kl kz



>
Шығыс Қазақстан Интернетте
Мәдениеті мен өнері
Туристерге
Тарих беттерінен
Маңызды оқиғалар
«Туған өлкем – тұнған тарих» дәрістер циклы
ШҚО ауылдарының тарихы
Өскемен жайлы не білесіз?
Өскемен қаласының тарихы
Өскемен қаласындағы көшелер тарихы
Ескерткіштер
Аудан паспорттары
Шығыс Қазақстан облысы
Шемонаиха ауданы
Өскемен қаласы
Риддер қаласы
Алтай ауданы
Глубокое ауданы
Зайсан ауданы
Катонқарағай ауданы
Күршім ауданы
Самар ауданы
Тарбағатай ауданы
Ұлан ауданы
Семей қаласы
Курчатов қаласы
Аягөз ауданы
Абай ауданы
Бесқарағай ауданы
Бородулиха ауданы
Жарма ауданы
Көкпекті ауданы
Үржар ауданы
Уланский район
Урджарский район
Шемонаихинский район
Алтын Алтай фольклоры
Алтай аңыздары
Шығыс Қазақстанның музыкалық мұрасы
Шығыс Қазақстанның әдеби мұрасы
Өлке табиғаты
Табиғи қорықтар
Табиғи ресурстар
Шығыс Қазақстанның 25 ғажайып орны
Шығыстың шипажайлары
Барлық-Арасан шипажайы
«Баян» шипажайы
Рахман қайнары
Уба шипажайы
Киелі орындар
Абылайкит
Берел қорымы
Қоңыр әулие үңгірі
Шілікті алқабы
Ашутас
«Алаш арыстары» үйі (Семей қ.)
Семей полигоны құрбандарына арналған «Өлімнен де күшті» монументі (Семей қ.)
Ф.М. Достоевскийдің әдеби-мемориалды үйі (Семей қ.)
«Абай-Шәкәрім» мемориалдық кешені
Қозы Көрпеш пен Баян сұлу мазары
Мұзтау
Шығыс Қазақстан соғыс жылдарында
Соғыс балалары
Кеңес Одағының батырлары
Ардагерлер еске алады
Соғысқа қатысушылар
Партизандар қозғалысы
Тылдағы аналар
Тылдағы ерен еңбек
30 - Гвардиялық дивизия
Брест қамалын қорғауға қатысқан шығысқазақстандықтар
Еңбек армиясы
Өлкетану альманағы
Өлкетану альманағы 2024
Өлкетану альманағы 2023
Өлкетану альманағы 2022
Өлкетану альманағы 2021
Өлкетану альманағы 2020
Өлкетану альманағы 2019
Өлкетану альманағы 2018
Өлкетану альманағы 2017
Өлкетану альманағы 2016
Өлкетану журналы 2014
Өлкетану альманағы 2015
Өлкетану альманағы 2013
Әріптестеріміздің шығармашылығы
Геология
Өлке зерттеушілері
Тарих. Этнография. Мәдениет
Қаламгерлер жайында
Білім беру
Ономастика
Дін
ҰОС жылдарында (1941-1945) ЕҢБЕК АРМИЯСЫ қатарында болған шығысқазақстандықтар
Бейнетоптама
Шығыс Қазақстан әдебиеті
Шығыс Қазақстанның әдеби және есте қаларлық орындары
Фэнзин фантастикалық журналы
Виртуалды көрмелер
Қ. Мұхамедханов: библиографиялық көрсеткіш
Экран дикторы

