Семей сынақ полигонының жабылғанына 25 жыл толды. Полигонның бүгінгі жай- күйі сізді алаңдата ма?
Семей полигонын залалсыздандыру жайындағы «Бұрынғы Семей сынақ полигонын қауіпсіз күйге келтіру жөніндегі ғылыми-техникалық және инженерлік жұмыстар кешенін жүргізу» атты үш томдық еңбек жарық көрді. Жинақтың авторлары: Н.Ә.Назарбаев , В.С.Школьник, Е.Ғ.Батырбеков, С.А.Березин, С.Н.Лукашенко, М.Қ.Ысқақов.
Жинақта ҚР Ұлттық ядро орталығының бұрынғы ССП әскери-өндірістік кешенін конверсиялау бойынша шетелдік әріптестерімен ынтымақтастықта жүргізген жұмыстарының, атом энергетикасы және радиоэкология қауіпсіздігі саласындағы ғылыми-техникалық ынтымақтастықтың қомақты тәжірибесі қамтылған.
Полигонның бүгінгі жай- күйі, экологиясы, залалсыздандыру мәселесі қызықтырса кітапханаға асығыңыз!
Белгілі қазақ жазушысы Роллан Сейсенбаев аса көрнекті шығармашылық қызметі үшін Антуан де Сент-Экзюпери атындағы халықаралық сыйлықтың лауреаты атанды. Мұндай шешім Германия мен Францияның әдебиет, өнер мен мәдениет қайраткерлерінің «Глория-Лион» ассоциациясы бірауыздан қабылдаған.
Осыған жалғасқан екінші жағымды жаңалық та көп күттірмеді. Америка Құрама штаттарының Сан-Франциско қаласында орналасқан Халықаралық Арт орталығы 2018 жылғы Джек Лондон атындағы халықаралық әдеби сыйлығының лауреаттарын жария етті. Мәртебелі сыйлықпен марапатталған әр елдің мәшһүр жазушыларының арасында көрнекті қазақ жазушысы Роллан Сейсенбаев та бар. Оның «Құм кезген өліктер» роман эпопеясы XXI ғасырдың таңдаулы романдарының бірі деп танылды. Жерлесіміз, дарынды жазушыны сыйлығымен құттықтап, еңбегіне шығармашылық шабыт, зор денсаулық тілейміз!
Кітапта Ұлан ауданының тумасы, Жаңа Қанай ауылының тұрғыны, Қазақ ССР халық ағарту ісінің озық қызметкері, мұғалім, Ұлы Отан соғысының ардагері Деменов Минай Даменұлының өмірі жжайлы жазылған. «Тағылымы биік тұлға» кітабынан Минай Даменұлының ұстаздық, отағалық, батырлық қырларымен таныса аласыз. Минай Даменұлының туғанына 100 жыл толуына орай шығарылып жатыр. Рухани жаңғыру кезінде жас ұрпақтың патриоттық сезімін оятуға септігін тигізетін кітап. Қарапайым, қайырымды, дана адамның көзін көрген әрбір азаматтың естелігі арқылы оның жаңа қырын, адамгершілігі мен ұлағаттылығын оқып біле аласыздар.
Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласы аясында Түркия Республикасы "Medeniyetin Burçları" ұйымының қолдауымен, 100 жаңа есім бағдарламасына енген үржарлық ақын, "Серпер" жастар сыйлығының иегері, докторант Ержан Жұмабектің "Sonsuzluk Şûlesi" атты жыр жинағын шығарды. Кітаптың тұсаукесері КАЙСЕРИ қаласында өтті.. Шығармашылық кешті ұйымдастырған түрік ағайындар.
Тұтқынға түскен қазақстандықтар туралы біз білеміз бе ? «Олар қашан ақталады»,- деген сұрақ әрбір қазақстандықты алаңдатады. Әлі күнге дейін белгісіз қанша солдат тұтқында болды. 600000 қазақстандықтардың хабар ошарсыз кеткені белгілі. Біразы қайтыс болды, жартысы партизан отрядтарына кетсе, мыңдаған адам тұтқындалды. Олардың көпшілігі сталиндік лагерлерьде болды. Олар кімдер, олар қайда, кім айтады ? Міне осы сұраққа автор Дина Игсатованың 2017 жылы шыққан «Право на добрую память» атты кітабынан жауап табуға болады.
«Қайым Мұхамедханов атындағы білім мен мәдениет орталығы" директоры Мұхамедхан Дина Қайымқызынан хат алдық.
Жаңа кітап шығару үшін орталық әңгімелер топтамасын қабылдайды. Онда бұрынғы ұрпақ өкілдерінің өмірі, өскен ортасы, ұлттық салт дәстүрге байланысты әңгімелер жиынтығы, қиын-қыстау жағдайдағы өмір шындықтары туралы жазылған туындылар қабылданады.