Ұлы Жеңіске 74 жыл! Окоптарға гүл өсіп, көзден аққан жас тамшылары әлдеқашан кеуіп кетсе де соғыс салған жарақат жазылар емес. Соғыстың әлі зерттелмеген беттері қаншама!
Қан майданға қатысқан, тылдағы ауыр еңбекке араласқан, бүгінге азайып қалған ардагерлердің жүрегін сыздатып, жанын жаралап жатқан ұмытылмас естеліктері, толық зерттелмеген тарихы бар. Тарихтағы сондай ақтаңдақтардың бірі – Ұлы Отан соғысы деп аталатын зұлмат жылдары еңбек армиясын алынғандар тағдыры. Еңбек армиясы дегеніміз не?
Еңбек Армиясы – жұмыс күшін адамның еріктен тыс пайдалану кеңес экономикасының ажырамас бөлігі болып табылады, кеңес өкіметінің алғашқы күндерінен басталған. Осы кезеңде құрылған еңбек армиялары кеңес дәуірінде азаматтарды еріксіз түрде әскери қара жұмыстарға мәжбүрледі.
1. Жалпы Ереже
1.1. Ереже « Еңбек Армиясына қатысқан шығысқазақстандықтар»атты облыстық өлкетану зерттеулерін (әрі қарай Зерттеу) .....
А.С. Пушкин атындағы ШҚ облыстық кітапханасы дайындаған жоба негізінде «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында жүзеге асырылады.
1.2. Өлкетану зерттеулері авторлық эссе, жазба түрінде қабылданады.
Зерттелетін тақырып - «Ұлы Отан соғысы (1941-1945) жылдарында Еңбек Армиясына қатысқан шығысқазақстандықтар»
Өскемен қаласында ашылған тұңғыш қазақ бастауыш мектебіне (қазіргі дарынды балаларға арналған Жамбыл атындағы облыстық мамандандырылған мектеп-гимназия-интернаты) 100 жыл (1920)
Биыл Жамбыл атындағы гимназия-мектеп өзінің 100 жылдығын атап өткелі отыр. Бұл Шығыс Қазақстандағы ғана емес , Қазақстан Республикасындағы құрылу тарихы тереңде жатқан байырғы ордалардың бірі де бірегейі болып табылады. Бір ғасыр жас өркенге сапалы білім, саналы тәрбие беріп келе жатқан Өскемендегі қазақтың бірден -бір қара шаңырағы саналатын бұл мектептен түлеп ұшқан алғашқы түлектер Ұлы Отан соғысына қатысып, елі мен жерін жаудан қорғаса, олардан кейінгі буын өкілдері бейбіт еңбекте белсенділік танытты. Аталмыш мектептен небір мамандар, ғалымдар, ақын-жазушылар, журналистер шығып, туған халқына адал, тәуелсіз еліміздің жарқын болашағы үшін тер төгіп жүрген түлектер аз емес.
1920 жылы Өскеменде қазақ балалары үшін бастауыш мектеп ашылады. Бұл мектептің ашылуына бастамашы болған белгілі жазушы Павел Бажов еді. Кейін осының негізінде жетіжылдық мектеп ашылып, артынан Ұлан ауданына көшіріліп, Киров атындағы шаруа-жастар мектебі құрылады.
Жетіжылдық мектеп Ұлан ауданына көшірілгеннен кейін Өскеменде бастауыш мектеп қалды. Бұл мектепте 30-40 оқушы болды. Бала саны жылдан-жылға көбейе түскеннен кейін жетіжылдық мектепке айналып, оған Респблика Халық комиссарлар Кеңесінің сол тұстағы төрағасы Ораз Исаевтың есімі берілді. 1938 жылы мектепке Жамбыл Жабаевтың есімі берілді. Мектептің алғашқы директоры Құсайын Орынтаев болған. Енді міне дарынды балаларға арналған гимназия - интернат атанып отыр. Еліміз тәуелсіздік алған кезде ол Өскемендегі қазақша білім беретін жалғыз мектеп болған.
Қазақстан тәуелсіз мемлекет аталғаннан кейін еліміздің білім саласында ірі реформалар қолға алына бастады. Гимназия, лицей, колледж сияқты білім берудің жаңа жүйелері өмірге келді. Мұндай жаңашылдықтан Жамбыл мектеп-интернатының ұжымы да бас тартпады. 1992-1993 жылдары мектепте тұңғыш гимназия сыныптары ашылды. Ал 1993-1994 оқу жылында эстетикалық-гуманитарлық бағытта білім беретін жаңа тұрпатты гимназия болып құрылды.
Жамбыл атындағы мектеп-гимназияның түлектері Ә. Бектыбаев, Самашев З. - академик, Бітібаева Қанипа - құрметті академик, мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, ҚР еңбегі сіңген ұстаз, генерал атағын алғандар Қойшыбаев Ж., Жұмағұлов Ш, Белгібаев Ә, Бегенов О, Шарбану Бейсенова-жазушы, ғылым докторлары-Сәбетқазы А, Дүйсембаев К, А. Қартаева, Ш. Болатова, А.Құлназаров.