linka

1920 жылы Ақшоқы өзенінің бойындағы дала Қытайға жалға берілді. Егіндік жерлерде апиын алу үшін мак өсірілген. Арам жөптен тазарту жұмыстарын Подгорное аулының тұрғындары жүргізетін. Олар жер тамдарда-«фанзаларда» тұрған, ол тамдардың қабырғалары әлі күнге дейін ауыл шеттерінде бар. Жер тамдардың тоғанның суы басып, құлап, тұрғындарын жер-су басып,  соның салдарынан ауыл тұрғындарының ішінде ауыр жарақат алған жағдай да болған. 
Малдарын асырау үшін, бір жерден екінші жерге көшіп жүрген қазақтар мекендеген.
Қазіргі ауылдың орнында үш қыстау тұрған: Толмачевтардың, Горковенконың, Ревенконың. 1921 жылы ауылдың оңтүстік жағында 8 шақырымдай жерде «Северная заря» коммунасы құрылды. Коммунарлар тек негізгі өндіріс құралдарымен ғана бірікпей, сондай – ақ, ұсақ мал мен үй құстарын да қосты. Кіріс бәріне тең бөлінгендіктен, коммунарлар арасында реніш пайда болды. Коммуна 1927 жылға дейін жұмыс атқарды. Коммунарлардың жартысы Үржар ауданының Малақ ауылына қоныс аударып, қалған жартысы жергілікті ауыл тұрғындары болып қалды. Ауылдың алғашқы тұрғындары: Безруковтар, Барабановтар, Бондаревтар, Чабановтар.  Алғашқыда ауыл «Петроград» деп алғашқы ауыл тұрғыны Петр Безруковтың атымен аталған. Ауылда 30 шақты шаруа үйі бар болатын, коммунарлардан басқа Подгорное ауылының тұрмыстары нашар шаруалары көшіп келді.
1929-1930 жылдары ауыл шаруашылығында жаппай коллективтендіру жүрді. Жұмысшы табына одақтың ең басты күші болғандықтан, сұранысы қатал болды. Партия ауылға мықты кадрларын жіберді. 1930 жылы Петроград ауылында «Часовой партизан» колхозы құрылды. Колхоздың  бірінші кохоз председателі болып Гудков тағайындалды, ол партияның ауылды жерге жіберген 25 мың жұмысшыларының бірі, Москваның бір заводтың жұмысшысы еді.  Колхоздағы 6 атты соқа 400-600 га жер жыртты. Қазіргі таңда Гудков Павлодар қаласында тұрады. 1976 жылы наурыз айында мектеп оқушыларымен кездескенде, ол колхоздың қалай құрылғанын, колхозшылардың аянбастан еңбек еткендігін баяндап айтып берді.  Сол кездесудің құрметті қонақтары және еңбек ардагерлері: Оводов, Бондарев, Камнев, Рыспаев  құрметті пионер қатарына қабылданған еді. 1931 жылдан бастап «Петроград» атауын өзгертіп, Ақшоқы ауылы деп аталды.  Колхоз құрылған кезде еңбек сапасы мен істеген күніне қарай емес, адам санына байланысты төленді, бірақ еңбек тәртібі сақталмай, кейде жұмысқа шықпаушылық жағдайлары көбейді.  Малға дұрыс қарамағандықтан, қырылып, басқа да шығын көбейгендіктен, еңбек ақыны істеген күніне және сапасына қарай төлейтін болды. 1931 жылы қазақтар көшпелі өмірін қойып, «Бірлік»  колхозын құрды. Қазір ол жерде Мезенцев атындағы застава орналасқан. «Бірлік» колхозы жанында «Талпын кедей»  деген колхоз құрылды.  1939 жылы бұл екі колхоз біріктіріліп, «Қызыл ауыл» атанды. 1953 жылы осы колхоздың колхозшылары Ақшоқының оңтүстік жағына қоныстана бастады. Ақшоқы ауылының ішінде екі колхоз болды. «Қызыл ауыл» және «Часовой  партизан». 1933 жылы өндірістік бригадалар құрылды.  Басты мақсат-сауатсыздықты жою үшін күрес. Сауатсыздық өндірісті және ауыл шаруашылығын жетілдіруге зиянын тигізді. Жаппай оқыту балалардан бастау керек болды. Олар міндетті түрде орта білімді болу керек. 
