Әскербекқызы Ж. Миф-о-поэзия: өлеңдер, поэма, аудармалар. - Алматы : Жазушы бапасы, 2022. - 192 б.
«Әдебиеттің әлеуметтік маңызды түрлерін сатып алу, басып шығару және тарату» кіші бағдарламасы бойынша жарық көрген биыл баспадан шыққан «Миф-о-поэзия» атты кітабы кітапхана қорына түсті.
Жерлес ақын Жанат Әскербекқызы-қазіргі поэзияда өзіндік қолтаңбасы бар талантты ақын, филология ғылымдарының докторы, Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің профессоры. Қазақстан жазушылар одағының мүшесі. Өлеңдерінде ел меен жер, өткен дәуір мен бүгінгі өмір сүреттері, көңілдің түрлі сәттері бағзы таныммен сабақтасып, тың бейнелеулермен түзіледі.
Жинаққа ақынның жаңа өлеңдері мен «Алып ана-Түкті ата» әпсана-поэмасы және жапон поэзиясынан Сайге, Мацуо Басе, Есо Бусон өлеңдерін аударып кіргізген.
Ел Президенті Қасым Жомарт Тоқаев «Жаңа Қазақстан»-тек саяси, эконмикалық жаңару емес, әдеби, мәдени құндылықтарымызды қоса жаңғырту арқылы алға қадамдау деп атап көрсетті. Осы орайда Мәдениет және спорт министрлігі жастарды қолдау мақсатында жас қаламгерлердің іргелі еңбектерін «Жаңа қазақ әдебиеті» сериясымен тұрақты түрде басып шығару көзделіп отыр.
«Жаңа қазақ әдебиеті» -ауқымды жоба. Шығармашылық әлеуеті зор, тұщымды туындылары көп авторлардың кітаптары осы серия арқылы жарыққа шығып, оқырман қауымға жол тартатын болады. Оқырмандар жас ақындардың шығармашылығын күтеді. Ендеше, Іске сәттілік тілейміз.