kl kz



>
Шығыс Қазақстан Интернетте
Мәдениеті мен өнері
Туристерге
Тарих беттерінен
Маңызды оқиғалар
«Туған өлкем – тұнған тарих» дәрістер циклы
ШҚО ауылдарының тарихы
Өскемен жайлы не білесіз?
Өскемен қаласының тарихы
Өскемен қаласындағы көшелер тарихы
Ескерткіштер
Аудан паспорттары
Шығыс Қазақстан облысы
Шемонаиха ауданы
Өскемен қаласы
Риддер қаласы
Алтай ауданы
Глубокое ауданы
Зайсан ауданы
Катонқарағай ауданы
Күршім ауданы
Марқакөл ауданы
Самар ауданы
Тарбағатай ауданы
Үлкен Нарын ауданы
Ұлан ауданы
Семей қаласы
Курчатов қаласы
Аягөз ауданы
Абай ауданы
Бесқарағай ауданы
Бородулиха ауданы
Жарма ауданы
Көкпекті ауданы
Үржар ауданы
Уланский район
Урджарский район
Шемонаихинский район
Алтын Алтай фольклоры
Алтай аңыздары
Шығыс Қазақстанның музыкалық мұрасы
Шығыс Қазақстанның әдеби мұрасы
Өлке табиғаты
Табиғи қорықтар
Табиғи ресурстар
Шығыс Қазақстанның 25 ғажайып орны
Шығыстың шипажайлары
Барлық-Арасан шипажайы
«Баян» шипажайы
Рахман қайнары
Уба шипажайы
Киелі орындар
Абылайкит
Берел қорымы
Қоңыр әулие үңгірі
Шілікті алқабы
Ашутас
«Алаш арыстары» үйі (Семей қ.)
Семей полигоны құрбандарына арналған «Өлімнен де күшті» монументі (Семей қ.)
Ф.М. Достоевскийдің әдеби-мемориалды үйі (Семей қ.)
«Абай-Шәкәрім» мемориалдық кешені
Қозы Көрпеш пен Баян сұлу мазары
Мұзтау
Соғыстың цифрлық жылнамасы: Шығыс Қазақстанның 1941-1945 жылдардағы ҰОС Жеңісіне қосқан үлесі туралы
Кеңес Одағының батырлары
Даңқ орденінің толық иегерлері
Брест қамалын қорғауға қатысқандар
30 - Гвардиялық дивизия
Жасырын партизандар
Еңбек армиясына қатысқандар
Тылда да Жеңіс шыңдалды
Ақын және майдангер-жазушылар кітаптарының виртуалды көрмесі
Соғыс ардагерлерінің естеліктері
Өлкетану альманағы
Өлкетану альманағы 2024
Өлкетану альманағы 2023
Өлкетану альманағы 2022
Өлкетану альманағы 2021
Өлкетану альманағы 2020
Өлкетану альманағы 2019
Өлкетану альманағы 2018
Өлкетану альманағы 2017
Өлкетану альманағы 2016
Өлкетану журналы 2014
Өлкетану альманағы 2015
Өлкетану альманағы 2013
Әріптестеріміздің шығармашылығы
Геология
Өлке зерттеушілері
Тарих. Этнография. Мәдениет
Қаламгерлер жайында
Білім беру
Ономастика
Дін
ҰОС жылдарында (1941-1945) ЕҢБЕК АРМИЯСЫ қатарында болған шығысқазақстандықтар
Бейнетоптама
Шығыс Қазақстан әдебиеті
Шығыс Қазақстанның әдеби және есте қаларлық орындары
Фэнзин фантастикалық журналы
Виртуалды көрмелер
Қ. Мұхамедханов: библиографиялық көрсеткіш
Экран дикторы

