Жыл сайын шығатын «Қазақстан-Ресей» әдеби-көркем альманағының төртінші басылымы 2018 жылы өзінің 20 жылдығын атап өткен Астананың мерейтойына арналады. Жинақта Қазақстанның тұңғыш президенті Н. Ә. Назарбаевтың Еуразияның жүрегінде жаңа астана тұрғызудағы рөліне арналған шығармалар. Альманахқа Астанада өткен «Ақ ордалы-Астана» халықаралық поэзия кешіне қатысушылардың әлем халықтары тілдеріндегі өлеңдері енгізілген.
Жинақтың тағы бір маңыздылығы - жинаққа кірген ақын - жазушылардың көпшілігі шығысқазақстандықтар - біздің жерлестеріміз. Несіпбек Айтұлының "Бәйтерек" поэмасынан үзінді, Нұржан Қуантайұлының "Көктем", "Қансонарда", "Тебінде" атты өлеңдері, Ұлықбек Есдәулеттің, Ақберен Елгезектің, Тыныштықбек Әбдікәкімовтің орыс және қазақ тілдеріндегі өлеңдері топтастырылған.
Кітапты Корея Республикасының ұлттық мәдени мұраларды зерттеу институты мен Қазақстан Республикасы Ұлттық музейі арасындағы «Көркемдік мұра бұйымдарын қазақ корей бірлесе зерттеулерін жүргізу туралы 2016 жылғы келісімге сәйкес басып шығару жоспарланған. Биыл жарық көрген каталог «Қазақстанның тас үйінді обаларынан табылған алтын зергерлік бұйымдарды бірлесе зерттеу» жобасы аясында қорытынды еңбек. Кітап қазақ, орыс тілдерінде.
Достар!
Окоптарға гүл бітіп, көзден қуалай аққан жас тамшылары әлдеқашан кеуіп кетсе де, соғыс салған жара әлі күнге жазылар емес.
Қаза тапқан, хабарсыз кеткен, ауыр күндерді бастан кешіріп соғыс тауқыметін тартқан отбасылық тарих ешкімді бей-жай қалдырмаса керек...
Биылғы жылы Ұлы Жеңіс мерекесі қарсаңында А.С. Пушкин атындағы облыстық кітапхана қызметкерлері Ұлы Отан соғысы жылдарында Еңбек Армиясы (Трудармия) қатарында болған шығысқазақстандықтардың тағдырын зерделеуге көңіл бөлмек.
Кімде –кімге аталар ерлігі қымбат болса Еңбек Армиясы қатарында болған аталарыңыз, туыстарыңыз, ауылдастарыңыз туралы қандай да бір болмасын деректердің ( эссе, очерк, фотосурет) электрондық нұсқасын ШҚ облыстық А.С.Пушкин атындағы кітапханаға (spravka@pushkinlibrary.kz; iimaspushkina@mail.ru) жіберулеріңізді сұраймыз.
Қазіргі ұрпақ Ұлы Отан соғысына қатысқан, майдан даласынан қайтпай қалған, тылда еңбек үлгісін көрсетіп, жеңіс жолында еңбек еткен боздақтар алдында бас иіп құрмет көрсетуіміз керек! Ол біздің адамгершілік парызымыз!
18 қаңтар күні А.С. Пушкин атындағы облыстық кітапханада жерлестеріміз - жазушы Мүсілім Құмарбеков пен ақын Ғалым Байбатыровты еске алу кеші өтті. Кездесуге журналистер, қос қаламгердің әріптестері, ағайын –туыстары жиналды. Кітапханашы Кемешева Меруерт «Шығыстың шырайын келтірген әз -ағалар» атты кітап көрмесіндегі қос қаламгердің шығармашылығына шолу жасады.
Сенсіз шабыт желкенін көтерер ме ?
Арманымның жаршысы, ару құсым
Айдынымнан белгісіз кете көрме, -деп жырлап жүрген Ғалым Айтқанұлы Байбатыров 64 жасқа қараған шағында дүниеден озған еді. 12 қаңтар күні тірі болса ағаның 70 жылдығын тойлап жатар едік.
Күнделікті күйкі тірлікте, өзін әманда көңілді ұстауға тырысатын, күйі келіспей жүрсе де көрінгеннің алдында күйіс қайырып жалынбайтын, жаспен де кәрімен де тел өскендей теңіндей қағытып, қатты қалжыңдасатын ағаларымыздың бірі - Мүсілім Құмарбеков еді.
10 қаңтар күні ағамыз тірі болса 80 жылдығын тойлап, әрі-сәрі болып жатар едік. Әттең....
Мүсілім Құмарбековтің өзіне ған тән стильмен жазылған « Қыз күлкісі», «Шынар» атты әңгімелері оқырманның іздеп жүріп оқитын кітаптары болған.
Халқымыздың ең құрметті үш биі: Төле би Әлібекұлының, Қазыбек би Келдібекұлының, Әйтеке би Бәйдібекұлының тікелей рухани тәлімгері болған, «Жеті жарғыны» құрастыруға қатысқан атақты 7 бидің бірі - Әнет бабаның өміріне арналған «Әнет баба: ғұмыры мен заманы» атты кітап (Астана: Фоллиант, 2017) жарық көрді.
Бұл кітап – Әнет баба (1628-1723) туралы эпопея, дастан, дәуірнамалық шығарма. Ғасырға жуық ғұмыр кешкен тұлғаның даналық, ұлылық, білімпаздық қырлары, замана сырлары, мемлекеттік саяси құқықтық ұстанымдары, араб-парсы тілдерін меңгерген көсемсөз шеберінің хандық дәуірде ерекше ел қалаулысы болғаны, әділдіктің туын ұстап, хан, билерге жол нұсқап отырғанына куә боласыз. Қазақ тарихында ерекше орны бар Ұлы баба өмірі, ерте замандағы қазақ шаһарлары Бұқара, Түркістан, Жетісайларға қатысты қызықты деректер қызықтырса кітапханаға асығыңыз!.