kl kz



>
Шығыс Қазақстан Интернетте
Мәдениеті мен өнері
Туристерге
Тарих беттерінен
Маңызды оқиғалар
«Туған өлкем – тұнған тарих» дәрістер циклы
ШҚО ауылдарының тарихы
Өскемен жайлы не білесіз?
Өскемен қаласының тарихы
Өскемен қаласындағы көшелер тарихы
Ескерткіштер
Аудан паспорттары
Шығыс Қазақстан облысы
Шемонаиха ауданы
Өскемен қаласы
Риддер қаласы
Алтай ауданы
Глубокое ауданы
Зайсан ауданы
Катонқарағай ауданы
Күршім ауданы
Марқакөл ауданы
Самар ауданы
Тарбағатай ауданы
Үлкен Нарын ауданы
Ұлан ауданы
Семей қаласы
Курчатов қаласы
Аягөз ауданы
Абай ауданы
Бесқарағай ауданы
Бородулиха ауданы
Жарма ауданы
Көкпекті ауданы
Үржар ауданы
Уланский район
Урджарский район
Шемонаихинский район
Алтын Алтай фольклоры
Алтай аңыздары
Шығыс Қазақстанның музыкалық мұрасы
Шығыс Қазақстанның әдеби мұрасы
Өлке табиғаты
Табиғи қорықтар
Табиғи ресурстар
Шығыс Қазақстанның 25 ғажайып орны
Шығыстың шипажайлары
Барлық-Арасан шипажайы
«Баян» шипажайы
Рахман қайнары
Уба шипажайы
Киелі орындар
Абылайкит
Берел қорымы
Қоңыр әулие үңгірі
Шілікті алқабы
Ашутас
«Алаш арыстары» үйі (Семей қ.)
Семей полигоны құрбандарына арналған «Өлімнен де күшті» монументі (Семей қ.)
Ф.М. Достоевскийдің әдеби-мемориалды үйі (Семей қ.)
«Абай-Шәкәрім» мемориалдық кешені
Қозы Көрпеш пен Баян сұлу мазары
Мұзтау
Шығыс Қазақстан соғыс жылдарында
Соғыс балалары
Кеңес Одағының батырлары
Ардагерлер еске алады
Соғысқа қатысушылар
Партизандар қозғалысы
Тылдағы аналар
Тылдағы ерен еңбек
30 - Гвардиялық дивизия
Брест қамалын қорғауға қатысқан шығысқазақстандықтар
Еңбек армиясы
Өлкетану альманағы
Өлкетану альманағы 2024
Өлкетану альманағы 2023
Өлкетану альманағы 2022
Өлкетану альманағы 2021
Өлкетану альманағы 2020
Өлкетану альманағы 2019
Өлкетану альманағы 2018
Өлкетану альманағы 2017
Өлкетану альманағы 2016
Өлкетану журналы 2014
Өлкетану альманағы 2015
Өлкетану альманағы 2013
Әріптестеріміздің шығармашылығы
Геология
Өлке зерттеушілері
Тарих. Этнография. Мәдениет
Қаламгерлер жайында
Білім беру
Ономастика
Дін
ҰОС жылдарында (1941-1945) ЕҢБЕК АРМИЯСЫ қатарында болған шығысқазақстандықтар
Бейнетоптама
Шығыс Қазақстан әдебиеті
Шығыс Қазақстанның әдеби және есте қаларлық орындары
Фэнзин фантастикалық журналы
Виртуалды көрмелер
Қ. Мұхамедханов: библиографиялық көрсеткіш
Экран дикторы

linka

Zhambyl auylyТуған жер, туған ел – адам үшін ең киелі мекен. Сені елмен және болашақпен байланыстыратын осы жер. Осы жерде балалық шақтан бастап-ақ отанға, елге, жерге деген махаббат сезімі оянады. Әрқайссымыз үшін Отан ошақ отбасынан басталады, ол: туған жер, туған ауыл немесе туған қала, туған өлке.

