Жалпы алаңы – 35 га
Солжағалық кешеннің аумағында мыналар бар:
1. Зообақ, алаңы 8 га
Мұражай-қорықтың Солжағалық кешені аумағына 2008 жылы көшірілген. Зообақта 2011 жылдың 1 желтлқсанына қарағанда барлығы 294 жануар болды.
Оларда: сүтқоректілердің 10 түрі, дала тасбақасы, құстардың 24 түрі бар. Зообақтағы жануарлардың көпшілік түрлері: қоңыр аю, теңбіл бұғы, бүркіт, қолға үйретілген қутұмсық қаз, ақбас тырна, тазқара, дала қыраны Қазақстанның Қызыл кітабына енгізілген.
2. Ботаникалық бақ, алаңы 14 га, онда түрлі табиғи-климаттық аймақ флорасының өкілдері орналастырылған.
Мыналар салынып, жұмыс істеуде:
- ислам мәнеріндегі бақ
- жапон мәнеріндегі бақ
- террасалы бақ
- классикалық музыка аллеясы. Қазақстан және Еуропа сазгерлерінің бетон барельефтері орнатылған
- көпфункциялық маңызы бар жазғы жабық алаң
- кеңестік кезең ескерткіштері аллеясы
- Көрмелік Кіші павильон
- Көрмелік Үлкен павильон
- сахнасы бар музыкалық аллея.
3. Этнографиялық кешен, алаңы 10 га.
Этнографиялық кешеннің аумағында 2010 жылы ШҚО халықтары мен азсанды этнотоптары халықтық сәулетшілігінің 16 қонысы мен жеке тұрған 3 нысаны салынды. Барлығы 43 нысан: 37 этнографиялық нысан, Салтанаттар үйі, Шеберлер қаласында фибробетоннан мәнерлі 5 киізүй тұрғызылды.
4. Әскери кешен, алаңы 3 га.
Әскери кешен 2010 жылғы 8 мамырда салтанатты түрде ашылды. Оған енетіндер:
- 2 павильон
- 1938-1970-ші жылдарғы үлгідегі әскери техника аллеясы
Этнографиялық мұражай туралы:
Тоқанұлы, Бодаухан. Алтайдың асыл тастары [Мәтін] / Б. Тоқанұлы // Дидар. - 2009. - 8 сәуір.- Б.6.
Қасым , Азамат. Үлгі болар ұлысқа, игі істер көп Шығыста [Мәтін] / А. Қасым // Дидар. - 2010. - 7 қыркүйек.- Б.1-2.
Жолаушинова Ж. Қалада серуен құрсаңыз, этнографиялық кешенге ат басын бұрсаңыз...[Мәтін]/Ж. Жолаушынова //Менің өлкем. - 2013. 27 маусым. - Б.4.