1935 жылы ауылға 2 доңғалақты трактор келді.  Оны қарсы алуға бүкіл ауыл тұрғындары шықты. Дарылдаған тарктор оларға бір керемет нәрседей көрінді.  Түтінін будақтатып, артынан топырақ  шашыратып  келген тракторды колхозшылар қуып, жүріп отырды. Ең  бірінші тракторшы Воронин деген адам еді. 1937 жылы ауыр жүк машинасы да келді. Ең бірінші  жүргізушілер Коленов В.И., Андреев В. болған еді.  Сол кезде    ауылға комбайнда келді. Алғашқы комбайыншылар Төлегенов Әлім және Коленова Мария болды. Суармалы жерлерде кеңейе бастады. Колхоздың мал-мүлкі өздерінде болғандықтан, бұрыңғы кедейлерге өз тұрмыстарын жақсартуға көп мүмкіндік туды. Әрбір жанұяны нанмен толық қамтамасыз етті. Жеміс-жидек, ет, майды да колхоздан алып отырды. Жаңадан құрылған колхоз өзінің ертеңгі күнін де ойлады. Колхоздың мал-мүлкі өздерінде болғандықтан, бұрыңғы кедейлерге өз тұрмыстарын жақсартуға көп мүмкіндік туды. Колхоз әрбір жанұяны нанмен  толық қамтамасыз етті. Жеміс-жидек, ет, майды да колхоздан алып отырды. Жаңадан  құрылған колхоз өзінің ертеңғі күнін де ойлады. Бірінші қаржысына  құрылыс жұмыстарын жүргізді, мал сатып алды. Колхоздың фонды  көбейді. Жылдан –жылға алып отыратын бидай өнімі көбейіп, мал  басы да өсе бастады. 
1937 жылы колхозда 140 сиыры бар өндіретін ферма ашылды. Үздік сауыншылардың бірі Ф.Чертко, Е.Чабанова, Каденовалар болды. Колхозда тракторшылармен, комбайншылар арасында еңбек жарыстары болып тұрады. Алдыңғы қатарлы  механизаторлар: Кемеровский, Каменов, Огиенко Н.,  еңбекте жоғары нәтижелер көрсетті. 1938-1939 жылдары колхозшылар 1 гектардан 16 центнер бидай алу үшін және әрбір сиырдан 3000 литр сүт алу үшін күресті. Жарбулақ ауылының шетінде орналасқан Уәлі аулының тұрғындары Ақшоқыға көшті. Олар «Часовой партизан» колхозына қосылып, ауылдың батыс жақ көшісіне қоныстады.Көшенің атын «Ленин жолы» деп атанды. 1941 жылы Ұлы Отан соғысы да басталды. Колхозшыларға  ауыр жүк түсті, олар майданға  тамақ және киім  жөнелтті. Колхозда жұмысшы күші азайып және техника  тоқтап қалды. Әйел адамдар ішінен тракторшылар да шықты. Олар: Курганская Мария, Конақбаева Айнаш, Самодаева Полина, Анна Ивановская, Воронина А., сияқты төзімді, жұмыскер әйелдер еді. Ауыл шаруашылығы өнімдерін көбейтіп, жақсарту үшін 1943 жылы колхозшылардың еңбек күні көбейтілген еді. Бидай өнімдерін жинауға, Володарский атындағы фабрика мен Семейдің «Большевичка» фабрикасы көп көмек көрсетті. Колхозшылардың аянбай еңбек еткеніне байланысты, ауылшаруашылық өнімдерінің сапасы артты. 