Қойнауы қазынаға толы Алтын Алтай өңірі туралы аңыз-әпсана сізді қызықтыра ма?
2018 жылы Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру атты мақаласының «Туған жер» жобасында белгіленген міндеттерді жүзеге асыру барысында Қазақстан – Американ еркін университетінде «Менің Отанымның аңыздары» сайысы өткен еді. Сайысқа қатысқан шығармалар жеке жинақ болып жарық көрді. «Ертіс туралы аңыз», «Дана әже», «Бүркіт тауы»,»Екі асу» аңыздары туған өлке тарихынан сыр шертеді.
Өңір туралы аңыздарды оқығыңыз келсе,жаңа жинақпен таныс болыңыз:
«Менің Отанымның аңыздары» Республикалық сайысы: Сайыс шығармаларының жинағы - Өскемен, 2018, 149 б.
Менің мамам Фархинур Мұхамедханова = Моя мама Фархинур Мухамедханова. - Алматы : Dominant-print, 2018. - 66 б.
Сіңемін ойдың қалың нуларына
Жүрегім толқыды да, тулады да
Бейнесі Фая апамның мәңгі есімде
Бір ғасыр болды міне туғанына
Бас ием рухына құрметтеймін,
Арнаған ақ тілегін кірлетпеймін.
Дауылда, жауын да да қатар ұшқан,
Сұңқардың сыңары деп суреттеймін,-деп Әбубәкір Қайран ағамыз жырлағандай, Семей қаласында балаларының қолдауымен Фархинур Мұхамедханова анамыздың 100 жылдығы аталып өтті. Осы кездесуде «Менің мамам Фархинур Мұхамедханова = Моя мама Фархинур Мухамедханова» атты орыс, қазақ тіліндегі кітаптың тұсаукесері болды.
Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының Вице-президенті және академигі, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің ректоры - Сыдықов Ерлан Бәтташұлы Шығыс Қазақстан облыстық А. С. Пушкин атындағы кітапхана қорына бес кітабын сыйға тартты. Кітаптар ағылшын, қытай, орыс, қазақ тілдерінде. Биыл Шәкәрім Құдайбердиевтің туғанына 160 жыл толуына орай автормен онлайн кездесу болады.
Осы жинаққа кірген «Алтай балладасы» немесе «Алтайдың алқызыл модағайы» роман – мифіндегі оқиға Алтай тауларының Қаражал тізбегінде болған. Қаражалға шыға беріс жотаның үстінде ежелден келе жатқан тастан жиналған бірнеше зират бар. Сол жерді жергілікті халық «Қыз бейіті» деп атайды.
Алтай, А. Алтай новелласы [Мәтін] : роман - миф, повесть - аңыз, новелла / Алтай А. - Алматы : Өлке, 2001. - 292 б. - (Отырар кітапханасы).
Ақын, зайсандық жерлесіміз, Қазақстан Жазушылар Одағының төрағасы, Ұлықбек Есдәулеттің өлеңдеріне жазылған әндерден жинақталған «Періште қыз» атты жинаққа композиторлардың қалың жұртшылыққа кең танымал шығармалары мен әлі бейтаныс туындылары нотасымен енгізілді.
Олардың қатарында тыңдарман және көрерменнің жүрегіне ұялаған «Заман-ай», «Құс жолы», «Қара пима», «Көздеріне ғашықпын» секілді мәдени қазынаға айналған әндер бар.
Жинақ музыкатанушы мамандарға, өнер сүйер қауымға , жалпы әнқұмар көпшілікке арналған.
Есдәулет, Ұлықбек. Періште қыз [Мәтін] : әндер жинағы / Ұ. Есдәулет. - Астана : Фолиант, 2017. - 152 б.
Қазақ тарихындағы ақтаңдақтар көп-ақ.Әсіресе алаш ардақтылары жайлы деректер толығымен оқырман қолына жеткен жоқ.Сондай ақтаңдақтардың орнын толтыруда алаш қайраткері, халық ақыны Жақсылық Төленұлы туралы шыққан танымдық кітаптың орны ерекше. Есімі көп елене бермеген белгілі қоғам қайраткері Ж. Төленұлы мен оның үзеңгілес серіктері Әлімхан Ермеков, Мұхтар Әуезов, Жүсіпбек Аймауытов туралы тың деректерді оқи аласыз.
Сонымен қатар кітапта ақын Жақсылық Төленұлының шығармашылығы туралы айтылып, өлеңдері мен әңгімелері берілген.