kl kz



>
Шығыс Қазақстан Интернетте
Мәдениеті мен өнері
Туристерге
Тарих беттерінен
Маңызды оқиғалар
«Туған өлкем – тұнған тарих» дәрістер циклы
ШҚО ауылдарының тарихы
Өскемен жайлы не білесіз?
Өскемен қаласының тарихы
Өскемен қаласындағы көшелер тарихы
Ескерткіштер
Аудан паспорттары
Шығыс Қазақстан облысы
Шемонаиха ауданы
Өскемен қаласы
Риддер қаласы
Алтай ауданы
Глубокое ауданы
Зайсан ауданы
Катонқарағай ауданы
Күршім ауданы
Марқакөл ауданы
Самар ауданы
Тарбағатай ауданы
Үлкен Нарын ауданы
Ұлан ауданы
Семей қаласы
Курчатов қаласы
Аягөз ауданы
Абай ауданы
Бесқарағай ауданы
Бородулиха ауданы
Жарма ауданы
Көкпекті ауданы
Үржар ауданы
Уланский район
Урджарский район
Шемонаихинский район
Алтын Алтай фольклоры
Алтай аңыздары
Шығыс Қазақстанның музыкалық мұрасы
Шығыс Қазақстанның әдеби мұрасы
Өлке табиғаты
Табиғи қорықтар
Табиғи ресурстар
Шығыс Қазақстанның 25 ғажайып орны
Шығыстың шипажайлары
Барлық-Арасан шипажайы
«Баян» шипажайы
Рахман қайнары
Уба шипажайы
Киелі орындар
Абылайкит
Берел қорымы
Қоңыр әулие үңгірі
Шілікті алқабы
Ашутас
«Алаш арыстары» үйі (Семей қ.)
Семей полигоны құрбандарына арналған «Өлімнен де күшті» монументі (Семей қ.)
Ф.М. Достоевскийдің әдеби-мемориалды үйі (Семей қ.)
«Абай-Шәкәрім» мемориалдық кешені
Қозы Көрпеш пен Баян сұлу мазары
Мұзтау
Шығыс Қазақстан соғыс жылдарында
Соғыс балалары
Кеңес Одағының батырлары
Ардагерлер еске алады
Соғысқа қатысушылар
Партизандар қозғалысы
Тылдағы аналар
Тылдағы ерен еңбек
30 - Гвардиялық дивизия
Брест қамалын қорғауға қатысқан шығысқазақстандықтар
Еңбек армиясы
Өлкетану альманағы
Өлкетану альманағы 2024
Өлкетану альманағы 2023
Өлкетану альманағы 2022
Өлкетану альманағы 2021
Өлкетану альманағы 2020
Өлкетану альманағы 2019
Өлкетану альманағы 2018
Өлкетану альманағы 2017
Өлкетану альманағы 2016
Өлкетану журналы 2014
Өлкетану альманағы 2015
Өлкетану альманағы 2013
Әріптестеріміздің шығармашылығы
Геология
Өлке зерттеушілері
Тарих. Этнография. Мәдениет
Қаламгерлер жайында
Білім беру
Ономастика
Дін
ҰОС жылдарында (1941-1945) ЕҢБЕК АРМИЯСЫ қатарында болған шығысқазақстандықтар
Бейнетоптама
Шығыс Қазақстан әдебиеті
Шығыс Қазақстанның әдеби және есте қаларлық орындары
Фэнзин фантастикалық журналы
Виртуалды көрмелер
Қ. Мұхамедханов: библиографиялық көрсеткіш
Экран дикторы

linka

Шекара бөлінуіЖер – мемлекеттілігіміздің негізі, ел байлығы. Жер бізге ата-бабаларымыздан қалған мұра ғана емес, ол – еліміздің негізгі экономикалық ресурсы және болашақ ұрпаққа аманат етіп қалдыратын қасиетті құндылығымыз. Еліміздің бүгінгі тыныштығы мен тұрақтылығы, халқымыздың ынтымағы жарасқан, тату-тәтті жарасымды өмірі де, ертеңгі жарқын болашағымыз да жеріміздің тұтастығына тікелей байланысты. Ұрпағына ұлтарақтай жерді дін аман қалдырсам деп қаншама бабаларымыз қандарын төккенін тарихтан білеміз. Осы мақаламда туған жеріміздің біздерге қандай жолдармен жеткендігі жайлы баяндамақпын.

