«Қайым Мұхамедханов атындағы білім мен мәдениет орталығы" директоры Мұхамедхан Дина Қайымқызынан хат алдық.
Жаңа кітап шығару үшін орталық әңгімелер топтамасын қабылдайды. Онда бұрынғы ұрпақ өкілдерінің өмірі, өскен ортасы, ұлттық салт дәстүрге байланысты әңгімелер жиынтығы, қиын-қыстау жағдайдағы өмір шындықтары туралы жазылған туындылар қабылданады.
Жерлесіміз Ғаббас Қабышұлының шығармашылығы ұнататын оқырмандар мен кітапсүйер қауым үшін жағымды жаңалық: автордың «Көңіл көгінде» атты кітабы түрік тілінде жарық көрді.
Облыстық «Дидар» газетінің әрбір санын оқырмандар және ұжым қызметкерлері тағатсыздана күтеміз. 25 қаңтар 2018 жылғы санындағы «Дидардың" серілері (достық шарждар) өте ұнады. Күнделікті сарыннан көрі біраз өзгеше мақаламен қауышып, осындай мақалалар көп болса екен деп тілейміз. Әзілін жазғандар - Мұратхан Кенжеханұлы, Есімжан Нақтыбайұлы, Дарын Нұрсапаров, суреттерді салған - Мерей Қайнаров, Нұржан Кенжеұлы екен.
Сіздердің алдарыңызда бірегей басылым-біздің өңірдің жас авторларының аударған көркем шығармалар жинағы. Бұл жинақ-олардың таланты мен білімінің, тіл мәдениеті мен сауаттылығына деген оң көзқарасының белгісі.
Құрметті оқырман!
Назарларыңызға 2018 жылға арналған айтулы күндер тізбесін ұсынамыз! Шығыс өңірі бойынша назардан тыс қалған айтулы датаны білсеңіз, хабарласыңыз. Біздің электронды адрес: spravka@pushkinlibrary.kz