kl kz



>
Как правильно класть плитку. Как класть плитку на стену быстро. Класть плитку своими руками. Как выбрать ламинат для квартиры. Какой лучше выбрать ламинат сегодня. Какого цвета выбрать ламинат. Как правильно клеить обои. Как клеить обои на потолок вертикально. Как правильно клеить углы обоями. Интересные самоделки своими руками. Качественные самоделки своими руками фото. Самоделки для дома своими руками. Как сделать потолок в доме. Чем лучше утеплить потолок дома на сегодняшний день. Утепление потолка дома своими руками. Бизнес идеи с минимальными вложениями. Успешные идеи малого бизнеса с нуля. Прибыльные бизнес идеи. Как сделать мебель своими руками. Сделать деревянная мебель своими руками. Сделать мебель своими руками видео. Опалубка для фундамента. Как сделать опалубку для фундамента быстро. Опалубка для фундамента купить.
Шығыс Қазақстан Интернетте
Мәдениеті мен өнері
Туристерге
Тарих беттерінен
Маңызды оқиғалар
«Туған өлкем – тұнған тарих» дәрістер циклы
ШҚО ауылдарының тарихы
Өскемен жайлы не білесіз?
Өскемен қаласының тарихы
Өскемен қаласындағы көшелер тарихы
Ескерткіштер
Аудан паспорттары
Шығыс Қазақстан облысы
Шемонаиха ауданы
Өскемен қаласы
Риддер қаласы
Алтай ауданы
Глубокое ауданы
Зайсан ауданы
Катонқарағай ауданы
Күршім ауданы
Самар ауданы
Тарбағатай ауданы
Ұлан ауданы
Алтын Алтай фольклоры
Алтай аңыздары
Шығыс Қазақстанның музыкалық мұрасы
Шығыс Қазақстанның әдеби мұрасы
Өлке табиғаты
Табиғи қорықтар
Табиғи ресурстар
Шығыс Қазақстанның 25 ғажайып орны
Шығыстың шипажайлары
Барлық-Арасан шипажайы
«Баян» шипажайы
Рахман қайнары
Уба шипажайы
Киелі орындар
Берел қорымы
Қоңыр әулие үңгірі
Шілікті алқабы
Ашутас
«Алаш арыстары» үйі (Семей қ.)
Семей полигоны құрбандарына арналған «Өлімнен де күшті» монументі (Семей қ.)
Ф.М. Достоевскийдің әдеби-мемориалды үйі (Семей қ.)
«Абай-Шәкәрім» мемориалдық кешені
Қозы Көрпеш пен Баян сұлу мазары
Мұзтау
Абылайкит
Өлкетану альманағы
Өлкетану альманағы 2024
Өлкетану альманағы 2023
Өлкетану альманағы 2022
Өлкетану альманағы 2021
Өлкетану альманағы 2020
Өлкетану альманағы 2019
Өлкетану альманағы 2018
Өлкетану альманағы 2017
Өлкетану альманағы 2016
Өлкетану альманағы 2015
Өлкетану журналы 2014
Өлкетану альманағы 2013
Әріптестеріміздің шығармашылығы
Геология
Өлке зерттеушілері
Тарих. Этнография. Мәдениет
Қаламгерлер жайында
Білім беру
Ономастика
Дін
Шығыс Қазақстан соғыс жылдарында
Соғыс балалары
Кеңес Одағының батырлары
Ардагерлер еске алады
Соғысқа қатысушылар
Партизандар қозғалысы
Тылдағы аналар
Тылдағы ерен еңбек
30 - Гвардиялық дивизия
Брест қамалын қорғауға қатысқан шығысқазақстандықтар
Еңбек армиясы
ҰОС жылдарында (1941-1945) ЕҢБЕК АРМИЯСЫ қатарында болған шығысқазақстандықтар
Бейнетоптама
Мультимедиялық топтама
Шығыс Қазақстанның әдеби және есте қаларлық орындары
Қ. Мұхамедханов: библиографиялық көрсеткіш
Виртуалды көрмелер

