kl kz



>
Шығыс Қазақстан Интернетте
Мәдениеті мен өнері
Туристерге
Тарих беттерінен
Маңызды оқиғалар
«Туған өлкем – тұнған тарих» дәрістер циклы
ШҚО ауылдарының тарихы
Өскемен жайлы не білесіз?
Өскемен қаласының тарихы
Өскемен қаласындағы көшелер тарихы
Ескерткіштер
Аудан паспорттары
Шығыс Қазақстан облысы
Шемонаиха ауданы
Өскемен қаласы
Риддер қаласы
Алтай ауданы
Глубокое ауданы
Зайсан ауданы
Катонқарағай ауданы
Күршім ауданы
Марқакөл ауданы
Самар ауданы
Тарбағатай ауданы
Үлкен Нарын ауданы
Ұлан ауданы
Семей қаласы
Курчатов қаласы
Аягөз ауданы
Абай ауданы
Бесқарағай ауданы
Бородулиха ауданы
Жарма ауданы
Көкпекті ауданы
Үржар ауданы
Уланский район
Урджарский район
Шемонаихинский район
Алтын Алтай фольклоры
Алтай аңыздары
Шығыс Қазақстанның музыкалық мұрасы
Шығыс Қазақстанның әдеби мұрасы
Өлке табиғаты
Табиғи қорықтар
Табиғи ресурстар
Шығыс Қазақстанның 25 ғажайып орны
Шығыстың шипажайлары
Барлық-Арасан шипажайы
«Баян» шипажайы
Рахман қайнары
Уба шипажайы
Киелі орындар
Абылайкит
Берел қорымы
Қоңыр әулие үңгірі
Шілікті алқабы
Ашутас
«Алаш арыстары» үйі (Семей қ.)
Семей полигоны құрбандарына арналған «Өлімнен де күшті» монументі (Семей қ.)
Ф.М. Достоевскийдің әдеби-мемориалды үйі (Семей қ.)
«Абай-Шәкәрім» мемориалдық кешені
Қозы Көрпеш пен Баян сұлу мазары
Мұзтау
Соғыстың цифрлық жылнамасы: Шығыс Қазақстанның 1941-1945 жылдардағы ҰОС Жеңісіне қосқан үлесі туралы
Кеңес Одағының батырлары
Даңқ орденінің толық иегерлері
Брест қамалын қорғауға қатысқандар
30 - Гвардиялық дивизия
Жасырын партизандар
Еңбек армиясына қатысқандар
Тылда да Жеңіс шыңдалды
Ақын және майдангер-жазушылар кітаптарының виртуалды көрмесі
Соғыс ардагерлерінің естеліктері
Өлкетану альманағы
Өлкетану альманағы 2024
Өлкетану альманағы 2023
Өлкетану альманағы 2022
Өлкетану альманағы 2021
Өлкетану альманағы 2020
Өлкетану альманағы 2019
Өлкетану альманағы 2018
Өлкетану альманағы 2017
Өлкетану альманағы 2016
Өлкетану журналы 2014
Өлкетану альманағы 2015
Өлкетану альманағы 2013
Әріптестеріміздің шығармашылығы
Геология
Өлке зерттеушілері
Тарих. Этнография. Мәдениет
Қаламгерлер жайында
Білім беру
Ономастика
Дін
ҰОС жылдарында (1941-1945) ЕҢБЕК АРМИЯСЫ қатарында болған шығысқазақстандықтар
Бейнетоптама
Шығыс Қазақстан әдебиеті
Шығыс Қазақстанның әдеби және есте қаларлық орындары
Фэнзин фантастикалық журналы
Виртуалды көрмелер
Қ. Мұхамедханов: библиографиялық көрсеткіш
Экран дикторы

linka

рымбекРымбек Байсейітов 1922 жылы 8 қазанда Семей облысы, Абай ауданы, Қайнар ауылында дүниеге келген. Рымбек ата-анасының тірі қалған жалғыз ұлы болды, оның калған аға-інілерінің тағдыры ауыр қазаға әкеп соқты.

Орта білімді алысымен, Семей қаржы-экономикалық техникумына жолдама алады. Бірақ денсаулығының сыр беруіне байланысты ата-анасы оны оқудан алдыртып, ауылға колхоз есепшісі етіп жұмысқа орналастырады. Болашақ қаржыгердің еңбек жолы 17 жасынан бастау алады. Өмірлік жары Мақыш әжеміз болды.

Рымбек Байсеиітов майданға өз еркімен аттанды. Алматыдағы Панфиловшылар дивизиясымен қатар құрылған 100-ші арнайы атқыштар бригадасына қабылданады. Рымбек Кеңес Одағының батыры Мәншүк Мәметова, жазушы Әзілхан Нұршайықовпен бірге майдандас болады. Жазушы Ә.Нұршайықовтың өз естелігінде мынадай жолдар келтіріледі: «5 қаңтар күні менің майдандас достарым жау әскерімен бетпе-бет келгенде қарулас жолдастарымның үшінші батареясы жаудың отыз танкісін киратты. Взвод командирі Рымбек өзіне ыңғайлы орта тұстан орын алып, танкілердің бірінен соң бірін күйрете қырды, жау әскерлері шат-шадымен құмырсқалар сияқты тым-тырақай қаша жөнелді. Бірінші қатар мылтықпен алға, екінші қатар жойылғыш отпен алға! - деген Байсейітовтың бұйрықты дауысы шартарапқа естілді.  

       Рымбек Байсейітов өз басы үш танкты қиратқаны үшін взвод командирі ретінде Кеңес Одағының батыры атағына ұсынылды. Рымбек Ұлы Отан соғысының II дәрежелі орденімен марапатталды. Ұлы жеңісті ол Прибалтика жағалауында қарсы алды.

Соғыс аяқталған жылдары Семейдегі мелькомбинатта қабылдаушы болып қызмег атқарады. 27 жасында экстернмен емтихан тапсырып Семей қаржы техникумына қайта оқуға қабылданып, «Колхоз және халықтан салық жинау» мамандығының дипломын алып шығады. Кейін өз білімін жоғарылату мақсатында жалпы кеңестік қаржы инситутын сырттай тәмамдайды. Қаржыгер 1951 жылы Семей облыстық қаржы бөлімінде салық салу бөлімінің бастығы болып тағайындалады.1961 жылдан Қазақ КСР қаржы министрінің бірінші орынбасары, 1973 жылы республика Министрлер Кеңесінің баға жөніндегі мемлекеттік комитетінің төрағасы, 1974 жылдан бастап зейнет демалысына шыққанға дейін Қаржы министрі болды.

Екі мәрте Еңбек Қызыл ту орденімен, ІІ дәрежелі Отан соғысы орденімен, «Құрмет Белгісі» орденімен және медальдармен марапатталды. Семейде өзі оқыған қаржы-экономикалық колледжіге және Семей қаласының бір орталық көшесіне есімі берілді.

М.О. Әуезовтың өмірі мен шығармашылығына байланысты викторина біліміңді тексер

Викторина!

pllinkz

А.С. Пушкин атындағы Шығыс Қазақстан облыстық кітапханасы

шығыс қазақстан әдеби картасы

Шығыс Қазақстан танымал есімдер

addressbook001

addressbook002

© А.С. Пушкин атындағы Шығыс Қазақстан Облыстық Кітапханасы | Восточно-Казахстанская областная библиотека имени А.С. Пушкина. 1998-2024
Besucherzahler
счетчик посещений