Қатонқарағай ауданының тумасы, жазушы, аудармашы Дидахмет Әшімхановтың туғанына 70 жыл (1950-2015)
ДИДАХМЕТ ӘШІМХАНОВ ТУРАЛЫ ӘРІПТЕСТЕР ЛЕБІЗІ
«Құдайсыздар» әңгімесін оқысақ, бүкіл момын қазақ елінің аянышты тағдырына түбегейлі көз жеткізетін тұтас әлемді көреміз. Япырмай, не сорақылықтарды көрген қайран халқым-ай демеске лажымыз жоқ. Мен өзім бұл әңгімені осы уақытқа дейін ешкім жазбаған классикалық әңгіме деп білем. Оның үстіне бастан-аяқ шынайылыққа құрылған кішігірім роман сюжетін арқалап тұр десем, жалған айтпағаным. Сейфолла ОСПАН,
Халықаралық «Алаш» сыйлығының иегері Дидахметтің нағыз талантты жазушы екенін оның маған сыйлаған «Аққабаның толқыны», «Он біріншікүз», «Жер аңсаған Сарыатан», «Самырсын сазы» атты кітаптарын қызығушылықпен оқығанда ғана білдім... Ол көркем шығармаларында адамдардың сан қилы тағдыры мен моральдық-этикалық, тұрмыстық оқиғаларын жазуға шебер екен. Қаншама араласып жүрсем де, Дидахметтіңкеремет білімділігін, адалдығы мен адамдық қасиеті. Қайырды НАЗЫРБАЕВ.
Шығармаларымен біте қайнасып кеткенін, оның парасатты, ойшыл жазушы екенін кітаптарын оқыған соң ғана білдім. Шығармалары қазақ рухани мәдениетінің алтын қорына қосылған қазына екеніне шүбә жоқ! Ахметжан АШИРИ, ұйғыр жазушысы.
«Босаға» атанатын үштағанын, яки «Ақниет, «Жылыжайдың қияры», «Сары самауыр» деген үш әңгімесін қазақ әдебиетінің қай буын қаламгері, қандай туындысынан да кем соқпас классикалық дүниелер деп білемін. Д. Әшімханұлы – әңгіме жанрының айтулы шебері, қазақ әдебиетінің қабырғалы қаламгері. Құлбек ЕРГӨБЕК,