linka

«Ұлы тұлғаларын білмейінше бірде-бір дәуірді дұрыстап тану мүмкін емес.  Адам тарихының айнасынан біз тарих көшінің жүрісін ғана аңдап қоймаймыз,    оның рухын, тынысын сезінеміз. Алаштың басты мақсаты қазақ қоғамын бірте-бірте өзгертіп, заманға бейімдеу еді. Тарихтың қай кезеңінде болсын, алаш-зиялылары өз ұлтының бетке ұстар мақтанышы болып келген...»

                                                                                                                       Н.Ә.Назарбаев

Шекараны шегендеген Ермеков

Ermekov«Алаш» сөзі төрт ақ әріптен тұратын терең сөз, алайда осы сөздің астарында, қисапсыз қасірет, ұлты үшін құрбан болған қазақ зиялыларының қиын тағдыры, қазақ халқының мәңгілік тарихы жатыр. Алаш қозғалысы-ел тарихындағы көпсалалы қызмет. Алаш қозғалысы бар болғаны ширек ғасырға жетпей қайғылы аяқталғанымен, бүгінгі күн биігінен көз салсақ оның таң қаларлықтай жемісті болғанын байқаймыз. Алаш ұлтымыздың болашағы туралы озық та мәңгі идея ретінде бүгін де бізбен бірге.

Алаш зиялыларын мәңгі есте сақтау үшін 2021 жылдың 01-05 наурыз аралығында А. С. Пушкин атындағы Шығыс Қазақстан облыстық кітапханасының ұйымдастыруымен «Азаттық таңын аңсаған Алаш арыстары» онлайн форсайт-форумы өтті. (ZOOM платформасында).

Форум спикерлері – белгілі қазақстандық алаштанушы-ғалымдар, оқытушылар, музей қызметкерлері Алашорда үкіметінің жетекшісі Әлихан Бөкейхан, көрнекті қоғам және мемлекет қайраткері, Алаш қозғалысы жетекшілерінің бірі, қазақтың тұңғыш математигі, профессор, қазақ тіліндегі тұңғыш «Жоғарғы математика курсы» оқулығының авторы Әлімхан Әбеуұлы Ермеков, көрнекті мемлекеттік және саяси қайраткер, Алаш қозғалысына қатысушы, заңгер, публицист Райымжан Мәрсекұлы, Алаш зиялысы, заңгер, құқықтану магистрі Жақып Ақбайұлы және тарих ғылымдарының докторы, профессор Ермахан Бекмаханұлының өмірі мен қызметі, елінің азаттығы мен тәуелсіздігі жолындағы күресі жайында баяндамалар жасап, интерактивті дәріс, сұхбаттар өткізіп, виртуалды қатысушылардың сұрақтарына жауап берілді.

Форсайт-форум қонақтары: академик Дихан Қамзабекұлы; алаштанушы, профессор Сағымбай Жұмағұл; алаш қайраткері Қошмұхамед Кемеңгерұлының шөпшегі Қайырбек Кемеңгер; алаштанушы Сұлтан-Хан Аққұлы; Семей қаласының облыстық тарихи-өлкетану музейінің жоғары дәрежелі маманы Анар Маратқызы Төлеубаева; Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің «Дүниежүзі тарихы, тарихнама және деректану» кафедрасының профессоры, тарих ғылымдарының докторы, алаштанушы Смағұлова Светлана; тарих ғылымдарының доценті, ҚР БҒМ ҒК Мемлекет тарихы институты директорының орынбасары Қашқымбаев Амангелді   Нұркейұлы; Еуразия гуманитарлық институтының профессоры, тарих ғылымдарының кандидаты, доцент Өскембаев Канат Сәдуақасұлы.                                                                      

А. С. Пушкин атындағы Шығыс Қазақстан облыстық кітапханасы 1974 жылдан бері жарты ғасыр көлемінде жыл сайын аталып өтілетін және еске алатын күндер күнтізбесін жасайды. 2021 жылы көрнекті қоғам және мемлекет қайраткері, «Алаш» партиясы мен «Алашорда» қозғалысы жетекшілерінің бірі, ғалым, тұңғыш қазақ профессор-математигі Әлімхан Ермековтың туғанына 130 жыл (1891-1970 жж.)