linka

dostyk uiyШығыс Қазақстан облысы әкімдігі мәде­ни­­­ет басқармасының «Облыстық Достық үйі» ком­муналдық мемлекеттік қазыналық кәсіп­­орны туралы тұрғындар арасында жақсы пі­кір қа­лыптасқан. Жақында Достық үйі құ­рыл­ғанына 20 жыл толу мерейтойын атап өтті. Об­лыс­тық мәдениет басқармасының бастығы Жақ­сы­лық Омар бұл орайда былайша ағынан жарылады.
– Қазақ жері кең байтақ, көңілі дарқан, талай тар жол, тайғақ кешуде тығырықтан шы­ғып қана қоймай, небір қилы заманда шеттен келген басқа ұлт өкілдерін жатсынбай қарсы алып, бауырына басты, төрін ұсынып, бір үзім нанын бөліп берді. Өскемендегі Достық үйі 1992 жылы дүниеге келді. 1995 жылы Шы­ғыс Қазақстан халқы Ассамблеясының об­лыстық Достық үйі облыс әкімі өкімі не­гізінде құрылып, заңды тұл­ға деп танылды. Оның салтанатты ашылуына Елбасы Н.Ә.На­зарбаев өзі арнайы келіп қа­тысып, ақжарма тілегін айтты, шырайлы шы­ғыстан бастау алған құнды тәжірибені елі­міз­дің бар­лық облыстарының қолдауы қа­жет екеніне, та­тулық пен сүттей ұйыған достық­тың Қазақ­стан халқы Ассамблеясының басты рөлі еке­ні­не тоқталды. Сонымен, кенді Алтай­дың тә­жі­рибесін Қазақстан Республикасы Прези­ден­­­ті Әкімшілігі зерттеп, барлық өңірге таратты. Облыс әкімі Бердібек Сапарбаев Дос­тық үйіне үнемі қамқорлық жасап тұра­ды, еліміздегі тұңғыш құрылған этноауылдың авторы да өңір басшысы, – деп мәдениет бас­қар­масының бастығы біраз жайлардан хабардар етті.
Қаланың көрікті жерінен орын алған Достық үйіне келдік. Екі қабатты, ежелгі архитектурамен көз тартатындай етіп әдемі салынған мекемені Эльдар Төлеубеков бас­қа­рады. Этномәдени бірлестіктердің көркемдік жетекшісі Оксана Доценко, әдіскерлік бөлі­м­нің меңгерушісі Айбарша Жұмаділова атқа­рып жатқан жұмыстарымен таныстырды. Дос­тық үйінің қызметкерлері өз міндеттері мен істерін ұқыптылықпен атқарып жатқаны бірден аңғарылады. Қазақстан халқы Ассам­блеясының мүшесі Лео Богданович Шик, тағы басқалар қолдан келгенін аямайды екен.
– Кеңес өкіметі кезіндегі бір тілді, бір дінді боламыз деген солақай идеология салдарынан қаншама ұлт өз тілінен, мәдение­тінен ажырап қала жаздады, оның ішінде қазақ халқы да бар. Ал тәуелсіз Қазақстан әр халықтың баласы өз ана тілін, салт-дәстүрін, мәдениетін, тарихын ұмытпасын деген мақ­сат қойды. Нәтижесінде республика бойынша Достық үйлері ашыла бастады. Бүгінгі таңда тек өзіміздің Шығыс Қазақстан облысында 8 Достық үйі бар, онда 82 этномәдени бірлестік жұмыс жасап жатыр, – дейді Айбарша Жұмаділова бізбен әңгімесінде.
Облыстық Достық үйінің мақсаты ұлт­ара­лық келісім мен тұрақтылықты нығайту, ха­лық­тар мәдениетін, ана тілін, салт-дәстүрін жаң­ғырту, мәдени мұраны сақтау, Қазақстан жас­тарын патриоттық сезімге тәрбиелеуге саяды.
