kl kz



>
Шығыс Қазақстан Интернетте
Мәдениеті мен өнері
Туристерге
Тарих беттерінен
Маңызды оқиғалар
«Туған өлкем – тұнған тарих» дәрістер циклы
ШҚО ауылдарының тарихы
Өскемен жайлы не білесіз?
Өскемен қаласының тарихы
Өскемен қаласындағы көшелер тарихы
Ескерткіштер
Аудан паспорттары
Шығыс Қазақстан облысы
Шемонаиха ауданы
Өскемен қаласы
Риддер қаласы
Алтай ауданы
Глубокое ауданы
Зайсан ауданы
Катонқарағай ауданы
Күршім ауданы
Самар ауданы
Тарбағатай ауданы
Ұлан ауданы
Семей қаласы
Курчатов қаласы
Аягөз ауданы
Абай ауданы
Бесқарағай ауданы
Бородулиха ауданы
Жарма ауданы
Көкпекті ауданы
Үржар ауданы
Уланский район
Урджарский район
Шемонаихинский район
Алтын Алтай фольклоры
Алтай аңыздары
Шығыс Қазақстанның музыкалық мұрасы
Шығыс Қазақстанның әдеби мұрасы
Өлке табиғаты
Табиғи қорықтар
Табиғи ресурстар
Шығыс Қазақстанның 25 ғажайып орны
Шығыстың шипажайлары
Барлық-Арасан шипажайы
«Баян» шипажайы
Рахман қайнары
Уба шипажайы
Киелі орындар
Абылайкит
Берел қорымы
Қоңыр әулие үңгірі
Шілікті алқабы
Ашутас
«Алаш арыстары» үйі (Семей қ.)
Семей полигоны құрбандарына арналған «Өлімнен де күшті» монументі (Семей қ.)
Ф.М. Достоевскийдің әдеби-мемориалды үйі (Семей қ.)
«Абай-Шәкәрім» мемориалдық кешені
Қозы Көрпеш пен Баян сұлу мазары
Мұзтау
Шығыс Қазақстан соғыс жылдарында
Соғыс балалары
Кеңес Одағының батырлары
Ардагерлер еске алады
Соғысқа қатысушылар
Партизандар қозғалысы
Тылдағы аналар
Тылдағы ерен еңбек
30 - Гвардиялық дивизия
Брест қамалын қорғауға қатысқан шығысқазақстандықтар
Еңбек армиясы
Өлкетану альманағы
Өлкетану альманағы 2024
Өлкетану альманағы 2023
Өлкетану альманағы 2022
Өлкетану альманағы 2021
Өлкетану альманағы 2020
Өлкетану альманағы 2019
Өлкетану альманағы 2018
Өлкетану альманағы 2017
Өлкетану альманағы 2016
Өлкетану журналы 2014
Өлкетану альманағы 2015
Өлкетану альманағы 2013
Әріптестеріміздің шығармашылығы
Геология
Өлке зерттеушілері
Тарих. Этнография. Мәдениет
Қаламгерлер жайында
Білім беру
Ономастика
Дін
ҰОС жылдарында (1941-1945) ЕҢБЕК АРМИЯСЫ қатарында болған шығысқазақстандықтар
Бейнетоптама
Шығыс Қазақстан әдебиеті
Шығыс Қазақстанның әдеби және есте қаларлық орындары
Фэнзин фантастикалық журналы
Виртуалды көрмелер
Қ. Мұхамедханов: библиографиялық көрсеткіш
Экран дикторы

linka

Әскербекқызы Ж. Миф-о-поэзия: өлеңдер, поэма, аудармалар. - Алматы : Жазушы бапасы, 2022. - 192 б.
Әскербекқызы Ж.«Әдебиеттің әлеуметтік маңызды түрлерін сатып алу, басып шығару және тарату» кіші бағдарламасы бойынша жарық көрген биыл баспадан шыққан «Миф-о-поэзия» атты кітабы кітапхана қорына түсті.
Жерлес ақын Жанат Әскербекқызы-қазіргі поэзияда өзіндік қолтаңбасы бар талантты ақын, филология ғылымдарының докторы, Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің профессоры. Қазақстан жазушылар одағының мүшесі. Өлеңдерінде ел меен жер, өткен дәуір мен бүгінгі өмір сүреттері, көңілдің түрлі сәттері бағзы таныммен сабақтасып, тың бейнелеулермен түзіледі.
Жинаққа ақынның жаңа өлеңдері мен «Алып ана-Түкті ата» әпсана-поэмасы және жапон поэзиясынан Сайге, Мацуо Басе, Есо Бусон өлеңдерін аударып кіргізген.

Толығырақ...

Өткендердің өмірден,Ұрпағыма ұлағат
Өнегелік елге-ісі.
Өшпейді шын көңілден,
Өткен күннің белгісі, -деп кітап авторы жырлағандай кітапхана қорына Қалым Құнафияновтың «Ұрпағыма ұлағат» кітабын баласы Бақытхан Құнапиянов сыйға тартты. Деректі повестің авторы Қалым Құнафиянов ұзақ жылдар шаруашылық басқарған, Кеңес қызметінде істеген ардагерлердің бірі. Ленин, Қызыл Ту ордендерінің иегері.
Кітап бірнеше бөлімнен тұрады. Қызығы аз бала кез, соғыс өрті шарпыған жастық шақ оқушысын ойға қалдырып, патриоттық сезімін оятады.

