5 қазан күні Ғайса Сәкен «Көкпен таласқан Көктауым, киелі мекенім Ақбауыр» атты кітабын А. С. Пушкин атындағы Шығыс Қазақстан облыстық кітапханасына сыйға тартты. Автор: «Біздің өңір туралы осындай кітап неге жоқ, әлде біздің ауыл ондай адамдардан кенде ме? - деген ойға шолып, сол ойдан туған туынды болды» - дейді. Бұл кітапты шығару бүгінгі күннің талабы. «Бұрынғыны білетін ақсақалдар өмірден кетіп жатыр, оны жас ұрпаққа жеткізу біздің аманатымыз»,- деп Бестерек ауылының тумасы, академик Зейнолла Самашев ойға ой қосқан екен.
Бұл кітап не туралы? Кішкентай ғана ауылдардың іргетасын қалаған ата-бабалардың ерен еңбегін, қиын қыстау кезеңдерде басынан кешкен айтулы тарихын бүгінгі жас ұрпақ біле бермейді. Кітапта Бестерек ауылында туып өскен, бірақ қызмет бабында шартарапқа тарап кеткен тамаша жандар туралы әркім біле бермейтін, білсе де естерінде сақтамаған көптеген естеліктер ұсынылып отыр.
Бестерек, Ленинка ауылдарының тарихы, мектеп түлектері, Қаршыға шежіресі мен Ақбауыр үңгірі туралы білгіңіз келсе, кітапханаға асығыңыз!
Байланысшы: Уалханова Р.Н.
Тел. 26-13-33, ішкі 123