Менің туып өскен жерім Катонқарағай ауданындағы Жамбыл ауылы. Еліміздің ең шығысында Алтай тауының баурайында, буырқанған Бұқтырма өзенінің жағасында орналасқан шағын ғана қарапайым қазақ ауылы. Дәл осы жерде менің көңілді де, шаттыққа толы уайымсыз балалалық шағым, жалындаған жастық дәуренім, азамат болып қалыптасқан өмірлерім өтті. Туған жерім, туған ауылым мен үшін ең қасиетті мекен, себебі: онда мені мәпелеп өсірген анамның аялы алақанының табы, асқар таудай әкемнің қамқор үні, білім нәрімен сусындатып болашаққа бағдар берген ардақты ұстаздарымның тәлімі, құлын тайдай тебісіп, бірге өскен құрбы-құрдастарымның сағынышы бар.

Бүгінгі және болашақ ұрпақ біліп, оқып өссін деген ниетпен өзімнің туып-өскен ауылым Жамбыл ауылы, ауылдағы білім ордасы Жамбыл орта мектебі жайлы, олардың тарихы туралы бір мақала жазайын деп шештім. Ауылдың тарихы өте әріден емес 19 ғасырдың соңынан бері басталады. Ауыл және ауылдағы мектеп жайлы ерекше архивтік деректер жоқ, бұл жазбадағы деректердің көпшілігі ауылдың көнекөз қарияларынан жазып алынған. Жамбыл орта мектебінде 1972 жылдан бастап 2012 жылдар аралығында ұзақ жылдар бойы тарих пәнінен дәріс беріп ұстаздық еткен апайым Бралинова Уәзипа мектепте өлкетану үйірмесін ұйымдастырып, 1987 жылы мектеп жаңа ғимаратқа көшкен кезде ауыл тарихына арнап мұражай ашқан болатын. «Үйірменің үйретері көп» дегендей, сол кездерде үйірме жетекшісінің жетекшілігімен оқушылар ауылдың үлкендерінен ауыл, ауыл маңындағы жер-су атаулары жайлы көптеген деректер жинақтаған болатын. Соның арқасында ауыл тарихы қағазға түсіп сақталып қалды. Үйірме жетекшісі Уазипа апайымыз бен сол кездердегі ауыл тарихын жинақтауға үлестерін қосқан үйірме мүшелеріне зор алғысымды білдіремін.

Қазан төңкерісіне дейін қазіргі Жамбыл ауылының орнында ауыл болған жоқ, ол жер «Болтовский заимка» деп аталып, он тоғызыншы ғасырдың сексенінші жылдардан бастап Болтовский деген орыстың әулеті тұрған, Березовка (қазіргі Қайыңды) ауылының құрамына кірген. Мұнда олар ауыл маңына егін егіп, тауларда марал ұстаған. Архивтік деректерге сүйенсек Болтовский зәйімкесіндегі Болтовский Савин Ивановичтің отбасында тоғыз адам, 140 маралы болған. Ал 44 жастағы Болтовская Ульяна Григорьевна деген әйелдің мүліктері жеке жазылған, оның отбасында 4 адам, 30 маралы, 18 жылқысы, 19 ірі қарасы болған, сондай-ақ омарта шаруашылығы, сүт айыратын құрылғысы (сеператор) болып, тұрақты 4 жұмысшы ұстаған. 20 жастағы Болтовский Галактион Владимировичте 3 маралы болғандығы жайлы деректер кездеседі. Қазақтарды зәйімкенің маңайына тұрғызбаған, олар қазіргі Жамбыл ауылының солтүстік-шығысындағы Ақшоқы тауын мекен еткен. Кішкентай кезімізде Ақшоқы тауына барғанда сол кездегі адамдардың тұрған жұрттарын, шіріп үлгермеген бөренелерді көретінбіз. Әкем алдыңғы буыннан естігені бойынша мынау бәленшенің, мынау түгеншенің тұрған аузүйінің орны деп көрсететін, бірақ ол кезде аса мән бермегендіктен есімде қалмапты.

Zhambyl auylҚазан төңкерісінен кейін де ақ гвардияшылар қазіргі Өрел ауылында 1920 жылдың қаңтар айына дейін қызылдармен қарсыласып, кескілескен ұрыстар жүреді. Бұл туралы Шығыс Қазақстан обыстық тарихи-өлкетану мұражайының ғылыми қызметкері М.Еремеев «В горах Алтая» атты мақаласында: «Полк командирі Н.И.Тимофеевтің басшылығымен ақ гвардияшылармен Өрел ауылының маңында отыз градустық суықта үш күн бойы кескілескен ұрыстар болады. Осы ұрыста екі жақтан да оққа ұшып қайтыс болған, жараланған, суыққа үсіп өлген адамдар шығыны көп болады. Жүздеген ақ гвардияшылар қолға түсіп, пулеметтер, винтовкалар, басқа да қару жарақтар, оқ-дәрілер алынады...» - деп жазады. Жергілікті ақсақалдардың айтуынша Болтовский Савин және оның ұлдары осы ұрыста қайтыс болады, немесе тұтқындалған. Тек, 1904 жылы туған Болтовский Емельян Савинович деген ұлы 1937 жылы Большенарым ауданының Нарымка ауылынан халық жауы деп 10 жылға сотталады.