Сондықтан «Азаттық таңын аңсаған Алаш арыстары» онлайн форсайт-форумның екінші күні Әлімхан Ермековке арналды. «Шекараны шегендеген Ермеков»: Әлімхан Әбеуұлы Ермеков - Еуразия гуманитарлық институтының профессоры, тарих ғылымдарының кандидаты, доцент Өскембаев Канат Сәдуақасұлымен ( ZOOM платформасында) онлайн кездесу өтті. Оқырман сұрақтарына толық қанды жауап берілді. Кездесудің мақсаты: асылдарымыздың өмірі мен атқарған қызметі туралы жас ұрпаққа мағлұмат беру. (Фото1)

Әлімхан Ермековтің өмірі мен атқарған қызметі

Әлімхан Ермеков 1891 жылы қазіргі Қарағанды облысы Ақтоғай ауданы, Бөріктас деген жерде дүниеге келген. Әкесі Әбеу халыққа қадірлі, озық ойлы, орысша сауаты бар, өз дәуіріндегі зиялылардың бірі болған. 1899 жылы Қарқаралыдағы қалалық училищеге оқуға түседі. Мектеп қабырғасында зейінді, алғыр болған Әлімхан мектепті үздік бітіріп, 1905 жылы Семейдегі ерлер гимназиясына түседі. Осы оқу орнын 1912 жылы алтын медальмен бітіріп, Томск технология институтының тау-кен факультетіне қабылданады.

Томскіде оқып жүріп орыстың озық ойлы ойшылдарымен, ғалымдарымен танысады. Григорий Николаевич Потанин Әлімханның бойындағы білімге деген талпынысты көріп, тәнті болады. Потанин Әлімханға ағалық ақыл беріп, оған: «Әлімхан сенің білімің - ол қазақтың білімі. Сол себепті жақсы оқы және өзгелерді оқыт» - деп, үлкен үміт артқан. Осы сөздерді Әлімхан өмірлік ұстанымына айналдырды, ақтық демі қалғанша ұлтымызға еңбек етті. Григорий Потанин Ермековке бекер назар аудармағанын уақыт дәлелдеді. Әлімхан Ермеков өз қолымен толтырған анкетарларда ағылшын, неміс, француз, итальян тілдерін білетінін көрсеткен. 1921 жылы Томск технология институтын бітірді. Ермеков туралы кезінде «Қазақ» газеті «Технология институтына асқан зеректер ғана түседі. Әлімхан білімді, шешен, өткір, халыққа қызмет етуді өзіне парыз санаған жігерлі азамат» деп зор баға берген.

1917 жылы 27 сәуір - 7 мамыр аралығында өткен Семей облыстық қазақ съезіне қатысады. Онда съезд президиумының хатшылығына, кейін съезд шешімімен Семей облыстық қазақ комитетінің мүшелігіне сайланады. Халел Ғаббасов екеуі Семей облыстық атқару комитеті төрағасының орынбасары болады. Осы жылы шілде айында жалпықазақтық съезде Семей облысынан Бүкілресейлік құрылтай жиналысына депутаттыққа ұсынылады. Ал қазан айында 1-Сібір облыстық съезіне қатысып, жаңадан құрылған Сібір автономиясының негізгі заңын жазатын комитетке қазақ делегаттары Ә.Ермековті кіргізеді.

