kl kz



>
Шығыс Қазақстан Интернетте
Мәдениеті мен өнері
Туристерге
Тарих беттерінен
Маңызды оқиғалар
«Туған өлкем – тұнған тарих» дәрістер циклы
ШҚО ауылдарының тарихы
Өскемен жайлы не білесіз?
Өскемен қаласының тарихы
Өскемен қаласындағы көшелер тарихы
Ескерткіштер
Аудан паспорттары
Шығыс Қазақстан облысы
Шемонаиха ауданы
Өскемен қаласы
Риддер қаласы
Алтай ауданы
Глубокое ауданы
Зайсан ауданы
Катонқарағай ауданы
Күршім ауданы
Марқакөл ауданы
Самар ауданы
Тарбағатай ауданы
Үлкен Нарын ауданы
Ұлан ауданы
Семей қаласы
Курчатов қаласы
Аягөз ауданы
Абай ауданы
Бесқарағай ауданы
Бородулиха ауданы
Жарма ауданы
Көкпекті ауданы
Үржар ауданы
Уланский район
Урджарский район
Шемонаихинский район
Алтын Алтай фольклоры
Алтай аңыздары
Шығыс Қазақстанның музыкалық мұрасы
Шығыс Қазақстанның әдеби мұрасы
Өлке табиғаты
Табиғи қорықтар
Табиғи ресурстар
Шығыс Қазақстанның 25 ғажайып орны
Шығыстың шипажайлары
Барлық-Арасан шипажайы
«Баян» шипажайы
Рахман қайнары
Уба шипажайы
Киелі орындар
Абылайкит
Берел қорымы
Қоңыр әулие үңгірі
Шілікті алқабы
Ашутас
«Алаш арыстары» үйі (Семей қ.)
Семей полигоны құрбандарына арналған «Өлімнен де күшті» монументі (Семей қ.)
Ф.М. Достоевскийдің әдеби-мемориалды үйі (Семей қ.)
«Абай-Шәкәрім» мемориалдық кешені
Қозы Көрпеш пен Баян сұлу мазары
Мұзтау
Шығыс Қазақстан соғыс жылдарында
Соғыс балалары
Кеңес Одағының батырлары
Ардагерлер еске алады
Соғысқа қатысушылар
Партизандар қозғалысы
Тылдағы аналар
Тылдағы ерен еңбек
30 - Гвардиялық дивизия
Брест қамалын қорғауға қатысқан шығысқазақстандықтар
Еңбек армиясы
Өлкетану альманағы
Өлкетану альманағы 2024
Өлкетану альманағы 2023
Өлкетану альманағы 2022
Өлкетану альманағы 2021
Өлкетану альманағы 2020
Өлкетану альманағы 2019
Өлкетану альманағы 2018
Өлкетану альманағы 2017
Өлкетану альманағы 2016
Өлкетану журналы 2014
Өлкетану альманағы 2015
Өлкетану альманағы 2013
Әріптестеріміздің шығармашылығы
Геология
Өлке зерттеушілері
Тарих. Этнография. Мәдениет
Қаламгерлер жайында
Білім беру
Ономастика
Дін
ҰОС жылдарында (1941-1945) ЕҢБЕК АРМИЯСЫ қатарында болған шығысқазақстандықтар
Бейнетоптама
Шығыс Қазақстан әдебиеті
Шығыс Қазақстанның әдеби және есте қаларлық орындары
Фэнзин фантастикалық журналы
Виртуалды көрмелер
Қ. Мұхамедханов: библиографиялық көрсеткіш
Экран дикторы

