kl kz



>
Шығыс Қазақстан Интернетте
Мәдениеті мен өнері
Туристерге
Тарих беттерінен
Маңызды оқиғалар
«Туған өлкем – тұнған тарих» дәрістер циклы
ШҚО ауылдарының тарихы
Өскемен жайлы не білесіз?
Өскемен қаласының тарихы
Өскемен қаласындағы көшелер тарихы
Ескерткіштер
Аудан паспорттары
Шығыс Қазақстан облысы
Шемонаиха ауданы
Өскемен қаласы
Риддер қаласы
Алтай ауданы
Глубокое ауданы
Зайсан ауданы
Катонқарағай ауданы
Күршім ауданы
Марқакөл ауданы
Самар ауданы
Тарбағатай ауданы
Үлкен Нарын ауданы
Ұлан ауданы
Семей қаласы
Курчатов қаласы
Аягөз ауданы
Абай ауданы
Бесқарағай ауданы
Бородулиха ауданы
Жарма ауданы
Көкпекті ауданы
Үржар ауданы
Уланский район
Урджарский район
Шемонаихинский район
Алтын Алтай фольклоры
Алтай аңыздары
Шығыс Қазақстанның музыкалық мұрасы
Шығыс Қазақстанның әдеби мұрасы
Өлке табиғаты
Табиғи қорықтар
Табиғи ресурстар
Шығыс Қазақстанның 25 ғажайып орны
Шығыстың шипажайлары
Барлық-Арасан шипажайы
«Баян» шипажайы
Рахман қайнары
Уба шипажайы
Киелі орындар
Абылайкит
Берел қорымы
Қоңыр әулие үңгірі
Шілікті алқабы
Ашутас
«Алаш арыстары» үйі (Семей қ.)
Семей полигоны құрбандарына арналған «Өлімнен де күшті» монументі (Семей қ.)
Ф.М. Достоевскийдің әдеби-мемориалды үйі (Семей қ.)
«Абай-Шәкәрім» мемориалдық кешені
Қозы Көрпеш пен Баян сұлу мазары
Мұзтау
Шығыс Қазақстан соғыс жылдарында
Соғыс балалары
Кеңес Одағының батырлары
Ардагерлер еске алады
Соғысқа қатысушылар
Партизандар қозғалысы
Тылдағы аналар
Тылдағы ерен еңбек
30 - Гвардиялық дивизия
Брест қамалын қорғауға қатысқан шығысқазақстандықтар
Еңбек армиясы
Өлкетану альманағы
Өлкетану альманағы 2024
Өлкетану альманағы 2023
Өлкетану альманағы 2022
Өлкетану альманағы 2021
Өлкетану альманағы 2020
Өлкетану альманағы 2019
Өлкетану альманағы 2018
Өлкетану альманағы 2017
Өлкетану альманағы 2016
Өлкетану журналы 2014
Өлкетану альманағы 2015
Өлкетану альманағы 2013
Әріптестеріміздің шығармашылығы
Геология
Өлке зерттеушілері
Тарих. Этнография. Мәдениет
Қаламгерлер жайында
Білім беру
Ономастика
Дін
ҰОС жылдарында (1941-1945) ЕҢБЕК АРМИЯСЫ қатарында болған шығысқазақстандықтар
Бейнетоптама
Шығыс Қазақстан әдебиеті
Шығыс Қазақстанның әдеби және есте қаларлық орындары
Фэнзин фантастикалық журналы
Виртуалды көрмелер
Қ. Мұхамедханов: библиографиялық көрсеткіш
Экран дикторы

linka

Селезневка ауылыӨскемен қаласынан Алтай қаласына қарай республикалық автомобиль жолының бойында, Көгілдір бұғаз (Голубой залив) демалыс базасына бұрылатын жерде Селезневка деген теміржол бекеті орналасқан, шағын ауыл. Бұл бекетті тоғыз жолдың торабы деуге де болады, себебі осы бекет арқылы арлы-берлі тоқтаусыз ағылған автмашиналар, Алтай қаласымен жалғайтын темір жол да осы бекеттен өтеді. Сондай-ақ Көгілдір бұғаз демелыс базасына баратын машиналардың барлығы осы жерден оңға бұрылады. Осы бекеттің жанынан өткен сайын атын неге Селезневка деп қойды екен деп ойлаушы едім. Селезенка деген көк бауыр, селезень деген қазақша үйректің аталығы оны бізде кежек деп те атайды, олардың бұл жерге қатысы қанша деп жүруші едім. Өлкеміз жайлы тарихи кітаптарды іздеп, тауып оқыған кезде осы жердің неге Селезневка деп аталатындығын кездестірген едім, ендігі әңгіме сол жайында болмақ. 