Әлімхан орыс Географиялық Қоғамы Семей бөлімшесіне мүше болған. Осы туралы Семейдегі Абай атындағы әмбебап кітапхананың сирек басылымдар қорында сақталған «Бюллетень Семипалатинского Отдела Русского Географического Общества Июль. №1. 1924г.» басылымында Әлімхан Ермековтің орыс Географиялық Қоғамы Семей бөлімшесіне мүше болғандығы және «Отчет Семипалатинского Отдела Русского Географического Общества с 1-го октября 1924г., по 1-е октября 1925г.» басылымында Әлімхан Ермековтің орыс Географиялық Қоғамы Семей бөлімшесінің қаладан тыс мүше болғандығы жайында мағлұматтар бар.

Ескендірұлы (Әбдешев), М. "Алаш Орда" министрлері = Министры "Алаш Орды"- Алматы : [б. ж.], 2008. - 113 б. Осы кітапта «Әлімхан Ермековтің тарихи зор еңбегінің бірі-Қазақ автономиясы шекарасының біртұтастығын қорғауы.

1920 жылы 17 тамызда В.И.Лениннің төрағалығымен өткен қазақ өкілдері қатысқан Халық комиссарлары кеңесінің мәжілісінде Қазақ автономиясы туралы мәселе қаралғанда, Қазақстанның жағдайы туралы Ә.Ермеков баяндама жасайды. Қазақстанның шекарасы туралы мәселелерді қамтып, өктемшіл, озбыр, отаршылдық пиғылдағы өкілдермен қызу айтысқа түсіп, өз пікірін тиянақты, жан-жақты, бұлтартпас дәлелдермен қорғап шығады. Нәтижесінде, кезінде қазақтардан тартып алынған Каспийдің теріскей жағалауындағы ені бір шақырымдық және Ертістің сол жағалауындағы он шақырымдық ұлан-ғайыр жер Лениннің тікелей қолдауымен Қазақ еліне қайтарылады»,- деген тарихи мәлімет бар. Қазіргі кезде шекара туралы әңгіме туындаған кезде, Әлімхан Ермековтің жасап кеткен еңбегінің маңызы өте зор.

Ermekov olegӘлімхан Ермековтың ұлы Мағауияның баласы Олег Ермековтың естеліктерінен:  Атам алғаш рет 1930 жылы тұтқындалғанда, оның отбасы қамауға алынғанынан бейхабар еді. Тұтқындарға арналған арнайы вагон жабдықталмағандықтан, кәдімгі вагонның ішінде тұтқындалғандарды күзететін қызметкерлер үнемі атамды күзеткен, дәл сол кезде көрші вагонда 4 студент болған.   Ыңғайлы мезетті пайдаланған атам, күзетшілердің назары басқа жаққа ауғанда, көрші вагондағы бір студенттің қолына мекен жайы жазылған бір жапырық қағазды ұстатып үлгереді де, өзінің қамауға алынғанын жеткізуді өтінеді. (Немересі Олег Ермековтің фотосуреті)

Сол кезден бері біраз уақыт өтеді. Өткен ғасырдың 50 - ші жылдары Әлімхан Ермековтың немере інісі - академик Төлеухан Ермеков (оның әкесі – академик, Алматы зооветеринарлық институттың ректоры болған) тау-кен жұмыстарымен шұғылдана жүріп, Д. Қонаевтың алдына барып, атасына пәтер беруді сұрайды. Осыдан кейін Панфилов көшесінің бойынан элиталы үйден үлкен сәулетті жақсы пәтер беріледі. Атасы өзін Қонаевтың қабылдауына шақырылғанын, бірінші басшының жақсы қабылдағанын айтады: «Әлеке, есіңізде болар, Сіз тұтқынға алынғанда, поезда көрші вагондағы 4 студенттің бірінің қолына бір жапырақ қағазды ұстатқаныңыз есіңізде ме ? Сіздің жұбайыңызға хатты апарып берген сол студент мен едім, - деген екен Димаш Ахметұлы. (Казахстанская правда: https://www.kazpravda.kz/articles/view/oleg-ermekov--moi-ded-bil-gluboko-intelligentnim-chelovekom/)