Шығыс Қазақстан облысы аумағындағы тарихи-мәдени мұраны зерттеп, қалпына кел­тіреді, осында тұратын этностар туралы та­рихи-библиографиялық материалдар басып шығарады. Халық шығармашылығын, этно­мә­дени салт-дәстүрлерді және әдет-ғұрып­тарды насихаттап, сақтайды. Оларды әлеу­мет­тік-экономикалық және қазіргі тарихи жағ­дайға бейімдеу де басты назарда. Сонымен бірге, қызмет істейтін этномәдени бір­лес­тіктерге ана тілін оқыту жұмыстарын ұйым­дас­тыруға, халықтық музыкалық, көркем шығармашылық, қолданбалы өнер ұжымдары қызметіне тәжірибелік көмек көрсетеді, олар­дың қызметі үшін қажетті жағдай жасайды және этномәдени қоғамдық бірлестіктерге әдістемелік, ұйымдастырушылық және құ­қық­тық тұрғыда көмек қолын созады.
Қазіргі таңда Достық үйінде 12 этно­мә­дени бірлестік пен 9 қоғамдық бірлестік, Шы­ғыс Қазақстан халқы Ассамблеясының жас­тар қанаты мен ғылыми-сараптамалық ке­ңе­сі жұмыс істеуде. 2010 жылы «Алтын ар­қау» және оралман жастардан «Бір­лік» қоғамдық бірлестіктері құрылды. Бүгін­де этномәдени бірлестіктер облыста өтетін көптеген қоғам­дық маңызды және мәдени шаралардың ұйыт­қысы болып отыр. Сондай-ақ, этномә­дени бірлестіктердің жанынан құ­рыл­ған 20 шығармашылық ұжым бар. Олар Достық үйінің және облыстағы мәдени шара­ларға белсенді қатысады.
Достық үйі жұмысының ауқымы жыл са­йын кеңейе түсуде, мұнда әртүрлі тақырыпта ғылыми-тәжірибелік конференциялар, семинарлар, байқаулар, кездесулер, фестивальдар, атап айтсақ «Орыс өнері», «Казачье сторонушка», «Жыраулар» фестивальдары дәстүрлі өткі­зілуде, биыл алғаш рет «Күмбірле, домбыра, ойна, сырнай» фестивалі өтті. Жақында ғана Шығыс Қазақстан халқы Ассам­блея­сы­ның XVI сессиясы өтсе, кеше ғана «Халық­ара­лық келісім және толеранттылық – тұрақ­тылық негізі» атты халықаралық симпозиум болды. Сонымен қатар, халық мерекелері «Наурыз», «Масленица», «Ханука», «Рош-а-на», «Сабантуй», «Астық мерекесі», діни мерекелер «Құрбан айт», «Рождество», «Пасха», «Вардавар» және мемлекеттік мерекелер де жыл сайын Достық үйінде тойланады. Этно­мәдени бірлестіктер, тарихи отандарымен де байланыс жасап тұрады. Мұнда поляк, белорус, армян мемлекеттерінің елшілері өз диаспораларымен кездесуді дәстүрге айналдыр­ған. Достық үйі жылдық жоспар бойынша және жоспардан тыс 70 аса үлкенді-кішілі іс-шаралар өткізіпті. Ай сайын «Отанға деген сүйіспеншілік пен ұлтжандылықты, азамат­тықты тәрбиелеу» деген тақырыпта жоғары оқу орындарының оқытушылары дәріс жүр­гізеді. Достық үйі құрылған уақыттан бері игі дәстүр қалып­та­сып, жұмыс ауқымы кеңейе түсті. Атқарылып жатқан жұмыстар жайлы ай сайын шығары­латын мекеменің жеке басылымы «Ассамблея жаршысы» газе­тін­де кеңінен жарияланады. Қызметкерлер облыста тұра­тын этностар туралы тарихи-биб­лио­графия­лық материалдар басып шығаруды көздеген. Осы уақытқа дейін мұнда Шығыс Қазақ­стан­дағы белорустар, орыстар, поляктар, еврейлер, татарлар, туралы кітаптар жа­рық көрді. Өткізіліп жатқан ғы­лыми-практи­ка­лық кон­фе­ренциялардың материалдары жинақ және әдістемелік құралдар болып басылды. Ағым­дағы жылдың жаз айларында Достық үйінің этномәдени бірлестіктері этноауылда мәдени күндерін өткізді. Этно­ауылға келген қала халқы мен қонақтары өңірде тұратын халық­тардың салт-дәстүрімен, ән-жырымен кеңінен танысты. Осы атқарылған жұмыстардың қорытындысы ретінде «Бір шаңырақ астында» атты журнал жарыққа шығып, оның тұсаукесері болды.