Жоңғар шапқыншылығынан кейін ата-бабаларымыздың Бұқтырма өңіріне қалай келгендігі жайлы алдыңғы мақалаларымда жазған болатынмын. Жоңғар хандығы 1758 жылы Қытайдың Цин империясының күйрете жеңуімен тарих сахнасынан келмеске кеткендігі белгілі. Сол кездерден бастап жоңғарлардан босаған өлкемізге ата-бабаларымыз келіп қоныстана бастаған. Жоңғар хандығының жойылуы осы аймақтағы саяси ахуалдың өзгеруіне ықпал етті. Жоңғарияның босаған аумағы Ресей мемлекетінің де Цин империясының да қызушылығын туғызды. Қытай жоңғарларды жеңгенен кейін олардың бұрынғы басып алып мекендеген жерлерінің барлығын өзіне тиесілі деп есептеп, өз шекарасын Қазақстан мен Орта Азияға қарай жақындатты. Осылайша қазіргі біздің туған жеріміздің өзі Бұқтырма өзенінің бойымен бөлініп осы екі мемлекеттің қарауына кірді. Бұқтырма өзенінің оң жағалауы Ресейдің ал сол жағалауы Цин империясының құрамына кірді. Ол кезде ешқандай шекара белгілері қойылмады. Шекара бойының әр жерінде: Шүршірт суының бойында, Шыңғыстайда, Өрелде, Үкек үстіртінде қытайдың бекеттері тұрды.

Ол кезде қазақтар Ресейдің боданында болғандықтан ата-бабаларымыз мекендеген жерлер олардың ықтиярынсыз Ресей мемлекеті тарапынан Қытаймен өзара саудаланып, 1860 жылғы Пекин, 1864 жылғы Шәуешек, 1881 жылғы Петербург келісімдері бойынша заңдастырылды. Ал 1864 жылы қыркүйек айының 25-сі күні (жаңа күнтізбе бойынша 7 қазан) Ресей мен Қытай арасында "Шәуешек келісімі" қазіргі қазақ-қытай шекара сызығының тартылып белгіленуінің негізі болды. Бұл келісім-шартты кезінде ресейлік тарихшы ғалым Владимир Моисеев "1864 жылғы "Шәуешек келісімі" – орыс дипломатиясының ірі табысы" деп бағалаған болатын. Енді осы келісім-шарттаға тоқталып өтейін. 1864 жылғы Шәуешек келісімінің 6 бабы негізінде екі тараптардың комиссарары 1865 жылдың мамыр айында белгіленген жерде кездесіп, шекара белгілерін қойып бастаулары керек болатын. Бірақ осы кездегі Батыс Қытайдағы дүңгендердің көтерілісі бұл іске мүмкіндік бермеді. Осылайша шекара белгілерін қою белгісіз мерзімге шегеріледі. Келісімнің 4 бабына сәйкес шекара маңындағы Қытай бекеттері алынып тасталды. Шекараның белгіленбеуі екі мемлекеттің көшіп-қонып жүрген халқына келеңсіз әсер етті, қақтығыстар, тонау, кісі өлімі, мал ұрлығы орын ала бастады. 1868 жылы бұл мәселе қайта көтеріліп, екі тарап 1869 жылыдың мамыр айынан бастап дүңгендер көтерілісі шарпымаған Шабан Дабағададан бастап Тарбағатай тауларындағы Хабар асу тау өткеліне дейінгі аралыққа шекара белгілерін қоюға келіседі. (Шабан Дабағада 1727 жылғы Бура келісімі негізінде 1728 жылы шекара белгілері қойылған болатын.) Ресей тарапынан бұл іске жауапты болып орыс географы, әскери қайраткер, генерал-майор шенінідегі Бабков Иван Федерович тағайындалады. Қытай мемлекеті тарапынан бас комиссар етіп Ілелік Цзянь-Цзюнь Жунцзюан тағайындалады. Екі мемлекеттің комиссарлары 1869 жылдың 10 мамырында Үкек бекетінде кездесуге келісіледі. Бабков И.Ф. 1 мамырда Омск қаласынан Барнаул қаласы арқылы Бұқтырма өлкесіне жолға шығып, айдың орта шенінде Шыңғыстай жеріне келеді. Ол жайында “Вспоминания о мойей службе в Заподной Сибири 1859-1875г” кітабында былай деп жазады: «1866 жылы Шыңғыстайға жақын жерде Бұқтырма өзенінің оң жағасында Чернова өзенінің бойында Чернова ауылы пайда болыпты. Онда Перм губерниясынан келген 60 адам қоныстаныпты, ауылда барлығы 9 үй салыныпты, барлығы үй салып әлі үлгермеген. Черновадан басқа Бұқтырманың сол жағында одан 50 верстей жерде Медведка, Медведкадан 12 верстей жерде Таловка ауылдары пайда болыпты. Менің сол кездегі жинақтаған деректерім бойынша отырықшылдыққа келесі орындар лайықты болады: 1) Чернова және Медведка ауылдарының ортасындағы Сарымсақты және Котон-Карағай телімі; 2) Бұқтырма өзенінің оң жағындағы Березовка өзенінің жаны; 3) Язовка өзенінің Берел өзеніне құяр тұсы.»