Тау-тасты мекен еткен қазақ жұрты қазіргі Жамбыл ауылына тек 1924-25 жылдардан бастап қана көшіп келе бастайды. 1924 жылдың ақпан айында Қазақстанда Бүкілодақтық «Сауатсыздық жойылсын» қоғамының бөлімшесі құрылып, сауат ашу мектептері ашыла бастайды. Сондай мектептің бірі қазіргі Берел қорық мұражайының орнындағы Сахатушка деген шағын ауылда Кудряшев деген адамның басшылығымен ашылады. Ол мектепте алғаш ауылымыздың Хамитов Қажытай, Сқақова Қапан, Әкіштаева Бибәтша сияқты адамдары білім алып бастайды. Біраз уақыттан кейін Желсай деген жерде (Желсай деген жер Ақшоқы тауы мен қазіргі Жамбыл ауылының ортасында) мектеп ашылып жоғарыдағы оқушылар білімдерін осында жалғастырады. Халықтың біраз бөлігі Ақшоқы тауында, біразы қазіргі Жамбыл ауылда тұрғандықтан мектеп екеуінің ортасы Желсайда ашылған.

Сол кездегі елдегі ауқатты деп саналатын самай руынан шыққан Дүйсенбінің ұлдары Әбіжік, Ақтйалақ, Әбілғазы, Жанғазылардың мүліктерін тәргілегеннен кейін олардың үйлерінде ересек адамдардың сауатын ашатын мектеп ұйымдастырылып 20 шақты ересек адамдар сауаттарын ашады. Сауат ашу мектептері 3-5 ай оқытып, оқушыларды таратып қайта жинап отырған. Бұл мектепте ең алғаш Айтқұл Қабанбаев деген адам сабақ береді.

1927 жылы ВКП(б) ның ХV съезінде ауыл шаруашылығын коллективтендіруге бағыт алу туралы шешім қабылданып, 1928 жылан бастап ауданда ұжымшарлар (колхоздар) құрыла бастайды. 1928 жылдың басында ауданда 18 ұжымшар құрылса, қазан айында оның саны 22 жетеді. Ал Өрел, Жамбыл ауылдарында серіктестіктер біртіндеп ұлғайып 1932 жылдың наурыз-сәуір айларында «Заря» ұжымшары ұйымдастырылады. 1934 жылы «Заря» ұжымшарынан «Исай» ұжымшары (қазіргі Жамбыл ауылы) бөлініп шығады, сол кезде ұжымшарды Исай деген адам басқарады, ауылдың аты да Исай деп аталады. 1934-1936 жылдары ұжымшарды Әбілбаев Әбек, 1936-1938 жылдары Ешекенов Қайдар, 1938 жылдан соғысқа дейін Бүкішев Өмірбай деге адамдар басқарады. 1937 жылы Исай халық жауы деп ұсталып кеткеннен кейін, ұжымшардың жалпы жиналысында ауыл мұғалімі Бралинов Серғазының ұсынысымен ұжымшар аты «Жамбыл» аталсын деген шешім қабылданады. Содан бері ауыл да Жамбыл ауылы болып аталып кетеді. 1950 жыға дейін Жамбыл жеке ұжымшар болады.

Шағын ұжымшарларда материалдық-техникалық базаны дамыту, техникалар мен еңбек ресурстарын ұтымды пайдалану және басқару тиімсіз болғандықтан 1950 жылдан бастап шағын ұжымшарлар біріктіріле бастайды. Осы кезде Жамбыл ұжымшары Өрел ауылындағы Сталин атындағы ұжымшарына қосылып, оның бір бөлімшесі болып қалады.