Елбасы Н.Ә. Назарбаев 2010 жылы өткен Қазақстан халқы Ассамблеясының XVI сессия­сында сөйлеген сөзінде: «Осыдан 15 жыл бұ­рын іргесін қалаған Ассамблея өркениетті әлем­ге өзінің өміршеңдігін дәлелдеп берді. Қо­ғам­­дық келісімнің кепілі болған Ассамблея елі­міз­дегі тұтастықтың тұтқасына, бірліктің дің­ге­гіне, достықтың дәнекеріне айналды. Елі­міз­де­гі татулық пен тұрақтылықтың бере­келі беке­тіне айналуына Қазақстан халқы Ассамблеясы үлкен үлес қосып келеді», деген болатын.
Қазақстан халқы Ассамблеясының XVI сессиясында қойылған жаңа міндеттерді об­лыстық Достық үйі жүзеге асыру бойынша жұмыс атқаруда. Бұдан 20 жыл бұрын Дос­тық үйі Өскемен қаласында ашылса, 2010 жылы Қазақстан бойынша алғаш рет этно­ауыл да осында бой көтерді. 19 үй әр халықтың салт-дәстүрі бойынша жабдықтал­ған. Ағым­дағы жылдың жаз айларының жек­сенбі, сенбі күндері этноауылда этномәдени бірлестіктері мәдени күндерін, халықтық ме­ре­келерін көр­се­т­іп, қала тұрғындары мен қо­нақтардың демалыс күндерін жақсы өткізу­ле­ріне үлестерін қосты. Сөз реті келгенде айта кету керек, осы жылы «Шығыс Қазақстан мұ­сылман әйел­дері» қоғамдық бірлестігіне де 20 жыл толып отыр. Оны «Өскемен қала­сы­ның құрметті азаматы» Г. Етекбаева іскерлік­пен басқаруда. «Алтын арқау» қоғамдық бір­лес­тігіне Сағын­бек Ақанов жетекшілік етеді. Ал ақсақалдар алқасы жанынан құрылған «Атамұра» ансам­б­­лі ел Тәуелсіздігінің 20 жылдығына арнап 20 концерт берді. Оны «Құрмет» орденімен ма­рапатталған Фрунзе Жақсылықов басқарады.
Адам жанын ізгілікке бөлейтін, әр ұлт өкілдерін татулық пен бейбітшілікке үндейтін Достық үйіндегі өнеге тұтарлық істер алдағы уақытта да көңілдерге шуақ ұялата бермек.
Мерейлі де берекелі 20 жыл
Ағымдағы жылдың 2 қазаны күні об­лыс­тық Достық үйінің 20 жылдығына ар­нал­ған кешенді мерекелік іс-шара өтті. Ша­раның мақсаты – ұлттық бірлік Доктринасын жүзеге асыру, республика аймақтарында толе­ранттылық пен тұрақтылық жетістігін, этнос­аралық келісім идеясын насихаттау. Президент саясатын жүзеге асыруға бағытталған креативті идеялардың генераторы ретінде Шығыс Қазақстан облысының имиджін қа­лып­тастыру. Сонымен бірге, әрі қарай жал­пыұлттық бірлікті нығайту, ең алдымен республикамыздағы бейбітшілік пен келісім арқылы жастарды жоғары жауапкершілік сезімде тәрбиелеу.
Сонымен, Достық үйінде облыс әкімінің орынбасары Ермек Көшербаевтың төраға­лы­ғымен айтулы шараға арналып «Достық үйі бейбітшілік пен келісім бесігі» атты дөңгелек үстел ұйымдастырылды.