XVIII ғасырдың орта шенінде Кузнецк қаласының түрмесінде Афанасий Селезнев деген қылмыскер отырады. Оған ұрлық және неше мәрте түрмеден қашу жазалары тағылған еді. Әр қыс сайын Афанасий полицияға ұсталып, көктемге қарай «Кежек (селезень) қанатын жайып, ұшуға қомданды» деп түрмеден қашып шығады екен. Селезнев бір ретінде ағасы Терентий және тағы бір тұтқын Кирилл Сизиков үшеуі бірге қашып шығып, Қасымалы (Касмалинская) даласында жасырынады. Афанасий серіктестерінен бөлініп, бір елді мекенде танысының үйінде түскі ас ішіп отырған жерінде қайта қолға түседі. Аз сәттік бостандық қайтадан түрмеге алмасады. Бұл уақытта Афанасийдің әкесі мен 9 жасар ұлы да түрмеде отырған еді, қоғамдық жауапкершіліктен бе, әлде Афанасийдің қашып кетуіне көмектесті деген күдікпен бе, басқадай қылмыс жасағаны үшін бе түсініктемеде жазылмайды. Дегенмен де жас баланы қылмыскер ретінде түрмеден көру біртүрлі көрінуі мүмкін. Әлде Селезневтер отбасы түгелдей қылмыс жасап өсті ме екен? Келесі қашып шыққанша үш ұрпақтың өкілдері: атасы, әкесі және немересі екі жыл қамауда отырады. Бұл жолы да тағы екі тұтқын – П.Лиханов пен Т.Чернавин олармен бірге қашады. Афанасий Селезневтің тобы Қасымалы (Касмалинская) орманында жасырынып жүрген алғашқы қашқан кездегі жолдастары: ағасы Терентий мен К.Сизиковты паналайды. Олар осы уақытқа дейін еркіндікте заңсыз өмір сүрген еді. Көп ұзамай қашқындардың жанына ағайындылардың үшіншісі Федор Селезнев те келіп қосылады. Оның қашуына не түрткі болғаны белгісіз, Федор әкесі мен екі ағасының қылмыстарын ескеріп, өз жағдайын тұрақсыз болар деп санап, бостандығын жоғалтып алудан қорықан болар. Қалай болғанда да, ол әкесі мен ағаларын көргеннен кейін ауылына оралып әйелін алып келеді, содан кейін бәрі Бұқтырмаға қашуды ұйғарды. Бұқтырманы Афанасий Селезнев бұрыннан білетін, өйткені ол жаққа аң аулап барып қайтқан болатын. К.Сизиков өз үйіне барып әкесін азғырып алып келеді. Сонымен, жақсы мекен іздеуші 9 адам: (кәрі Селезнев түрмеден қашып шыққаннан кейін көп ұзамай қайтыс болады) жеті ер адам, бір әйел және бір бала ұзақ сапарға аттанды.

Жол қамы үшін олар алдымен көрші ауылдардан 16 жылқы (17-сі өздерінікі), бір арба бидай ұны, 3 арба қара бидай ұрлап, тұрмыстық заттар: бір шелек май, түрлі былғары, екі балта және тағы да басқа заттар тартып алады. Өкінішке орай, олар Уба заставасы мен Красноярск бекеті арасындағы үлкен жолды кесіп өтіп бара жатып, әскери топпен кездесіп, жүктері бар арбаларды тастап әрең қашып құтылды. Олар өздерімен мінген бір-бір аттарын ғана алып қашып үлгерді, олардың қанжығаларында балталар, бірнеше қапта ұн болған еді. Бұқтырма өзенінің бойында келімсектер жуан ағаштарды жығып, үй салып, оның маңайына бағандар орнатып, бекітіп қоршайды. Бір айғақ бойынша бұл үй бекіністі қоршау болған.

Олар келген сәттен бастап қашқындар үшін бастарынан ауыр күндер өтеді. Алғашқы түнде-ақ ұранхайлар олардың жылқыларының барлығын ұрлап алып кетеді. Жаяу қуалау еш нәтиже бермейді, олардың қол жеткізген жалғыз нәрсесі кездестірген 15 жасар ұранхайлықты өлтіру болды, оның еш кінәсі жоқ еді, бірақ олар ашуларын осылайша шығарды.

Арада бір апта өткен соң 7 қалмақ: үш еркек, үш әйел және 18 жас шамасындағы бір бала келіп соқтығысады. Олардың үшеуі жаралы болады, айтуларынша, жараларды ұранхайлықтар салған. Селезневтіктер қалмақтарды өздерімен бірге тұрғызады. Бірде селезневтіктердің біразы аң, балық аулауға кеткенде қалмақтар қалғандарынан тамақтарын күштеп тартып алып, ыдыстарын ақтара бастайды. Аңнан келгеннен кейін қалмақтарды жазалайды, жаза қысқа болады, баладан басқа қалмақтардың барлығын аяусыз өлтіреді.

