1995 жылы 25 мамырда “Шығыс Қазақстан облыстық медициналық бірлестігінің диагностикалық орталығының” салтанатты ашылуы болды. Диагностика орталығының ашылуына ұйтқы болған танымал хирург Б.Э.Рейш.
Орталықтың алғашқы кезегін іске қосып, қажетті құрал-жабдықтар сатып алу үшін бюджеттен 3 млн.доллар қаржы жұмсалған еді. Диагностикалық орталықтың алғашқы кезеңінде клиникалық, биохимиялық, иммунологиялықмедико-биологиялық, бактериологиялық зертханалар ультрадыбыстық диагностика, эндоскопия бөлімдері пайдалануға берілді. Бүгінде екінші, үшінші кезекті іске қосқан соң диагностикалық Орталық Шығыс Қазақстан облыстық медициналық бірлестік құрамында облыс халқына жоғары білікті медициналық көмек бере алады. Үздік халықаралық емдеу тәжірибелерін басшылыққа ала отырып, заман талабына сай жабдықталған медициналық технологиялар көмегімен 27 арнайы мамандар қызмет көрсетеді.