Семейдің негізі 1718 жылы қаланды, Петр1 шығыс жеріне және Ертіс өңіріндегі бекіністеріне қорған салу туралы жарлық шығарды, құрылыс 1714 жылдан 1720 жылға дейін созылды. 1718 жылдың кезінде Семипалат бекінісі подполковник П.Ступиннің бақылауымен «толық қарулану жүргізіліп, бекітілді».
Семипалат бекінісі Ресей мен Ќазақстан арасындағы негізгі сауда орталықтарының дамуы арасында ерекше роль атқарды. Семейдің алғашқы құрылғанынан бастап, мұнда сауда жасау үшін жоңғар қалмақтары, бұхаралықтар, ташкенттіктер, ќоќандықтар келе бастады. Алғашқы жылдары Семей кедені Москвадағы Мемлекеттік Комерц-Коллегия бас басқармасында орналасқан Сібір жарлығына бағынды. 1776 жылы Батыс-Сібір генерал-губернаторы бекіністің жаңа жобасын жасау үшін капитан И.Г.Андреевті жіберді. Дарынды инженер, бекіністерді қайта салып, жолдар, көпірлер салды, жолдар мен қоршаулардың, бекіністердің жоспары мен картасын түсірді. Жаңа бекініске ескі бекініс тұрғындары, казактар, әскери қызметкерлер, сол сияќты саудагер адамдардың бөлігі көшіп келе бастады. 1854 жылдың 1 қазанында Семей облысының салтанатты ашылуы болды. Шағын ғана Семей қаласы бірден облыстыққа айналды. Қайта құрылған облыс Ресей империясы құрамындағы ең көлемдісі болды. Қалалық дума мен Қалалық сот бекітіледі.
ХХ ғасырдың басында Ресейдің ірі фирмалары мен шұѓа фабрикаларында жөн, тері дайындалды.1863 жылы қалада 2 оқу орны жұмыс істеді. Оның ішінде бір уездік училище, 2 шіркеулік-приход училищесі, 14 қазақтардың және 9 жеке татар мектептері болды. 1864 жылы әйелдер мектебі 2-ші разрядты училище болып қайта құрылды. ХІХ ғасырдың аяғы мен ХХ ғасырдың басында қалада ерлер мен әйелдер классикалық гимназиялары, мұғалімдер семинариясы жұмыс істеді. Әлімхан Ермеков Семей ерлер гимназиясын алтын медальға бітіріп, содан соң Томскінің технологиялық институтын бітірді. Мұғалімдер семинариясында Мұхтар Әуезов пен Қаныш Сәтпаев т.б. оқыған.
Абай Құнанбаев қазақ халқының мәдениеті мен тұрмысын өте жетік біліп, қазақтың салт-дәстүрлері, көне заңдары, генеалогиясы, аңыздары және этнографиялық терминологиясы жөнінде үлкен жалпыхалықтық беделге ие болды.1878 жылы Семей қаласында Облыстық статистикалық комитет құрылды. Семей статистикалық комитетінің бірінші хатшысы саяси жер аударылып келген Е.П.Михаэлис.
Семейде Г.Н.Потанин жєне В.А.Обручевтар, басқа да көрнекті ғалымдар жұмыс істеді. 1917 жылдың маусым айынан бастап Семей қаласында «Айқап» журналының бағытына жақын апта сайын шығатын «Сары-арқа» өнқағазы шыға бастады. «Сары-арќа» өнқағазының редакторлары Р.Марсеков пен К.Ғаббасовтар болды. Оның беттерінде Ә.Бөкейхановтың, М.Дулатовтың, А.Ермековтың, М.Молдыбаевтың, Ж.Ақпаевтың мақалалары және басқа да Алаш қозғалысының көрнекті қайраткерлерінің мақалалары жарияланды. 1903 жылдың 23 қыркүйекінде Семей мұғалімдер семинариясының ашылуы болды. 1932 жылы республика облыстарға бөлінді, алғашқыда Семей Шығыс Қазақстан облысының орталығы болып, 1939 жылдан Семей облысының орталығы болды. Соғыс алдындағы жылдары қалада ірі өндіріс орындары салынды.
Сол кездегі ең жаңа техникамен жабдықталған судорем зауытының құрылысы да дами бастады. 1920 жылдың қазан айында қалада құрамында 15 адамы бар «Ес-Аймақ» театрлық труппа құрылды. Олардың арасында қазақ сахнасының көрнекті қайраткерлері – Иса Байзаќов, Әміре Қашаубаев, Жұмат Шанин, Жүсіпбек Елебековтер болды. 1934 жылы Семейде қазақ сазды-драмалық театр ұйымдастырылды. Театр 1934 жылдың 6 шілдесінде І.Жансүгіровтың «Кек» спектаклімен ашылды. Семей – тек Шығыс Қазақстандағы емес республикадағы мәдени, тарихи орталық болып саналады. Мұнда Абай және Ф.М.Достоевский мұражайлары, Қазақстан мен Батыс-Сібір өлкетану музейі, Невзоровтар отбасы атындағы бейнелеу өнері мұражайы, кітапханалары бар. Қазақтың Абай атындағы сазды-драмалық және Ф.М.Достоевский атындағы орыс драмалық театрлары бар.
Семей қаласы туралы:
Сәдуақасұлы Ә. Тарихыңды танып біл [Электрондық ресурс] : [Семей топырағынан шыққан айтулы азаматтардың өмірнамасы, халыққа сіңірген еңбегі сөз болады] / Ә. Сәдуақасұлы. - Алматы : Шартарап, 1996. - 295 б. с.
Абсалықова М. Жеті сарай ма, киелі жер ме? [Мәтін] / Абсалықова М. // Ертіс өңірі. - 2006. - 20 қыркүйек.- Б.11.
Жеті сарайлы көне шаһар [Мәтін] // Ертіс өңірі. - 2007. - 27 маусым.- Б.10.
Қайсенов З. Семей губерниясы немесе облысының құрылуы [Мәтін] : Тарихи дерек / Қайсенов З. // Дидар. - 1997. - 1 шілде
Нұрбаев, Санат. Жайна Семей [Мәтін] : туған қаламыз туралы шоқтығы биік әндер / С. Нұрбаев // Семей таңы. - 2010. - 15 сәуір.- Б.4.