Жылқы ұрлаған ұранхайлықтар оларға тыныштық бермейді. Бірде олар шабуыл жасап, атыс кезінде Афанасий мен Терентий жараланады. Ұранхайлықтардан кек алу туралы шешім қабылданады. Қыста шаңғымен өз қоныстарынан жүз верстей жүріп, түнда ұранхайлықтарға шабуыл жасап барлығын өлтіреді. 7 ересек адам мен бірнеше бала құрбан болады. Кейін сотталушы жауап алу кезінде ол түнде қанша екенін нақты есептемегенін және білмейтінін айтады.

Бір күні солтүстік Алтайға қарай бет алған 500 дей қазақтар селезневтіктердің жанынан өтеді. Сол кезде балық аулап жүрген біразы қауіпті көріп, үйлеріне қашып, дер кезінде жасырынған. Бір ғана қалмақ баласы қазақтардың қолына түседі. Әлбетте, бейшараның тағдыры бір құлдық өмірін сол түрдегі екіншісіне айырбастау болғаны анық.

Селезневтіктер өздерінің қоршалған үйлеріне тығылып алады, бұл жер олар үшін қауіпсіз жер еді. Бір айдан кейін тұтқынға алынған қалмақтармен және көптеген барымталаған малмен оралған қазақтар қайтадан Селезнев лагеріне тоқтап, олардың 11 жылқыларын барымталайды. Біраз ғана орыс халқын өлтіріп, бүкіл дүние-мүлкін тартып алу үшін бірнеше жүздеген адамнан тұратын қалың топтың күші еркін жететін де еді. Бірақ олар барынша сабырлықпен өзара тиімді сауда-саттыққ жасап кетеді. Қазақтар орыстаға 4 сиыр мен екі өгіз беріп, кімге не керек өздеріне қажетті құмыра, сырт киім (зипун), балта, пышаққа айырбастайды.

Соңғы жылқы барымтасы селезневкеліктер үшін өліммен аяқталды. Оларға жылқы аса қажет еді. Қажеттілік қорқақты батыл етеді демекші, олар Өскеменге барып, бір ауылдың маңынан 6 жылқыны байқап, ұстап алып өзеннен өте бастайды, егер олар арғы бетке жүзіп үлгерсе, мүмкін еркіндікте ұзақ жүрер ме еді? Бірақ оларды казактар байқап қалып ұстап алады, осылайша олар Бұқтырманың орнына қайтадан темір торға қамалады.

Сипатталған эпизод тергеу ісінен үзінді ғана, ол Селезнев пен оның жолдастарының толық өмірбаянын бермейді.

1760 жылдың жазында Барнаул зауытынан Бұқтырмаға экспедиция аттанды, оны Барнаул госпиталінің дәрігері Яков Кисинг басқарды. Экспедицияны күзету үшін Өскемен бекінісінен бір рота солдаттар мен казактар отряды бекітіліп беріледі. Экспедиция Бұқтырмаға құятын аты белгісіз өзеннің жанында орналасқан биіктікке жақындағанда, кенеттен оқ жаудырылады. Солдаттар мен казактар үлкен қиындықпен биіктікті қоршап алады. Қоршау кешке дейін созылды. Ақыр соңында сарбаздар қансырап жатқан адамды табады. Әскерилердің бірі өліп жатқан адам «атақты ұры» Селезнев екенін анықтайды. Яков Кисинг Афанасий Селезневтің батылдығына тәнті болып, ол картада аты жоқ өзенге – Селезневтың атын беріп кетеді. Осылайша ол өзен бүгінге дейін Селезневка деп аталады. Картаға да осылайша түсірілген. Бертін келе өзеннің жанындағы темір жол бойындағы бекетті де Селезневка деп атады.

Бұл бір ғана мысал, қазақ даласын 18,19 және 20 ғасырларда орыс халқының отарлауы кезінде қаншама жер-су атаулары өзінің тарихи атауларын жоғалтып, «жаңа атаулар» иеленді. Оның ішінде жоғарыдағыдай ұры-қаралардың, қылмыскер қанішерлердің де аттары берілген жерлер баршылық. Сол орыс халқының жерімізге келген саяхатшылары, зерттеушілері жазған кітаптары мен жолжазбаларында біздің жер-суларымыздың бұрынғы қазақи атаулары молынан кездеседі. Сондай-ақ ата-бабаларымыздан жеткен, бірақ әлі күнге босағада қалған атауларымыз қаншама! Сол атауларды қалпына келтіретін заман қашан туар екен?

Өлкетанушы Дүйсен Бралинов

М.О. Әуезовтың өмірі мен шығармашылығына байланысты викторина біліміңді тексер

Викторина!

pllinkz

А.С. Пушкин атындағы Шығыс Қазақстан облыстық кітапханасы

шығыс қазақстан әдеби картасы

Шығыс Қазақстан танымал есімдер

addressbook001

addressbook002

© А.С. Пушкин атындағы Шығыс Қазақстан Облыстық Кітапханасы | Восточно-Казахстанская областная библиотека имени А.С. Пушкина. 1998-2024
Besucherzahler
счетчик посещений