Әлімхан саяси жұмыстарға қатысумен қатар, өзінің саналы ғұмырын білім беруге арнады. 1921 жылы Әлiмхан Ермеков Қарқаралыда екi сатылы мектеп, педагогикалық техникум ашты. 1925 жылы Ермеков Семейге шақырылып, Орынбордағы Қазақстан Госплан төрағасының орынбасары болып бекiтiледi және осымен бiр уақытта өндiрiс секциясына жетекшiлiк жасайды. 1929-1930 жылдары алаш жетекшілерін қуғындау басталғанда Әлихан Ермеков те тұтқынға алынып, соңынан бостандыққа шықты. 1927-35 жылдары Ташкенттегі Қазақ педагогика институтында оқытушы, Алматы зоотехника және мал дәрігерлік институтының профессоры және математика кафедрасының, 1935-37 жылдары Алматы кен-металлургия институтының математика және теориялық механика кафедрасының меңгерушісі болады.. Жоғары оқу орындарына арналған алғашқы қазақ тiлiндегi математикалық кiтаптарын жазды. Ғалымның «Ұлы математика курсы» оқулығы жоғарғы техникалық оқу орындары мен педагогикалық институттарға арналып, қазақ тілінде латын қарпімен 1935 жылы Қызылорда қаласындағы «Қазақстан» баспасынан 3500 данамен жарық көрді. Абай атындағы әмбебап кітапханада сирек басылымдар қоры бар. Кітапханада еңбектің бір данасы сақталған. «Ұлы математика курсы» кітабы аналитикалық геометрия негіздері және диференциал мен интеграл негіздері атты екі бөлімнен тұрады.

Әлімхан Ермековтің «Қазақ тілінің математика терминдері» атты түсіндірме сөздігі 1936 жылы жарық көрген. 1935 жылы КСРО Жоғары аттестациялық комиссиясы оған теориялық механика мен математикадан профессор дәрежесiн бередi.

Әлiмхан Ермеков 1937 жылдың күзiнен 1938 жылдың наурызына дейiн тұтқынға алынғанша Мәскеуде Куйбышев жоспарлау институтының математика кафедрасының меңгерушiсi қызметiн атқарды. Осы жылы 10 жылға сотталып, кесiлген мерзiм 6 жылға азайтылғанымен, Ұлы Отан соғысына байланысты лагерьде 1947 жылға дейiн отырды. 1948 жылы қайтадан тұтқынға алынып, 10 жылға үкiм шығады. Абақты-ғұмырдан 1955 жылы босап шыққан Ә.Ермековке Қарағанды жерiнде тұру туралы шешiм шығарылып, Қарағанды политехникалық университетiнде зейнет демалысына дейін қызмет етеді. Әлімхан Ермеков 1970 жылы ауыр науқастан қайтыс болды.

Қарағанды мен Қарқаралыда көшелер, мамандандырылған кітап үйі, Ақадырдағы № 131 мектеп Ә.Ермековтің атымен аталады. 1998 жылы ғалымның туған жері Ақтоғайда Алашорда көсемдері Ә.Бөкейханға, Ә.Ермековке және Ж. Ақбаевқа ескерткіштер ашылды.

А. С. Пушкин атындағы Шығыс Қазақстан облыстық кітапхана сайтының танымал есімдер бөлімінде Әлімхан Ермеков туралы мәліметпен таныса аласыз (http://imena.pushkinlibrary.kz/kz/d-alashkz/668-.html).  