1957 облыстық атқару комитетінің шешімімен экономикалық тұрғыдан нашар ұжымшарлар кеңшарларға (совхоздарға) біріктіріліп, ауданда кеңшарлар дәуірі басталады. Облыстық атқару комитетінің 1957 жылғы 12 наурыздағы №89 шешіміне сәйкес Алтай МТС-і, Ленин, Молотов, Киров, Похомов, Сталин аттарындағы және «Пограничник» колхоздарының мүшелерінің келісімімен, олардың базасында Алтай қой кеңшары құрылады. Осы жылдың тамыз айында Алтай кеңшарының құрамындағы бұрынғы Похомов атындағы ұжымшары болған Чернова (қазіргі Аққайнар) ауылы және Ленин атындағы ұжымшар болған Березовка (қазіргі Қайыңды) ауылдары негізінде Катонқарағай кеңшары құрылады. 1959 жылдың 13 сәуірінде Алтай кеңшарының құрамындағы бұрынғы Сталин атындағы ұжымшары болған Өрел, Жамбыл ауылдары және «Пограничник» ұжымшары болған Берел ауылдары негізінде Өрел кеңшары құрылады. 1968 жылы Катонқарағай және Өрел совхоздарынан Чернова совхозы бөлініп шығып, Катонқарағай атауы орталығы Жамбыл ауылы болып Катонқарағай марал совхозына беріледі. Яғни 1968 жылы Жамбыл ауылы Катонқарағай марал кеңшарының орталығы болады және Жамбыл ауылдық кеңесі де құрылады. Катонқарағай марал кеңшарының құрамына Жамбыл, Берел, Фадиха (қазіргі Маралды), Шұбарағаш, Оленопарк (қазіргі Ақмарал) ауылдары кіреді.

1968-1969 жылдары кеңшардың алғашқы директоры болып Хромков деген адам тағайындалады, ол жылдары ауылдағы «Бұқтырма» және «Қазақстан» көшелеріндегі тұрғын үйлер және Бұқтырма өзеніне жаяу жүргіншілер өтетін аспалы көпір салынады. 1969-1986 жылдары кеңшарды Досымбаев Сайранхан басқарады, ол кісінің басшылығымен ауылда «Қазақстсан», «Жастар» көшелерінде тұрғын үйлер, кеңшар кеңсесі және тағы да басқа құрылыстар салынып, жаңа типтегі орта мектептің құрылысы басталады. 1986-1989 жылдары кеңшар директоры қызметін Ауғанбаев Сайфолла атқарады, бұл жылдары «Бұқтырма» көшесіне тұрғын үйлер салынып, Жамбыл және Берел ауылдарында орта мектептердің құрылысы аяқталады. 1989 жылдан бастап кеңшарды Райысов Толқын басқарады. Толқын Нұқтарбайұлы басқарған жылдары кеңшар орталығына және бөлімшелерге көптеген тұрғын үйлер, Өрел мен Жамбыл ауылдарының арасында Бұқтырма өзеніне жеңіл көліктер өтетін аспалы көпір, Берел ауылында Ақбұлқақ өзенініе көпір салынып, Жамбыл ауылында мәдениет үйінің құрылысы және Маралды ауылына баратын жол құрылыстары басталды. Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында Катонқарағай марал кеңшары таратылып орнына «Маралды» ауыл шаруашылық кәсіпорны құрылады. 1996 жылы жекешелендіруге байланысты «Маралды» ауыл шаруашылық кәсіпорны таратылады.

