
Шығыстың шипажайлары
Барлық-Арасан шипажайы
«Баян» шипажайы
Рахман қайнары
Уба шипажайы
Киелі орындар
Абылайкит
Берел қорымы
Қоңыр әулие үңгірі
Шілікті алқабы
Ашутас
«Алаш арыстары» үйі (Семей қ.)
Семей полигоны құрбандарына арналған «Өлімнен де күшті» монументі (Семей қ.)
Ф.М. Достоевскийдің әдеби-мемориалды үйі (Семей қ.)
«Абай-Шәкәрім» мемориалдық кешені
Қозы Көрпеш пен Баян сұлу мазары
Мұзтау
Шығыс Қазақстан соғыс жылдарында
Соғыс балалары
Кеңес Одағының батырлары
Ардагерлер еске алады
Соғысқа қатысушылар
Партизандар қозғалысы
Тылдағы аналар
Тылдағы ерен еңбек
30 - Гвардиялық дивизия
Брест қамалын қорғауға қатысқан шығысқазақстандықтар
Еңбек армиясы
Өлкетану альманағы
Өлкетану альманағы 2024
Өлкетану альманағы 2023
Өлкетану альманағы 2022
Өлкетану альманағы 2021
Өлкетану альманағы 2020
Өлкетану альманағы 2019
Өлкетану альманағы 2018
Өлкетану альманағы 2017
Өлкетану альманағы 2016
Өлкетану журналы 2014
Өлкетану альманағы 2015
Өлкетану альманағы 2013
Әріптестеріміздің шығармашылығы
Геология
Өлке зерттеушілері
Тарих. Этнография. Мәдениет
Қаламгерлер жайында
Білім беру
Ономастика
Дін
ҰОС жылдарында (1941-1945) ЕҢБЕК АРМИЯСЫ қатарында болған шығысқазақстандықтар
Бейнетоптама
Шығыс Қазақстан әдебиеті
Шығыс Қазақстанның әдеби және есте қаларлық орындары
Фэнзин фантастикалық журналы
Виртуалды көрмелер
Қ. Мұхамедханов: библиографиялық көрсеткіш
Экран дикторы

linka

Глубокое ауданы
 
1963 жылдың 2 қаңтары күні шыққан Қаулыға сәйкес Шығыс Қазақстан облысының   аудандары аграрлық және өнеркәсіптік деп «бөлінуі» қажет болды. 1963 жылы 10 қаңтарда Шығыс Қазақстан облысында Глубокое өнеркәсіптік ауданын құру туралы арнайы жарлық шықты. Оның аумағы таратылған Предгорный мен Киров аудандарының жерлерінен құралды. Глубокое өнеркәсіптік ауданының орталығы болып, Глубокое қалалық кенті белгіленді.

Сонымен қатар оның құрамына Белоусовка, Верх –Березовка, Первомайск, Пахотный  кенттері кірді.

1964 жылы 31 желтоқсанда облыс аудандарын өнеркәсіптік және ауылшаруашылық деп бөлу жүйесі алып тасталды.

Бұрынғы Шемонаиха ауылшаруашылық ауданынан біраз жерді қосып беріп, Глубокое ауданын бекітті.  Аудан құрамында 13 ауылдық, 4 кенттік округ,  бес жұмысшылар кенті, қырық елді мекен бар.

Аудан орталығы Глубокое кентінің тарихы әріден, 1761 жылдан басталады. Ортасынан Глубочанка өзені жарып ағатын шағын ауыл, 1937 жылы кент дәрежесіне ие болды. Ол кезде ауыл Предгорный ауданының құрамында болатын. 1963 жылы аудан орталығы болып белгіленді. Глубокоеның алғашқы тұрғындары қарапайым шаруалар болған. ХХ ғасырдың 20 жылдарынан Глубокое өнеркәсіп орталығы болып қалыптаса бастады. 1931 жылы 1 қыркүйекте Ертіс мыс балқыту  зауыты іске қосылып, 1945 жылы Ертіс полиметалл комбинат ының құрамына енді.

