Бәрінен биік – Қоңқайым, - деп ақын жырлағандай, Шығыс Қазақстан облыстық А. С. Пушкин атындағы кітапханаға катонқарағайлық азамат Саин Ауғанбаев «Түнгі аспан» атты өлеңдер жинағын сыйға тартты.
Саин Шанақұлы 1952 жылы 10 маусымда Катонқарағай ауданы, Таңба ауылында дүниеге келген. Балалық шағы Топқайың, Өрнек ауылдарында өтті. 1974 жылы Өскемен құрылыс жол институтын автомобиль көліктері инженері мамандығы бойынша бітіріп, әр түрлі салада инженер, ұстаз, жол маманы болып қызмет жасады. Ол өзіне адал, бірбеткей, жауапты азамат.
Ақын Саин Ауғанбаевтың бұл жинағына кезінде түрлі республикалық басылым беттерінде, жарқ көріп оқырман жұрттың ыстық ықыласына бөленген өлеңдері, сондай-ақ баспасөзде жарияланбаған жаңа жырлары да еніп отыр.
Автордың туған жер, өскен ел туралы жырлары өмірдің өзін өзек еткен шынайлығымен, жан сезіміңе рух беретін оттылығымен ерекшеленеді.
Сезімге толы өрнектелген сырлы өлеңдерін оқып, баға беру оқырманның еншісінде.