Ақ нөсер Сауыр төсінде – деп ақын жырлағандай Зайсан өңірінде туып, есімдері ел есінде қалған өнерпаздар туралы жаңа кітап келіп түсті. Жинақтың аты- «Зайсанды ән –күйменен әлдилеген» (Алматы. Құрастырушы – «Қайран Алтай, Марқакөл» деп өмірден зарлап өткен біртуар ақын Құмарбек Көпенұлының немересі –Бауыржан Құмарбеков.
Шығыс өңірі қашан да таланттарға бай. Өнер өлкесінде өзіндік із қалдырған белгілі саңлақтарымыз ел есінде. Кезінде бүкіл одақты дүр сілкіндірген зайсандық өнерпаздардың көпшілігі бүгін арамызда жоқ. «Өлі разы болмай, тірі байымайды» -деген. Көзден кетсе де көңілден кетпес өнер тарландары жайлы білгіңіз келсе, кітапханаға асығыңыз!
Save
Save
Save
Save
Save
Save
Save
Save