1950 жылы «Часовой партизан» мен «Красный пограничник»   колхоздары бірігіп, «Красный пограничник» атанды.  1955 жылы «Красный пограничник» колхозы Бақты аулының «Ленин» колхозымен бірігіп, бір үлкен «Ленин» колхозы болды. 1957 жылы «Ленин» колхозы «Бақты» қой совхозы болып қайта құрылды. Ал Ақшоқы ауылы  осы совхоздың №3 бөлімшесі болды. Тұңғыш совхоз директоры болып Пинчук Трофим Савельевич тағайындалды. Партия ұйымының және жұмысшылардың еңбегінің арқасында ауылдың жағдайы жақсарды. Ауыл күннен күнге көркейіп, өсіп, кемелдене бастады. Бұрыңғы иен дала әп-әсем, өсіп келе жатқан шағын елді мекен пайда болды. Ауылдың мәдени жағдайы көтерілді. Ауыл тұрғындарына арналып 2 дүкен, 2 кітапхана, 8 жылдық мектеп, радиоторабы, электростанция, наубайхана, медициналық пункт, балабақша және клуб салынды. 1974 жылы  №3 және №4 бөлімше «Пограничный» ет совхозы болды. Директоры  Төлеутай Жолдыбаев болды. Совхозда 2300 бас ірі қара, 12000  қой; 16,3 мың егістік болды.  Совхоздың негізгі бағыты мал және егін шаруашылықтары болды.  3 жылдың ішінде 57 тұрғын үй, асхана, кеңсе, монша және 3 стандартты мал бордақылайтын  фермалар салынды. 1981 жылы совхозға Жирентаев Төлеген Бәкейұлы директор болып тағайындалды. Төлеген Бәкейұлы директор болып қызмет  істеген  жылдары совхоз экономикасы мен ауыл мәдениетін көтеруге көп еңбек сіңірді. Оның тұсында ауылда жаңа мектеп, мәдениет үйі, балабақша, су құбыры, дүкендер,  МТМ, асхана, аурухана, қонақ үйі, тұрмыс қажетін өтеу үйі, Ұлы Отан соғысында қаза тапқандарға ескерткіш салынды.Сол жылдары совхоздың даңқы республика, одақ көлемінде танылды. Совхоз бірнеше мәрте ВДНХ –ның көрмесіне қатысып, сыйлықтармен марапатталды. 1990 жылы Жирентаев Төлеген ауданға басшы қызметке ауысып кетті. Оның орнына Масалимов Мұхамедрақым директор болып келді. 1996 жылдан бастап совхоздан жеке шаруа қожалықтары бөлініп шыға бастады. Қазіргі күнде Ақшоқы ауылында шаруа қожалықтары бар, барлығы 27 шаруа қожалықтары бар: «Бірлік», «Бәкей», «Қайрат», «Сенім», «Кәкен», «Мыңғой Агро», «Бибі», «Ерасыл», «Нұрахмет», «Медет», «Самал» т.б. Қазіргі күнде Ақшоқы ауылында төрт түлік малдың саны - ірі қара 4200, 4200 мың қой,1200 жылқы. Мың үй бар. 
Ақшоқы - Шығыс Қазақстан облысы, Үржар ауданындағы ауыл. Орталығы Ақшоқы ауылдық округі.  Үржар ауданына дейінгі арақашықтығы 139 км. Тұрғыны 1 мың адам. Ақшоқы ауылының  құрамына Подгорное  ауылы кіреді. Ақшоқы ауылы Тарбағатай тауының бөктерінде орналасқан. Жер бедері таулы қыратты болып келеді. Тау беткейлері сайлармен тілімденген. Ауылдың шөбі шүйгін, суы мөлдір, ауасы таза.Таудың қара және қоңыр топырағы бұта аралас боз, жусан, сұлыбас,бетеге өседі. Баурайы мал жайылымына пайдаланылады. Ақшоқы ауылының шығыс жағалауы Қытай Халық Республикасымен көршілес жатыр. Мемлекеттік шекара арқылы бөлінген.