linka

Жер-жерге атау қоюда да терең сыр, тұнған тарих бар. Сондай бір мән беретін тарихи оқиға Самар ауданының Бастаушы селосында тұратын Ұлы Отан соғысының ардагері, бірнеше жауынгерлік ордендердің иегері, екінші топтағы мүгедек Қабдуали Раханов ақсақалдың есінде күні бүгінге дейін сақталыпты. Жамбыл атындағы колхоз орталығы Бастаушы ауылы ертеректе Найманбай атаныпты. Қазан төңкерісінен кейінгі жаппай ортақтасу кезінде жайбарақат жатқан жалпақ елді бір қауызға сиғызып, дүние-мүлік, малбасы серіктестіріліп мойынқосты емес пе. Осы мойынсеріктің аты- Бастаушы деп аталса керек. Міне, содан бері рулы елдің ықылым заманнан бері аталып келген Найманбай аты мүлде өшіп, Бастаушы болып кеткен. Бастаушы ауылының Көкжота бөлімшесіне бара жатқан жолдың сол жағында оқшау тұрған төбешік бар. Осы жердің Ақмырза аталуының өзіндік сыры, тәп-тәуір тарихы бар. Найманбай ауылы берекесі шайқалмаған көп шаңырақты бір атаның балалары Тасболаттар екен. Олардың ішінде Сарт есімді біреуі басқасына қарағанда ауқаты төмен, кедейлеу болыпты. Бай ағайындарынан теперіш көрген Сарт өңкелеп, Семейге көшіп кетеді. Сол жақта тұрып, саудамен шұғылданып, дүние құрап, үй салып, бара-бара атағы шыққан бай-патша атанады . Бауырларының атағын естіп мұндағы Қасболат, Ақболат, Сатыбалды, Дүйсен- бәрі жиналып, игі жақсыдан кісі жіберіп, оны қайтадан елге көшіріп әкеледі. Орталарына оралған туыстарына өздері отырған Найманбай ауылының оңтүстік шығысынан орын беріп, қора тұрғызып қоныстандырады. Әрі жаңа ауылға төрелікке өзі сал, сымбатты, ақылды Ақмырза деген жиырмадан жаңа асқан жігітті береді. Ақмырза- төре тұқымы, текті жердің баласы, бай әкенің жалғыз ұлы екен. Сол кезде Сарттың алты ұлдың ортасында он бестен он алтыға шығатын Қымбат есімді жалғыз қызы бартын. Семей медіреселерінде оқып сауатын ашқан, үріп ауызға салғандай сүйкімді бойжеткенге ғашық болған Ақмырза құда түсіп, айттырады. Байдың ризалығын алып, қалыңмал төлеп, қалыңдық ойнауға ұрын барғалы отырғанда, ауырмай-сырқамай Қымбат кенеттен қайтыс болады. Сүйген қызының мүсінін тастан қашап, басына қояды да, қайғыдан кешікпей Ақмырза да дүние салады. Ол да қыз бейітіне жерленеді. Осы қайғылы оқиғадан кейін, бұл жер Ақмырза атанып кетсе керек. Аяулы жар, ару қыздың тас мүсіні Қазан төңкерісіне дейін зират басында ерекше көз тартып, оқшау тұрыпты. Бір қызығы- арманда кеткен екі жастың артында қалған осы ескерткіш қойылған күннен бастап, бұл маңға күнде жаңбыр жауып, күн көзі бір ашылмайтын болыпты. 1920-шы жылдар шамасы жаңбырдан әбден мазасы кеткен елдің егіні, шөбі шіріп, халық қатты күйзеледі. Осы кезде Найманбай өңірінің ақсақалдары жиналып, бақсы- балгерлерге бал аштырады. Олар бар пәле Қымбат қыздың ескерткіш тасында, сондықтан оны құлатып, жерге көміп тастаңдар депті. Жиналған жұрт бұл істі ауылдың Ермекбай, Қоржықай, Мұсабай, Көшер сияқты жас жігіттеріне тапсырады. Жігіттер тасты қопарып, Ақмырза төбесінің Көкжота жағындағы ойпаң жерге көміп тастаса керек. Дәл осы сәтті күткендей-ақ аспан шайдай ашылып, құйып тұрған жаңбыр сап басылады. «Осы әңгімені Ермекбай, Көшер,Қоржықай ақсақалдардан талай естіп едім»,- дейді Қабдуали қарт. Сонымен, Қымбат қыздың Ақмырза қашаған тас мүсіні күні бүгінге дейін баяғы көмілген жерінде жатуы да мүмкін.

 

Қ. Раханов //Дидар. - 1992. - 21 наурыз.

М.О. Әуезовтың өмірі мен шығармашылығына байланысты викторина біліміңді тексер

Викторина!

pllinkz

А.С. Пушкин атындағы Шығыс Қазақстан облыстық кітапханасы

шығыс қазақстан әдеби картасы

Шығыс Қазақстан танымал есімдер

addressbook001

addressbook002

© А.С. Пушкин атындағы Шығыс Қазақстан Облыстық Кітапханасы | Восточно-Казахстанская областная библиотека имени А.С. Пушкина. 1998-2024
Besucherzahler
счетчик посещений