Толығырақ...

Шаһар кезгенӨртеніп ұмыт болған сағыныштан,
Жұрт ішіп ағып келем, сабылысқан.
Жанарымнан сан ұшқын ұшырайды,
Іштегі бітпейтұғын жарылыстан, - деп Шаһар кезген өлеңінде өзі жырлағандай бірнеше өлеңдері топтастырылып «Шаһар кезген» деген атпен «Дәуір» баспасынан кітап болып шығып отыр.
Елгезектің шығармашылығы бір тұжырымға сыя қоймайтын, тарам-тарам бағыты баркүрделі дүние.
Ақын өткенге белшесінен батып отырған қоғамға деген өгейсу, іштей қарсы тұру сезімін бүкіл поэзиясына арқау еткен. Қазір корпоративтік сана бәрінен басым. Ауыл жағдайы нашар. Діншілдер саны күрт көтеріліп келеді. Бұрын Кеңес Одағында екінші орында болған Қазақстанның, қазір алды бұлыңғыр. Мұндай кезеңде Ақберен Елгезек сияқты ақынның шығып, қоғам мұңын өлең арқылы халыққа жеткізу, екінің бірінің қолынан келмейді.
Ендеше құрметті оқырман жаңа кітап сіздің еншіңізде.
Алтыбаев Қалибек ҚизатұлыА. С. Пушкин атындағы Шығыс Қазақстан облыстық кітапханасына журналист, сөзжұмбақшы, ҚазақстанБабадан қалған байтағым Журналистер одағының мүшесі, Зайсан ауданының Құрметті азаматы Алтыбаев Қалибек Қизатұлы «Бабадан қалған байтағым» атты 2 томдық кітабын сыйға тартты.
Қалибек Қизатұлы топонимика, ономастикамен шұғылданып, заманауи адамға жұмбақ әрі түсініксіз дүниелерді зерттеумен шұғылданады. Қолданбалы өнер, халық кәсібі тарихын зерттеп, Абай Құнанбаев, Мұхтар Әуезов әлемін тануға барынша үлес қосып келеді. Ауыз әдебиетіне жататын түрлі жұмбақ, айтыстарға жаны жақын қаламгер оларды сөзжұмбақ үлгісінде жасырып жазумен де шұғылданған. Қазақстан КИнЭС рекордтар кітабына енген сөзжұмбақшы Қ. Алтыбаевтың «Сан сұраққа саяхат», «Зайсан өрнектері», «Абай­дың алып айдыны­нан», «Шы­рағың мәңгі сөнбейді», «Сынаптай сырғыған жылдарым», «Атамекен Зайсан», «Үш­кемелдің шалқарынан» т.б. кітаптары бар. Бұл кітаптарының басым бөлігі сөзжұмбақтардан тұрады. Жай ғана сөзжұмбақ емес, ұлы Абай, Шәкәрім, Әуезовтің алып айдынын арқау еткен сөзжұмбақтар дүниесі.
Қаламгердің «Бабадан қалған байтағым» кітабында елін-жерін жан аямай қорғаған әйгілі батырлардың тұлғалары, Зайсан өңірінде рухани шырақ жаққан ерекше дарын иелері, еліне тұлға болған ел билеушілері, өнер адамдары сипатталған. Зайсан ауданының барлық елді мекендерінің тарихы, әр ауыл округы бойынша жер атаулары жеке-жеке берілген. Өлке тарихын танып, зерттеушілер үшін бұл туындының берері мол екені сөзсіз.
Келіңіздер кітаппен таныс болыңыздар!
Мұзтау-Музам меніңКатонқарағай ауданы, Қабырға ауылының тумасы Назым Слямқызының «Мұзтау-Музам менің» атты кітабы А. С. Пушкин атындағы кітапхана қорына келіп түсті.
Автордың бұл қолжазбасы - «Мұзтау-Музам менің»,- деп аталады. Назымның повесі Мұзтауға, Оралхан жырлаған киелі мекенге қызығушылықты, рухани ынтызарлықты оятады. Назымның туған жеріне деген перзенттік сүйіспеншілігі орасан. Бұл кітапты оқыған адам өзінің кіндік қаны туған жері туралы ойланбай қалмайды. Санасы оянады. Қазіргі заманда жас буынның жүрегіне отаншылдық рухты сіңірудің маңыздылығын түсіндіреді.
Назымның туған өлкесі Катонқарағайдың әр түп ағашы, суы, тау-тасы тірі организм екенін бейнелеп берген стилі тартымды. Қазақтың қызы Мұзтауға барар жолын әдемі суреттейді.
Повесте Алтайды мекен еткен адамдардың қилы тағдырлары суреттеледі. Повестің негізгі кейіпкері-Мұзтау және Назым. Повесть туған жерді риясыз сүюге, қастерлеуге үйретеді.
Назым Слямқызының бұдан басқа баспадан 2018 жылы шыққан кітабы бар. «Қош бол қиындық» немесе «Өз-өзін жеңу майданы».
Катонқарағайдағы туризмді дамытуға өлкетану саласына Назым Слямқызы «Мұзтау-музам менің» атты көркем повесімен шынайы үлес қосты деп білемін!
Келіңіздер кітаппен таныс болыңыздар! 
 