Ақшоқы ауылының координатасы 46°56̍ 11̎̎  с.е. 82° 51̍ 36̎ ш.б.; 46.93639° с.е. 82.86000 ш.б.
Уақыт белдеуі: UTC+6:00
Климаты қоңыржай, шұғыл континентті. Ауа температурасының тәулік ішінде, сондай-ақ жыл ішінде ауытқып тұрады. Сонымен бірге жазық, таулы бөлікте жылдық және айлық орта температура таулы аймақтарда биікке көтерілген сайын өзгереді.
Ақшоқы – Алакөл алабындағы өзен. Ұзындығы - 59 км. Су алабынының ауданы 572 км². Су алабы Алакөл алабына жатады. Тарбағатай жотасының мұздықтарынан басталып, сағасы Қытай жерінде құмға сіңіп кетеді. Көп жылдық орташа су ағымы 2,61м³/с. Қараша айының аяғында суы қатып, сәуірдің басында мұзы ериді. Жайылмасы шабындыққа пайдаланылады. Өзен  қар суымен, жаңбыр суымен, мұздықтармен қоректенеді. Көктем мезгілінде,  яғни сәуір айында өзен суы арнасынан асып, тасиды. Ақшоқы өзені тау өзені болғандықтан ағыны қатты. Ақшоқы өзені балыққа бай және онда кәсіптік маңызы бар патша балығы фарель бар. Өзен суын халық шаруашылыққа пайдаланады. Суармалы егіншілікке, шабындықтарды суаруға және суландыруға, мал шаруашылығына пайдаланады. Өзен бойында жыңғыл, жиде, қара тал, қайыңды, теректі, жабайы ағашты алма, өрік, ақтерек өседі.
Жер бедерінің топырақ түзудегі ролі жергілікті жердің жер бедеріне байланысты. Жергілікті жердің топырағы қара қоңыр болып келеді. Топырағы өте құнарлы. Бау-бақшаларда алманың барлық түрі, алмұрт, өріктердің көптеген түрі, шиенің екі-үш түрі өседі. Таулы аймақтары өсімдік жамылғысына бай. Тарбағатайдың таулы даласында итмұрын,долана,бөріжидек кездеседі. Сонымен бірге таудың бөктерінде бұталы өсімдіктерден: тау қарақаты, таңқурай, қой бүлдірген, сиыр бүлдірген өседі.
Жергілікті жерде өсетін дәрілік өсімдіктер өте көп. Бірақ біздер олардың қандай қасиеті бар екендігін біле бермейміз. Оларды көбінесе арамшөптердің қатарына жатқызып бау-бақшадан жұлып тастаймыз. Әсіресе, бақбақ, жолжелкен,қалақай, түйежапырақ, жусан, қырықбуын, т.б. өсімдіктер. Дәрілік өсімдіктерді дайындаған кезде арнайы ережелерді білу қажет.
Ақшоқы ауылы жануарлар дүниесіне бай. Жыртқыш, жабайы аңдар Тарбағатай тауында көптеп кездеседі. Олар: аю, қасқыр,арқар, марал, елік, түлкі, қоян, борсық, суыр, қосаяқ, кірпі және құстардан: бүркіт, қарақұс, бөдене, қырғауыл, кекілік, көгершін, құр, үкі,жапалақ,тоқылдақ, дуадақ, тырна, дала үйрегі, дала қазы, қарлығаш, торғайлардың алуан түрі мекендейді. Бауырымен жорғалаушылардан жыландар мен кесірткелердің көптеген түрлері кездеседі.
Тарбағатай тауының Барқытбел деген төл атауының өзгеруі де моңғол тіліндегі суырлы тау ( тарбаға- суыр,тай – тау) деген ұғымға байланысты туындаған. 
Аякөз,Тарбағатай аудандарының, Талдықорған облысындағы Алакөл ауданының меншіктеп алған ұлы тұлғаларына айналып кеткен.
Тарбағатайда өсетін ағаш – бұталар – тал,қайың, терек, қаратал, шілік, ырғай, сарыағаш, арша.
Жеміс ағаштары – алма(ранет), долана, қарамойыл.