А. С. Пушкин атындағы кітапхананың
кітапты толықтыру бөлімінің жетекшісі : Уалханова Ракия Нуралиновна
Байтоғасов К. С. Соқпақсыз қия кезеңдер: ғұмырнамалық естеліктер мен ой -толғаныстар/ К. С. Байтоғасов. - Өскемен, 2020.-296 б.
Құрметті оқырман қауым!
Атасын сыйлаған, анасын құрметтеген елдің баласымыз. Осы тағылым ұрпақтан ұрпаққа мирас болып келе жатыр. Алдыңғы толқын ағалардың атқарған істерін, бітірген жұмыстарын мақтан тұтатынымыз сондықтан. Кеңес Байтоғасов елдің еңсесін көтеруге, ілгері басуымызға, ел жұрттың биік мәртебеге ие болуына бір кісідей үлес қосқан азамат ретінде таныдық.
Ұсынылып отырған кітап бес бөлімнен тұрады. Бірінші, екінші бөлімдер Кеңес Серғазыұлының кіндік қаны тамған ауылы мен шежіреден сыр шертсе, үшінші бөлімде шығармашылық сапарлары әңгіме болды. Ал төртінші бөлім туған туыстарды қамтып тарих жазылса, бесіншісі қазақ кім ? Қазақ халқының ғұламаларының даналық ойлары мен шешендік сөздері жинақталған үлкен этнографиялық бөлім.Әр бөлімді тақырыптарғав бөліп, қарапайым тілмен оқырманға жеткізуге тырысқан.
Кітапты оқи отырып, Кеңес Серғазыұлының қызметтегі жетістіктеріне сүйсініп, өмірдегі ерекше қабілетіне тәнті боласыз. Кітаптан керегіңізді табатыңыңызға сенімдіміз.
Кітапты толықтыру бөлімінің жетекшісі : Уалханова Рақия Нұралықызы
Жерлес ақын Құлмағамбет Жарасбайдың "Алаштың асылдары" атты кітабы кітапхана қорында.
Кітап үш бөлімнен тұрады. Бірінші бөлімде Алаш қайраткерлерінің өмір жолына арналған шығарма дастандармен өздерінің шығармаларынан келтірілген дана, қанатты сөздері.
Екінші бөлімде ақынның ой пікірлері мен өлеңдері, үшінші бөлімде Ұлы Абайдың нағашысы Тонтай шешеннің ел аузында сақталған мысқыл-әңгімелері топтастырылған.
Кітап сіздің еншіңізде.
#Pushkinlibrary #Пушкинкітапханасы #лашқайраткерлері #алаштыңасылдарыі #қанатты сөз #мысқыләңгіме
Ұлы Абайдың 84 жыл бұрын жарық көрген кітабы табылды
Кеше ғана Ұлы Абайдың 175 жылдық мерейтой жылының шымылдығын ашқан біздің кітапхана ұжымы бүгін күтпеген қуанышқа кенелді. Кітапхананың қарт оқырманы Николай Мырзақанұлы Оспанов ақын Абайдың 1936 жылы латын харпінде жарық көрген «Таңдамалы өлеңдерін» кітапхана қорына сыйға тарты.
Кітап Алматы қаласындағы «Көркем әдебиет» баспасынан 1936 жылы басылып шыққан екен. Осыдан 84 жыл бұрын жарық көрген кітаптың тозығы жеткенімен, біз үшін аса құнды. Кітаптағы ұлы ақынның көп өзгеріске ұшырамаған өлеңдерімен қуана қауыштық. Өз дәуірінен сыр шертіп көңілге қуаныш ұялатқан кітапта әр өлеңнің қай жылы жазылғаны көрсетілген. Кітап иесі Н. Оспанов: «Осы кітапты әкем Мырзақан көзінің қарашығындай сақтап, қолына жиі алып отырушы еді. Мен арапша, латынша оқи білмеймін. Бірақ әкем қадірлеген осы кітапты ол кісі өмірден өткен соң 36 жыл бойы сақтадым. Биыл Ұлы Абайдың 175 жылдық мерейтойына орай, қолым
а алып, облыстық кітапханаға сыйға тартуды жөн көрдім. Сіздер бұл кітапты жоғалтпай, қажеттеріңізге жаратады деп сенемін»- деп ағынан жарылды. Кітапты көпшілік оқырман назарын ұсына отырып, «Біздің Абай» электрондық кітапханасы арқылы әлемдік желіге қоятынымызды айттық.
«Халық –қазына» деп халқымыз бекер айтпаған-ау. Әр отбасында көненің көзі болып сақталып қалған құнды жәдігерлер баршылық. Бірақ соны бағалай біліп, халық игілігіне ұсынатындар жоқтың қасы. Қарт оқырман Николай Мырзақанұлына алғысымыз шексіз. Ол кісіден үлгі алып, сандығыңызда жатқан көне кітаптар болса екінші өмір сыйлауға біз дайынбыз!