 

           
                 «IZOTERM» зауыты сілтеме:     
          «Восток-Универсал» (қыркүйек, 2007)
өнеркәсіптік-өндірістік кешен

(1999)

демалыс базасы
  
Глубокое ауданына табиғаттың бар байлығы: алтын мен күміс, қола мен мыс, қорғасын мен көмір, көк майсалы шабындық, толықсыған егін алқабы, терісі бағалы аңдар мен балықтың алуан түрі табылады. Ауданның кен байлығында Менделеев таблицасы  толығымен көрініс тапқан. Аудан аумағындағы селолар тарихы 18 ғасырдан басталады. 1730 жылы  тау-кен ісінің шебері И. Чупоршневтің Березовский  мыс кенішін ашуымен тікелей байланысты.  Келесі жылы өнеркәсіп иесі Демидов кеніш құрылысын бастау үшін алғашқы жұмысшыларды әкеле бастады. Сөйтіп, жаңбырдан кейінгі саңырауқұлақтай орыс селолары бой көтерді.

1747 жылы Секисовка селосы,  1767 жылы . – Бобровка селосы, 1797 ж..  – Белоусовка және  Верх-Березовка кенттері пайда болды.

1760 жылы «Өскемен бекінісіндегі Ертіс өзенінің оң жағалауындағы Березовка, Глубокое, Үлбі өзендерінің бойындағы қолайлы жерлерге бекіністер салып 2000-дай орыстарды қоныстандыру» туралы Сібір жарлығы шыққан.

Бүгінгі күні Глубокое ауданында үш кен орны, екі байыту фабрикалары жұмыс істейді. Секисовка селосында тағы да бір рудник пен кен байыту фабрикасы салынуда. Глубокое селосында жылу өткізбейтін материалдар зауыты жұмыс істейді. Ауданда 344 кәсіпорын жұмыс істейді. Олардың 307 жеке меншіктікі. Ауданда тиірмен, май өңдеу , наубайхана, макарон цехы, ет-сүт өнімдерін өңдеу цехтары жұмыс істейді. Глубокое ауданында жеңіл өнеркәсіп пен қайта өңдеу кәсіпорындары, ауыл шаруашылығы да жақсы дамыған. Ағаш дайындаушылар кешені, құрылыс мекемелері, Қазақстандағы аса ірі Черемшанск құс фабрикасы жұмыс істейді.

Өнеркәсіп өнімдерінің көлемі 2011 жылдың қаңтар - наурыз айларына іс жүзіндегі бағамен 5668,4 млн. теңге немесе өткен жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда 115,6%-ды құрады.

Өнеркәсіп өнімінің табиғи көлемінің индексі 119,7%-ды құрады. «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС (Белоусовка к.) филиалы және «Секисовка» ТКК ЕЖШС (Секисовка а.). «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС филиалымен (Юбилейно-Снигирихинский кенішімен бірге) алынған кен көлемі 2009 жылдың қаңтар-сәуір айларына 362,9 мың тоннаны құрады немесе 2008 жылға сәйкестендіргенде 154 пайыз. «Секисовское» ТКК ЕЖШС алынған кен көлемі -148,4 мың тонна, ол 2008 жылдан 4 есе көп.

Ауданның таңғажайып табиғаты мен ішкі құрылымының дамуы туризмді дамытуға қолайлы. Облыс орталығы Өскемен қаласынан 22 шақырым жерде орналасқан Таулы Үлбі - қарағай, қайың, терек өскен  аралас орманы бар таулы аймақта орналасқан. Жидек, саңырауқұлақтар, емдік қайнарлар адам игілігіне қызмет етеді. Осы жерде бүкіл елімізге танымал «Алтай Альпісі» орналасқан.

Глубокое ауданынан 19 Социалистік Еңбек Ері, 11 Кеңес Одағының Батыры,  шыққан. Фашизмге қарсы күрескен екі жарым мыңнан аса жауынгер ерлігі мен батылдығы үшін отан наградаларымен марапатталған. 14 адам «Ауданның құрметті азаматы» (2001жыл). Ауданда 110 Ауған соғысының ардагерлері тұрады.(сілтеме: Ақбұлақ. 2011. – 1 сәуір. – Б.1.  осы папкада «Ауған соғысы)» )

Глубокое ауданы – Кенді Алтайдағы омарта  шаруашылығының Отаны болып табылады.