Бабковтың тобы одан әрі Өрел, Табыты, Шындығатай жерлерін басып өтіп тек мамыр айының соңына қарай Үкек бектіне келіп жетеді. Ол кезде Қытай мемелекетінің тобы Үкек бекетіне келіп қойған еді. Ресей және Қытай тарапынан келген комиссия мүшелері шекара белгілерін солтүстікке және оңтүстікке қарай қоюға екі топқа бөлінеді. Бірінші топқа Қобда, Улясутай округтеріне және одан әрі батыс қытай шекарасы шығыс шекарамен түйісетін Шабан-Дабағадағы шекара белгісіне дейін аралық бөлінеді. Екінші топ Бұқтырма алқабымен үлкен Алтай жоталарындағы тау асуларына, одан әрі оңтүстік-батыс бағытта Зайсан көліне, одан шығысқа қарай Қара Ертіспен жоғары Қобда округінің оңтүстік шетіндегі Маниту-Гатулхан бекетіне, одан әрі оңтүстікке қарай Тарбағатай тауларына және оан әрі оның жоталарымен Хабар асуға дейінгі аралыққа шекара белгілерін қою бөлінеді.

Күйтун тауынан Өрел ауылының тұсындағы Бақанас өзенінің басату алар жеріне дейін Оңтүстік Алтай тауларын мәңгілік қар алып жатқандықтан бұл аймаққа шекара белгілерін қоюдың қажеттілігі болмады. Сондықтан екінші топ Үкек асуынан түсіп Шыңғыстайдағы қытай бекеті болған маңайға келіп лагерлерін тігіп, Алтай асуларына шекара белгілерін қоюға кіріседі. Оңтүстік Алтай таулары Бақанас өзенінің басталар тұсынан бастап аласарып, Сарымсақты одан әрі Нарын, Күршім тауларына жалғасады. Осы аймақтағы Оңтүстік Алтай тауларындағы ең үлкен асу қытайдың Өрел бекетінің тұсындағы Бақанас асуы, одан кейін ретімен Сарноқай, Бұрқат, Тарбағатай, Байөрді асулары аралары бір-біріне жақын орналасқан. Тарбағатай асуынан асатын жол Бұрхат тау өткелі арқылы өтеді. Тарбағатай асуы Шыңғыстай жерінен Тарбағатайдағы қытай бекетіне апаратын ең қысқа жол. Бақанас және Сарноқай асулары одан біршама күрделі асулар. Осы аталған асуларға шекара белгілерін қояды. Осылайша қытайлар екеше бағалаған көркем табиғатты Бұқтырма алқабы Ресейдің құрамына өтеді. Бұқтырма алқабының маңызы қытайлықтар үшін ерекше еді. Себебі, дүңген көтерілісі кезінде Батыс Қытай мен Пекин арасындағы тіке жол жабылған шақта олар Үрімші, Құр-Қарасу, Қобда, Улясутай арқылы өтетін жалғыз ыңғайлы осы жолды пайдаланды. Бұқтырма алқабы Ресейдің қарауына өткеннен кейін бұл аймаққа жаппай орыстардың келіп қоныстануы басталады. Ол туралы алдыңғы жазылған мақалаларымда қамтылған болатын.