 
 
Зайсанның жайсаң балуандары9 наурыз 2022 жылы. Зайсанның азаматы, балуан. кітап авторы Асқар Сәбитовтың ағасы Сәбитов Жалында кітапхана қорына «Зайсанның жайсаң балуандары» атты кітапты сыйға тартты.
Соңғы жылдары Зайсан ауданының өткені мен бүгіні, болашағы мен азаматтары жайлы энциклопедия да, бірталай кітап та жарық көрген. Енді бұл кітап солардың қатарын толықтыратын асыл қазына болатыны сөзсіз. Кейіпкерлердің балуандық тұлғалары ғана емес, көпшілігінің ішкі жан-дүниелерімен қатар адамдық, қоғамдық, отбасылық тұлғалары да көрсетіліпті. «Жайсаң» деген сөзге лайықты балуандар біршама жан-жақты жазылған.
Арғы бергі арадағы өткен мен кешегі марқұм балуандардың кітап бетінен орын алуы Зайсанның балуандар тарихын байыта түседі. Балуандардың жеке өміріне бір-бір кітап жазылса, оның қазақтың қара домалақ балаларына үлгі-өнегесі, ұрпақ тәрбиесіне берер тағылымы мол болар еді.
Зайсан ауданы спортшы балуандардың кешегі бүгінгі тарихын Зайсан ауданының тарихынан еш бөліп қарауға болмйды. Спорттың тарихы бір балуандар кітабымен тоқталып қалмайды, спорттың басқа салаларын қамтыған кітаптар жарық көреді деп сенеміз.
Ең бір өкініштісі, кітап баспадан шығып жатқан кезде, кітап авторының кенеттен өмірден қайтуы. Сегіз қырлы, бір сырлы азамат, ақын, жазушы, журналист, сазгер, бар ғұмырында адамгершілік мұраттарды ардақ тұтудан айнымаған абзал жан - Асқар Жұмаханұлы Сәбитов құрастырған. Түгел дерлік өз қолымен жазып шыққан. Кітап өмірінің жалғасы, екінші өмірі басталды. Әрбір кітапты ашып оқыған ұрпақ авторды еске алатыны анық.
Қызықты мәліметтер молынан қамтылған жинақтың тілі жеңіл, көпшілік оқырманға арналған. Жалпы кітаптың тұсаукесері оқырмандар арасында өтсе, ұрпақ кітап туралы көптеген мағлұматтар алар еді. Ұрпақ сабақтастығы деген осы.
Келіңіз, кітаппен таныс болыңыз, кітап сіздің еншіңізде!
Сейітова Шынар БотайқызыБүгін 17 ақпан 2022 жылы, Әлихан Бөкейханов университетінің оқытушылары, филология ғылымдарының докторы, профессор Сейітова Шынар Ботайқызы, филология ғылымдарының докторы, доцент Гайнуллина Фарида Ахметқызы «Катонқарағай ауданы жер-су атауларының сөздігі» атты кітапты кітапханаға сыйға тартты.
Сөздік Шығыс Қазақстан облысы, Катонқарағай ауданының жер-су атауларын жинастыру барысында дайындалған. Жер-су атаулары –қазақ халқының ғасырлар бойы жүріп өткен жолының небір құндылықтарын бойына сіңірген тілдік жәдігері. Туған өлке тарихын түгендеу, келесі ұрпақтың зердесіне қонымды етіп, ақ-қарасын айқындай отырып, аманаттау келелі істің бастауында жүрген бүгінгі буын өкілдерінің парызы.
Катонқарағай өңірінің топонимикасы да туған елдің жертану, өлкетану әлемінің бір тарауы болып табылады.
Оқу құралын этнолингвистика, тарих, мәдениеттану , қазақ және орыс әдебиеті тарихы курстарында, ШҚО территориясының әдеби және тарихи туризмді дамыту бағдарламаларын жасауда, өлкенің виртуалді тарихи әдеби картасын жасауда пайдалануға болады.
Кітаптың электрондық нұсқасын өлкетану электронды катологынан оқи аласыздар. Құрметті оқырман кітап сіздің еншіңізде.Катонқарағай ауданы жер-су атауларының сөздігі

 

 

 

М.О. Әуезовтың өмірі мен шығармашылығына байланысты викторина біліміңді тексер

Викторина!

pllinkz

А.С. Пушкин атындағы Шығыс Қазақстан облыстық кітапханасы

шығыс қазақстан әдеби картасы

Шығыс Қазақстан танымал есімдер

addressbook001

addressbook002

© А.С. Пушкин атындағы Шығыс Қазақстан Облыстық Кітапханасы | Восточно-Казахстанская областная библиотека имени А.С. Пушкина. 1998-2024
Besucherzahler
счетчик посещений