Глубокое ауданы бүгінгі күні қуатты өнеркәсіп пен дамыған ауылшаруашылық орталығы. Түсті металлургия мен көмір өндіретін, ауылшаруашылығы өнімдерін,  өңдейтін туризмді дамыту мүмкіншілігі зор, болашаққа ұмтылған, әлеуетті  аймақ.

 

Интернет-ресурстар:
Глубокое ауданы// ШҚО әкімі. Билік құрылымы. Атқарушы билік. - http://www.akimvko.gov.kz/ru/rule1_9.htm (02.06.2011). 
Глубокое ауданы әкімінің ресми сайты . - http://glubokoe.gov.kz/ (02.06.2011). 
Глубокое ауданы // ШҚО мұрағат қызметі. Өлкетану. - http://www.arhiv.vko.gov.kz/region_05.htm  (02.06.2011).
Глубокое ауданы// ШҚО Мемлекеттік мұрағаты. - http://e-arhiv.vko.gov.kz/Page.aspx?id=1515 (02.06.2011).
Глубокое ауданы// Планета приключений: отдых, туризм, активные туры в Восточном Казахстане. - http://adventa.kz/?page=glubokoe (02.06.2011).
Глубокое ауданы // ШҚО статистика Департаменті. Өңірлері. -   http://www.shygys.stat.kz/reg/glub.html l (02.06.2011).
 "Глубокое аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесі". - http://glubokoe.pushkinlibrary.kz (02.06.2011).
Изумрудный Алтай: Отдых в Восточном Казахстане - http://www.altay.kz/ (02.06.2011

 

Библиография кітаптар:
К63.3 ШҚ Г50
Глубокое ауданы. Шығыс Қазақстан облысы  = Глубоковский район. Восточно-Казахстанская область [Мәтін]. - Глубокое : Автор-К, ж. ж. - 18 б.
К38.96 ВКИ29
Идущие на огонь [Мәтін] : фотокнига . - Усть-Каменогорск : Казинпресс, 2007. - 308 б.
К 81.2ШҚ Ш 97
Шығыс Қазақстан облысының ономастикалық атауларының көрсеткіш-анықтамалығы [Мәтін]. - Өскемен : Рекламный Дайджест, 2008. - 136 б.
К63.4ШҚ Ш 97
Шығыс Қазақстан облысы археологиялық ескерткіштерінің тізбесі [Мәтін]. - Өскемен : [б. ж.], 2006. - 264 б.   

 

Мақалалар:

Алдабергенов П. Шапшаң өркендеуде [Мәтін] / Алдабергенов П. // Коммунизм туы. - 1972. -  29 февр.- Б.

Әкірәмов М. Глубокоедай аудан Республикада жоқ [Мәтін] : [авт.аудан әкімі...сұхбат/сқхб. М.Алипинова] / Әкірәмов М. // Дидар. - 1997. - 4 желтоқсан

Әкірәмов М. Халықтың қамын ойласақ... [Мәтін] : [Глубокое ауд. әкімі.әңгіме.Әңгімелескен У.Тоқпатаев] / Әкірәмов М. // Дидар. - 1996. - 16 қараша.- Б.

Әкірәмов М. Экономикалық тұрақтылық керек [Мәтін] : [Авт. Глубокое ауданының әкімі] / Әкірәмов М. // Дидар. - 1994. - 25 қазан.- Б.

Әліпбаев С. Шаруаға бөгет жасама,көмегіңді аяма [Мәтін] : [Глубокое ауданында өткен кәсіпкерлікке байланысты дөңгелек стол ] / Әліпбаев С. // Дидар. - 2000. - 26ақпан

Береке- бірлікте [Мәтін] // Дидар. - 1999. -  26 қаңтар

Болвочев Ю. Табиғат тепе-теңдігін сақтайық [Мәтін] : [Авт.Глубокое ауд. аңшылар қоғамының төрағасы] / Болвочев Ю. // Дидар. - 1995. - 23 қараша.- Б.

