Ел аузында, ел алдында жақсы атым аталса, Әке, Сенің аруағың риза болады деп сенем. Балалық балғын күндерімнің кірбеңсіз, алаңсыз өткені үшін, ұлтжандылық тәрбиеңіз бен өмірдей қымбат өнегеңіз үшін, Әке, мен Өзіңізге мәңгі қарыздармын!, - деген Шағангүл Жанаеваның сөздерін оқыған ата-анасы бар әрбір оқырман автордың «Қоңыраулы жылдар күмбірі» атты кітабын оқымай бей жай қала алмайды.
Семейде Алаш қозғалысының 100 жылдығы аясында қоғам және мемлекет қайраткері Әлихан Бөкейхановқа ескерткіш орнатылды.
2017 жылы 15 қыркүйекте Шығыс Қазақстан облысының Қарауыл ауылында Құнанбай Өскенбайұлына еңселі ескерткіш қойылды.
Кітапхана қорына аса құнды тарихи жәдігер – этнограф-тарихшы Құрбанғали Халидидің «Тауарих –и хамса-и шарқи Шығыстың бес тарихы» атты еңбегі қосылды.
Тарих ғылымдарының докторы, Жалпыұлттық тәуелсіз "Платиналы Тарлан" сыйлығының иегері, Германия Археологиялық институтының мүше-корреспонденті, көшпенділер мәдениетінің нағыз қазынасы саналатын Берел қорғанын ашқан археолог - жерлесіміз Зейнолда Самашевтың туғанына 70 жыл.
Көршілес Монғолияның Баян Өлгий аймағы Ақтан Бәби атындағы орталық кітапхана директоры Асқар Шаймардан бастаған бір топ кітапханашылар кітапханааралық әріптестікті нығайтып, тәжірибе алмасу үшін біздің кітапханада қонақта болды. Тәжірибе алмасу «Болашаққа көзқарас » жобасы аясында өтті.
Шығыс Қазақстан облыс әкімінің басшылығымен әрі қолдауымен 2011 жылдан бері «Алтай – Түрік әлемінің алтын бесігі» атты ғылыми –практикалық конференция өткізу дәстүрге айналып отыр.