– Бүгінде бізден үлгі ала отырып, Қазақ­станның басқа да аймақтарында Достық үй­ле­рі, ұлттық мәдени бірлестіктер бой түзей бастады. Біз үнемі басқаларға үлгі бола біл­дік, – деп атап өтті облыс әкімінің орынбасары. Дөңгелек үстелге Ақмола, Ақтөбе, Жамбыл, Павлодар, Атырау, Қызылорда облыстарынан келген жұртшылық және қоғамдық ұйымдардың өкілдері қатысты. Сонымен бір­ге, арнайы шығарылған «Бірлігі жарасқан біз­дің үй» атты кітаптың тұсаукесері өткізілді. Достық үйі өзінің 20 жылдығын атап өтуді көктем шыға салысымен бастап кеткен болатын. Оның бастауы Достық үйінің жанынан тұрғызылған еңселі де сәулетті «Достық» стел­асы болса, одан кейін облыс орталы­ғы­нан «Достық керуені» акциясы мәре алып, республикамыздың өзге қалаларына жол тартқан еді. Акция қорытындысы Астана қаласында шығарылады.
Күн арайлап шығыстан шығатындықтан, тың идеялар да, жаңа бастамалар да шы­ғыс­тан бастау алады. Сондай бастамалардың бірі – облыс әкімінің этноауылды тұрғызу бастамасы. Бүгінде республикада алғаш құрылған этноауылға да екі жыл толып отыр, күннен-күнге әртүрлі жобалармен толығып, құлпы­рып, ажары ашыла түсуде. Облыстық Достық үйінің этномәдени бірлестіктері көктемнен бастап күзге дейін әртүрлі мәдени шараларын осы этноауылда өткізіп келеді. Достық үйінің 20 жылдығына республикамыздың түкпір-түк­пірінен арнайы келген қонақтарды, шы­ғар­ма­шылық ұжымдарды этноауылда бірлес­тік­тердің өкілдері өз үйлерінің алдында ұлт­тық тағамдарымен, айшықты ұлттық киім­де­рімен, әдемі әндерімен, әуезді күйлерімен қарсы алды. Қонақтар этноауылды аралап, оның жай-күйімен таныса жүріп, таңданыс­тарын жасырмады. Бұдан кейін этноауылдағы әкімшілік үйінде құрамында Д. Серікбаев атындағы Шы­ғыс Қазақстан мемлекеттік уни­верситетінің ғалым-оқытушылары дәріс оқи­тын Достық үйінің жанынан құрылған толе­ранттылық мектебінің «Мәдениетаралық то­ле­ранттылық кеңістігін қалыптастыру» атты оқу бағдар­ла­масының тұсаукесері өтті. Ке­лушілер этно­ауылдың сахнасында мәдениет басқармасы­ның қолдауымен өтіп жатқан «ЭтноРЭП» фестивалін тамашалады. Шара бағ­дар­ламасы бойыншы келесі бөлім Металлургтер сарайында облыстық Достық үйінің шығармашылық ұжымдары және еліміздің әр жерінен келген шығармашылық ұжымда­ры­ның қатысқан гала-концертімен жалғасты. Мерекелік концертте облыс әкімі Б. Сапарбаев құттықтау сөз сөйлеп, бірлік пен ын­ты­мақ­тастықтың жетістігі осы халықтар достығы екенін атап өтіп, этномәдени бірлестіктердің атқарып жатқан жұмысын жоғары бағалады.
Өңір басшысы Достық үйінің калыпта­суы­на, ұлттар арасындағы бірлік пен тату­лық­ты нығайтуға үлес қосқан бір топ бел­сен­ді азаматтарды грамоталармен, алғыс хаттармен марапаттады.
Ең бастысы еліміз бойынша алғаш ашылып, лентасын Елбасы қиған облыс орталы­ғындағы Достық үйінің 20 жылдық тойы өз мәнерінде өтті.
Оңдасын ЕЛУБАЙ,
«Егемен Қазақстан».ӨСКЕМЕН.
М.О. Әуезовтың өмірі мен шығармашылығына байланысты викторина біліміңді тексер

Викторина!

pllinkz

А.С. Пушкин атындағы Шығыс Қазақстан облыстық кітапханасы

шығыс қазақстан әдеби картасы

Шығыс Қазақстан танымал есімдер

addressbook001

addressbook002

© А.С. Пушкин атындағы Шығыс Қазақстан Облыстық Кітапханасы | Восточно-Казахстанская областная библиотека имени А.С. Пушкина. 1998-2024
Besucherzahler
счетчик посещений