Елубай О. Меншік иелері көбейе түсті [Мәтін] : [Глубокое ауд. жеке меншік иелерінің бүгінгі тыныс- тіршілігі] / Елубай О. // Егемен Қазақстан. - 1998. - 4 наурыз

Есімбек О. Крючковтың шаруашылығында. [Мәтін] : [Глубокое ауд. "Янго" шаруа қожалығының жұмысынан] / Есімбек О. // Дидар. - 1999. -  6 қараша.- Б.

Есімбек О. "Янконың" ұраны- елді асырау [Мәтін] / Есімбек О. // Дидар. - 1998. -  2 маусым

Жидяев В. Кәсіптерін кеңейте түспек [Мәтін] / Жидяев В. // Дидар. - 1998. -  1 қыркүйек

Игісінов Ж. Нарық және тауық [Мәтін] / Игісінов Ж. // Сарыарқа. - 1998. -  20 мамыр

Қабдоллаев Т. Мақсат-сапалы білім, саналы тәрбие [Мәтін] : [Авт. Глубокое кентінің О.Бөкеев атындағы қазақ мектебінің директоры] / Қабдоллаев Т. // Дидар. - 1998. - 14 наурыз

Қадылбекұлы, Әлімжан. Осы спорт түрлерін республикада дамытып отырғаныма 30 жылдай болды [Мәтін] / Ә. Қадылбекұлы // Дидар. - 2010. - 7 қыркүйек.- Б.5.

Қаңтарбаев Ә. Бөкей атындағы мектепте [Мәтін] : [Глубокое ауданындағы Бөкей атындағы мектептегі игі істер туралы] / Қаңтарбаев Ә. // Дидар. - 2002. -  7 желтоқсан.- Б.6

Қаңтарбаев Ә. Спорт кешені ашылды [Мәтін] : [Глубокое ауданының Уварово ауылында спорт кешенінің ашылу салтанаты туралы ] / Қаңтарбаев Ә. // Дидар. - 2000. - 23желтоқсан.- Б.1

Көш басында - Глубокое ауданы [Мәтін] // Дидар. - 2007. -  6 желтоқсан.- Б.1.

Мамаев  Қ. Қылқаламға жан бітірген Жанболат [Мәтін] / Қ. Мамаев  // Дидар. - 2009. - 8 маусым. -  С. 5.

Металлургтер қуанышы. [Мәтін] : [Глубокое кентіндегі Ертіс мыс балқыту заводынан хабарлама] // Дидар. - 1999. -  3 тамыз.- Б.

Нақтыбай Е. Ауған соғысы жайлы қазақша ән жазуды армандаймын [Мәтін] / Е. Нақтыбай // Ақ бұлақ. - 2011. - 1 сәуір.- Б.1

"Өлкемізді өндіріспен танытқан ел" [Мәтін] : ["Дидар"-Глубокое ауданында. Аудан тарихы, экономикасы, әлеуметтік жағдайы] // Дидар. - 2001. - 10 қараша.- Б.2

Тілеубайқызы Л. Жері - бай, көдесі - май, елі - жайсаң [Мәтін] / Тілеубайқызы Л. // Дидар. - 2007. -  1 желтоқсан.- Б.2.

Черных, Станислав. Өркенді өзгеріс [Мәтін] : [жұмысшы поселкасы тарихынан] / С. Черных // Коммунизм туы . - 1982. - 8 сентябрь

 

  (Материал 2011 жылдың  29 мамырында іріктелінді.)

М.О. Әуезовтың өмірі мен шығармашылығына байланысты викторина біліміңді тексер

Викторина!

pllinkz

А.С. Пушкин атындағы Шығыс Қазақстан облыстық кітапханасы

шығыс қазақстан әдеби картасы

Шығыс Қазақстан танымал есімдер

addressbook001

addressbook002

© А.С. Пушкин атындағы Шығыс Қазақстан Облыстық Кітапханасы | Восточно-Казахстанская областная библиотека имени А.С. Пушкина. 1998-2024
Besucherzahler
счетчик посещений