Комиссия мүшелеріне одан әрі оңтүстік батыс бағытта Зайсан көліне, Қара Ертіске қарай шекара белгілерін қою міндеті тұрды. Бабковтың кітабында осы бағыттағы жұмыстарды жүргізуге көмектескен жергілікті орыс шаруалары мен қазақтар және қалмақтар жайлы айтылады. Олар: ақсулық Егор Барсуков және Ларион Затеев, жер ыңғайын жақсы білетін қазақтар Тобақ Байжабин, би Байшора Мәметеков (Әлібек Асқаровтың арғы атасы), Майментай Қарамысов, Иса Саркандық (Сарғалдақ болуы керек) және қалмақ Атолой Атмечоков. Комиссия одан әрі Қара Қабаға Тарбағатай өзені құятын жердегі қытайдың Тарбағатай бекетіне келіп, одан әрі Күршім өзенінің бастау алар жеріне қарай Текелі тау асуы арқылы асып, Күршім өзенінен өтіп Қоламбай асуы арқылы табиғаты көркем Марқакөлге барады. Одан әрі оңтүстік батыс бағытта Күршім өзенінің сол жағы Қалжыр өзенінің батыс жағымен жүріп осы маңдағы ең биік шоқы Сарытауға қөтеріледі. Одан кейін Жылытау шоқысын басып өтіп, Салқыншоқыны айналып, Матерек телімі арқылы шекаралық Алтайдағы соңғы Бөкембай биігіне шығады. Бұл биіктіктен Зайсан жазығына түсіп, Қара Ертіс өзенінің бойындағы Манике теліміне келіп одан әрі балықшылар қайығымен қытайдың Маниту-Гатулхан бекетіне келеді. Осы жүріп өткен Күршім, Теректі, Қоломбай, Сарытау, Салқыншоқы, Терісайрық, Әулиебұлақ, Шәкелмес ең соңында Қара ертіс өзенінің сол жағында Қалжырдың құйар тұсына қарама-қарсы жақтағы Ақтөбе тауына шекаралық белгілер қойылады. Осылайша батыс Қытаймен Шабан-Дабағадан Қара Ертіске дейінгі аралықтағы орасан зор аумаққа 30 шілдеде шекаралық белгілері қойылып бітеді.

Біраз уақыттан кейін, нақты айтсақ 4 қыркүйек күні Бабков И.Ф. Көкпектіден шығып, Қара Ертістен Хабар асуға дейінгі аралыққа қытайлық комиссарларсыз шекаралық белгілер қоюға кіріседі. Қара Ертістен Мустау, Сауыртау, одан әрі Қытаймен Зайсан үстірті мен Шілікті қазан шұңқыры арасындағы Эмиля, Көбік өзендері, Сары Тұмсық, Қосжыра (Кочжур деп жазылады) және Тарбағатай тау өткелдеріне белгілер қойылады. Одан кейінгі белгі Қосжыра тауы мен Тайындыарық өзенінің арсындағы Керегентас тау өткеліне қойылады. Қалған белгілер Баймұрза, Бүргүстай, Боқайасу, Хабарасу асуларына қойылады. Бұл жердегі Бүргүстай мен Хабарасу ерекше маңызды асулар. Себебі Бүргүстайдан доңғалақты арбалармен де өтуге болса, ал Хабарасу Көкпектіден Шәуешекке тура апаратын салт атты жол. Соңғы Хабарасуға шекаралық белгі қоюмен комиссияның жұмысы аяқталады.

Бабковқа осы еңбегі үшін 1869 жылдың 11 қыркүйегінен бастап жылына 1000 сом зенетақы тағайындалады, 1870 жылдан бастап ол 2000 сомға ұлғатылады. 1972 жылы Батыс Сібір және Омбы әскери округінңң штаб бастығы болып тағайындалады.

Шәуешек келісімі бойынша сол кезде Ресейдің құрамына кірген жерлерге қазіргі Марқакөл өңірі, Қара Ертістің оң жағалауы кірмей қалғанын көреміз. Мен де бұрын бұл аймақтың барлығы Ресейдің құрамына Шәуешек келісімі арқылы қарады екен деп ойлайтынмын. Бірақ олай емес екен, ұзақ ізденістен кейін оның да нақты жауабын таптым. Ол жайында келесі мақаламда жазармын.

Қосымша беріліп отырған Шәуешек келісімінен кейінгі қартаға түсініктеме: 1) сол жақтағы Семей облысы, ол кезде біздің аудандар Семей облысы Өскемен уезіне қараған, 2) жоғарғы жақтағы Томск губерниясының аумағы, Бұқтырма өзенінің оң жағы яғни солтүстікке қарай сол губернияға қараған, 3) төменгі оң жақтағы Қытайдың территориясы, картадан көрінгендей Марқакөл көлі мен Қара Ертіс өзені тұтастай сол аумақта жатыр.

 

Өлкетанушы Дүйсен Бралинов

М.О. Әуезовтың өмірі мен шығармашылығына байланысты викторина біліміңді тексер

Викторина!

pllinkz

А.С. Пушкин атындағы Шығыс Қазақстан облыстық кітапханасы

шығыс қазақстан әдеби картасы

Шығыс Қазақстан танымал есімдер

addressbook001

addressbook002

© А.С. Пушкин атындағы Шығыс Қазақстан Облыстық Кітапханасы | Восточно-Казахстанская областная библиотека имени А.С. Пушкина. 1998-2024
Besucherzahler
счетчик посещений