5 қазан күні Ғайса Сәкен «Көкпен таласқан Көктауым, киелі мекенім Ақбауыр» атты кітабын А. С. Пушкин атындағы Шығыс Қазақстан облыстық кітапханасына сыйға тартты. Автор: «Біздің өңір туралы осындай кітап неге жоқ, әлде біздің ауыл ондай адамдардан кенде ме? - деген ойға шолып, сол ойдан туған туынды болды» - дейді. Бұл кітапты шығару бүгінгі күннің талабы. «Бұрынғыны білетін ақсақалдар өмірден кетіп жатыр, оны жас ұрпаққа жеткізу біздің аманатымыз»,- деп Бестерек ауылының тумасы, академик Зейнолла Самашев ойға ой қосқан екен.
Бәрінен биік – Қоңқайым, - деп ақын жырлағандай, Шығыс Қазақстан облыстық А. С. Пушкин атындағы кітапханаға катонқарағайлық азамат Саин Ауғанбаев «Түнгі аспан» атты өлеңдер жинағын сыйға тартты.
Ақ нөсер Сауыр төсінде – деп ақын жырлағандай Зайсан өңірінде туып, есімдері ел есінде қалған өнерпаздар туралы жаңа кітап келіп түсті. Жинақтың аты- «Зайсанды ән –күйменен әлдилеген» (Алматы. Құрастырушы – «Қайран Алтай, Марқакөл» деп өмірден зарлап өткен біртуар ақын Құмарбек Көпенұлының немересі –Бауыржан Құмарбеков.
22 қыркүйек 2017 жылы А. С. Пушкин атындағы Шығыс Қазақстан облыстық кітапханасына жазушы Тұрысбек Сәукетаев «Айқараңғысы», «Көлеңкелер патшалығы», «Мен-жындымын» атты кітаптарын сыйға тартты.
Қаламгер 1950 жылы 14 қарашада Алтай өлкесінде туған. 1968 жылы Шығыс Қазақстан облысындағы Күршім орта мектебін бітіріп, 1970 жылы С.М.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университеті (қазіргі әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті) журналистика факультетіне түсіп, осы университетті аяқтаған. Сәукетаев Тұрысбектің "Ұстаз" деп аталатын алғашкы өлеңі 1965 жылы Күршім ауданы "Коммунистік еңбек" газетінде жарияланған. Ол «Қилы тағдыр» атты романдар циклін жазған. Ал, «Айқараңғысы» романы – сол топтаманың беташары. Роман әйгілі желтоқсан көтерілісіне арналған. Сабира сияқты желтоқсан ерлерінің жан-дүниесіндегі санқилы сапырылысқан сезім-күйлер мейлінше шынайы бейнеленген. Кітапты оқып шығу Сіздің еншіңізде.
25 жыл бұрын азаттық таңымен бірге жаңа Тәуелсіз Қазақстан мемлекетінің тарихы бастау алды. Бұл жылдар Егемен еліміздің жылнамасына алтын парақтармен жазылды.
17 тамыз 2017 жылы Шығыс Қазақстан облыстық А. С. Пушкин атындағы кітапханада 2017 жылы «Нұрлы әлем» баспасынан шыққан үш томдық «Алтын тұғыр» атты кітаптың тұсаукесері болды. Тәуелсіздігіміздің 25 жылдық мерейтойы қарсаңында көптеген іс-шаралар ұйымдастырылды. «Ауылым-алтын тұғырым» шығармашылық бәйгесінің негізгі мақсаты-әдебиетке бет бұрған жастардың шығармашылығына қолдау көрсету және сол арқылы ауылдың бүгінгі тыныс тіршілігін, табиғатын кең тұрғыда дәріптеу.
А. С. Пушкин атындағы кітапхана қоры Дидахмет Әшімхановтың бірнеше кітабымен толықты.