Жамбыл ауылында (сол кездегі Исай ұжымшары) 1932 жылы Болтовский Савиннің екі қабатты ағаш үйінде алғаш рет мектеп ашылады. 1932 жылдан 1968 жылдарға дейін ауылдағы бастауыш мектепте көптеген адамдар мұғалімдік қызмет атқарады. Ең алғаш мектеп ашылғанда Ауғанбаев Әйіп одан кейін Байғонақов Мүтәш, Еженова Қизила деген адамдар дәріс береді. Соғысқа дейінгі жылдары Найманғазиев Ахмади, Ташинов Құсман, Бралинов Серғазы, Скаков Зейнолда сияқты адамдар мұғалімдік етеді. Мектеп соғыс жылдарында да өз қызметін тоқтатқан жоқ, ер азаматтардың барлығы соғысқа аттанған кезде мектепте Ербалина Бақан және Охина Фазила деген апайлар қызмет атқарады. Соғыстан кейінгі жылдары Мусин Сейтқазы, Рақымов Зейнолда, Қайдаров Құмар, Қасенова Ажар, Жансолтанова Мәуле, Бралинов Зағыпран, Шәбәтаев Түсіпбек, Слямбеков Жәкежан, Тарин Әутәліп сияқты азамат, азамашалар мұғалімдік қызмет атқарады. Бұл мектеп талай балалардың білім алуына септігін тигізді, бастауыш сыныптан кейін балалар оқуларын Шыңғыстай, Березовка (қазіргі Қайыңды), Өрел мектептерінде жалғастырды. 1966 жылдардан бастап өзім де осы мектепте қолыма қалам алып, әріп танығанмын. Сол кездерде мектеп үйі ескіріп, қатты жел соқса шайқалып кететін. Мұғалімдеріміз ересек балаларды жақын маңда тұратын ер адамдарды тездетіп мектеп үйіне тіреу қоюға шақыртатыны есімде. 1968 жылы бастауыш мектеп сегізжылдық мектепке айналып, шаруашылық тәсілмен салынған барақ типтес мектеп үйіне көшіріледі. Екі қабатты ескі мектеп үйі бұзылып бір қабатты етіп қайта салынып, мектеп жанындағы интернат қызметін ақарады. 1968 жылы сегізжылдық мектепке Жамбылов Қажымұқан алғашқы директор болып тағайындалды, ол кісі ұзақ жылдар мектепте ұстазық етті, қазір зейнеткер, Жамбыл ауылының тұрғыны. 1972-73 оқу жылында мектеп орта мектеп болып қайта құрылды. Мектеп сегізжылдық және орта мектеп болып қайта құрылған жылдары мектеп ұжымы жоғары жәна арнаулы оқу орындарын бітірген көптеген жас мамандармен толқты. Мектеп жанынан интернат ашылып Берел, Маралды, Шұбарағаш, Қайыңды, Ақмарал ауылдарының балалары білім алып тәрбиеленді. 1976-1980 жылдар аралығында мектепте Момбаев Орал, 1980-1983 жылдар аралығында Тоқсанбаева Гүлнар, 1983-1987 жылдар аралығында Қашқынбаев Тельман мектеп директоры болып қызмет атқарды.

1987 жылы ауылда 464 орындық екі қабатты кең де жарық жаңа мектеп үйі пайдалануға берілді. Жаңа мектепте оқушылардың жан-жақты білім алуларына толық мүмкіндіктер ашылды. 1987-2007 жылдар аралығында Бралинов Дүйсен, 2007-2009 жылдар аралығында Адиханова Зейнегүл, 2009-2014 жылдар аралығында Аманов Әлібек, 2014-2021 жылдар аралығында Ауғанбаева Рахат мектеп директоры болып қызмет атқарды.

Бүгінгі күні ауылымыздың келбеті, оның болашағы алаңдарлық жағдайда болып отыр. Кеңшар таратылып жекешелдіру жүргізілгеннен кейін ауылдан қалаға көшкендердің саны жылдан-жылға артты, ауылдағы халық саны, мектептегі оқушы саны азайды. Үйлердің көпшілігінің есік-терезесі шегеленіп қаңырап бос қала бастады, біршамасы бұзылып әкетілді. Мен ауылым құрып кетпесе екен деп тілеймін. Сыртта жүрген ауылдастарымды ауылдың дамуына өз үлестерін қосуға, ауылдағы ағайынға “Ауыл түбі — бірлік, қауым түбі — тірлік” дегендей, бірлікте болып, ауыл болашағы үшін қауымдасып тірлік етуге шақырамын.

Бралинов Дүйсен

Катон-Қарағай аудандық маслихатының хатшысы

М.О. Әуезовтың өмірі мен шығармашылығына байланысты викторина біліміңді тексер

Викторина!

pllinkz

А.С. Пушкин атындағы Шығыс Қазақстан облыстық кітапханасы

шығыс қазақстан әдеби картасы

Шығыс Қазақстан танымал есімдер

addressbook001

addressbook002

© А.С. Пушкин атындағы Шығыс Қазақстан Облыстық Кітапханасы | Восточно-Казахстанская областная библиотека имени А.С. Пушкина. 1998-2024
Besucherzahler
счетчик посещений