Алаш партиясының қызметі Қазақстан тәуелсіздігінің идеялық көзі болып есептеледі. Бұдан 100 жыл бұрыңғы «Алаш» идеясы қазіргі кезеңде қазақ елінің «Мәңгілік ел» идеясымен тарихи сабақтастықпен үндесіп, рухани жаңғыруға бастама болып табылады. Алашты бүгінгі Тәуелсіз Қазақстаннан бөліп қарауға болмайды. Бұлар – бір-бірінің заңды жалғасы. Алаш алыптарының тағдырларына қатысты көптеген құжаттарға қол жетпей отырғаны рас. Бұл алаштанушы ғалымдардың тереңдеп түбегейлі зерттеуіне керек дүниелер. Алаш қозғалысын толық зерделеу-бүгініміз үшін ғана емес, болашағымыз үшін де маңызды, Алаш - біздің адастырмас темірқазығымыз. Елге қызмет ететін әрбір азаматтың жүрегінде алаш рухы болса, онда ол адаспайды. Егер бүгінгі жас ұлтқа қызмет жасау ісінде Әлихандай берік, Смағұлдай жігер, Әлімхандай көрегендік танытса, онда ұлттың болашағы жарқын.

Қолданылған әдебиеттер

Алаш ақиықтары: мақалалар, деректі құжаттар, аудармалар. – Алматы: Алаш, 2006. – 228 б.

Алаш қозғалысы: энциклопедиялық анықтамалық. – Алматы: Сардар, 2014. – Б.168-169

Аязбаева Г. Алаштың алғашқы математигі // Семей таңы . – 2011. – 31 мамыр. – Б.3

Әділбекқызы Ж. Семей орыс географиялық қоғамы және қазақ зиялылары: Ұлылар шыққан орта // Абай. – 2004. – №1. – Б.61-64

Бюллетень Семипалатинского Отдела Русского Географического Общества. – Июль. – №1. – 1924 года. – Семипалатинск, 1924

Ескендірұлы (Әбдешев), М. "Алаш Орда" министрлері = Министры "Алаш Орды" / М. Ескендірұлы (Әбдешев). - Алматы : [б. ж.], 2008. - 113 б.

«Кешегі Алаш идеясы – бүгінгі тәуесіз Қазақстан” республикалық ғылыми – тәжірибелік конференциясының материалдары. – Семей: Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университеті, 2010. – 153 б.

Құл-Мұхаммед М. Алаш қайраткелері саяси-құқықтық көзқарастырының эволюциясы. – Алматы : Атамұра, 1998. – 360 б.

Құл-Мұхаммед М. “Алаш” бағдарламасы: қиянат пен ақиқат. – Алматы : Атамұра, 2000. – 240 б.

Рыжкова Н. Олег Ермеков: Мой дед был глубоко интеллигентным человеком / Рыжкова Наталья. - Текст // Казахстанская правда. - 2016. - 9 декабря (№ 237). - 24. - О первом профессоре математики среди казахов Алимхане Ермекове.

Төлепберген Б. Мәңгі жас – Алаш идеясы. – Алматы: Алматы баспа үйі, 2008. – б.129-130

                                                  

                                                   А. С. Пушкин атындағы Шығыс Қазақстан облыстық

                                                   кітапханасының  кітапты толықтыру бөлімінің

                                                 жетекшісі, Кітапхана ісінің ардагері,

                                                   Қазақстанның құрметті кітапханашысы

                                                  Уалханова Рақия Нұралықызы

 

 

 

 

 

 

 

М.О. Әуезовтың өмірі мен шығармашылығына байланысты викторина біліміңді тексер

Викторина!

pllinkz

А.С. Пушкин атындағы Шығыс Қазақстан облыстық кітапханасы

шығыс қазақстан әдеби картасы

Шығыс Қазақстан танымал есімдер

addressbook001

addressbook002

© А.С. Пушкин атындағы Шығыс Қазақстан Облыстық Кітапханасы | Восточно-Казахстанская областная библиотека имени А.С. Пушкина. 1998-2024
Besucherzahler
счетчик посещений