Шығыс Қазақстан облыс әкімінің басшылығымен әрі қолдауымен 2011 жылдан бері «Алтай – Түрік әлемінің алтын бесігі» атты ғылыми –практикалық конференция өткізу дәстүрге айналып отыр.
Көне түркілер тамыр жайған Алтай әлемінің рухани келбетін айшықтауға бағытталған ғылыми зерттеу жұмыстарын сипаттайтын танымдық мақалалар енгізілген жаңа жинақ - ел дамуының жаңа кезеңіндегі басты міндеттерді орындау үшін жасалған сәтті қадам. Шығыс Қазақстанның топономикасы, экологиясы, түркі әлеміндегі мәдениеттер тоғысы, Алтайдың қасиетті орындары еуразиялық кеңістіктегі экономикалық ықпалдасу және туризм туралы келелі ойлар қозғалған.
Сонымен қатар қазіргі қазақ прозасында өзіндік қолтаңбасымен, көркемдік танымымен танылып отырған жерлесіміз Асқар Алтайдың шығармашылығы да қалыс қалмаған. Кешегі О. Бөкей, Қ. Ысқақ, Ә. Асқаровтардың ізбасары, туған өлкесінің сұлу табиғатын, Алтай суретін бейнелеген жазушы Асқар Алтайдың прозадағы дара жолына тоқталған. Жазушы шығармашылығындағы бүгінгі қоғам болмысы, заман шындығы суреттелген, жаңа ғасыр жүгін арқалаған философиялық терең мағыналы психологизмге құрылған туындылары жайлы сөз болады.
Бір қызығы төрт мемлекеттің меншігіндегі қарт Алтайдың төрт жағын да қазақтар ғана мекен етуде.
Алтай төсін мекендеген адамзаттың ізі қалған тарихи –рухани құндылықтармен танысқыңыз келсе кітапханаға асығыңыз!