Жеміс – жидектер – бүлдірген, қарақат, тошала, зирек (барбарис).
Сәуір айынан бастап – таусарымсақ, мамырда – рауғаш, маусым – шілдеде – бүлдірген, тамызда – қарақат,тошала, қыркүйекте зирек пісіп жетіледі.Әсірелеп айтқанда, бұл тауда жүрген адамның көктемнен қара күзге дейін жемістен аузы кеппейді деуге әбден болады.
Ал енді мұнда өсетін шөптерге келетін болсақ, олар – көк бетеге, тарлау, бидайық, раң оты, тау жалбыз, су жалбыз, селеу, көк қияқ, айғыр қияқ, бірсалар, қараңдыз, бетеге, ақ жусан, қара жусан, өгей шөп, алтын тамыр, у қорғасын, күшәлә, шәй шөп, адыраспан, қышыма, ермен, құм сағыз, майсасыр, бөлтірік, ебелек және т.б шөптер.
Аңдары – таулы аймақта аю, қасқыр, сілеусін, мәлін, түлкі, суыр, ор қоян, марал, қарсақ, елік, арқар, тау ешкі.
Құстары – бүркіт, лашын, ақ сұңқар, қаршыға, ителгі, күйкентай, шәуқарға, ұлар, кекілік, шіл, үкі, жапалақ және т.б құстар.Өзен бойларында үйрек, қызғыш, балықшы, зымыран кездеседі. 
Жер қыртысында пайдалы қазбалар да кездеседі. Солардың бірі Подгорное ауылындағы көмір, рудасыз пайдалы қазбадан әктас өндіріледі.
Ақшоқы ауылының тұрғындарының саны 1 мың адам. Олардың ресми тілі-қазақ тілі. Ауылда басқа ұлт өкілдері: орыс, беларус, татар, ұйғырларда тұрады. Ауыл халқы қонақжай.
Ауыл шаруашылығын өркендетуде жеке меншік қожалықтар саны жылдан жылға артып отыр. Барлығы заманауи техникалармен қамтамасыз етілген. Қазіргі таңда  жиырма шақты  ірі шаруақожалығы бар. Олардың негізгі кәсібі егін шаруашылығы және мал шаруашылығы. Ауылда төрт түлік малдың барлығын өсіреді. Ірі қара, қой, ешкі,шошқа, омарта шаруашылығы, құс шаруашылығы жақсы дамыған. Дәнді дақылдардан:бидай, күздік бидай, арпа, сұлы, жүгері, тары және техникалық дақылдардан күнбағыс, картоп, сафлор(ақ шемішке) өсіріледі.
Ауылымыздың көрікті жерлерінің бірі: мәдениет үйі, зәулім мектеп, аурухана, байланыс бөлімшесі, мешіт, қатымхана, бірнеше дүкендер, комендатура.
Ақшоқы орта мектебі тарихы тереңнен бастау алады. Өткен ғасырдың І жартысында, нақты айтсақ 1930 оқу жылынан бастап Қазақ ССР Оқу Комиссариатының бұйрығы негізінде үш кластық бастауыш мектеп болып құрылып, ең алғашқы білім жолындағы қаржылы  қызметін жүзеге асыруға бел шеше кіріседі. Колхоз басшылығы мұғалімдердің материалдық жағдайын жақсарту үшін көптеген шаралар жасады. Әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларынан шыққан оқушыларына тегін оқулық, кітап, дәптер, жазу құралдарын таратып, көмек жасады.
М.О. Әуезовтың өмірі мен шығармашылығына байланысты викторина біліміңді тексер

Викторина!

pllinkz

А.С. Пушкин атындағы Шығыс Қазақстан облыстық кітапханасы

шығыс қазақстан әдеби картасы

Шығыс Қазақстан танымал есімдер

addressbook001

addressbook002

© А.С. Пушкин атындағы Шығыс Қазақстан Облыстық Кітапханасы | Восточно-Казахстанская областная библиотека имени А.С. Пушкина. 1998-2024
Besucherzahler
счетчик посещений