kl kz



>
Шығыс Қазақстан Интернетте
Мәдениеті мен өнері
Туристерге
Тарих беттерінен
Маңызды оқиғалар
«Туған өлкем – тұнған тарих» дәрістер циклы
ШҚО ауылдарының тарихы
Өскемен жайлы не білесіз?
Өскемен қаласының тарихы
Өскемен қаласындағы көшелер тарихы
Ескерткіштер
Аудан паспорттары
Шығыс Қазақстан облысы
Шемонаиха ауданы
Өскемен қаласы
Риддер қаласы
Алтай ауданы
Глубокое ауданы
Зайсан ауданы
Катонқарағай ауданы
Күршім ауданы
Марқакөл ауданы
Самар ауданы
Тарбағатай ауданы
Үлкен Нарын ауданы
Ұлан ауданы
Семей қаласы
Курчатов қаласы
Аягөз ауданы
Абай ауданы
Бесқарағай ауданы
Бородулиха ауданы
Жарма ауданы
Көкпекті ауданы
Үржар ауданы
Уланский район
Урджарский район
Шемонаихинский район
Алтын Алтай фольклоры
Алтай аңыздары
Шығыс Қазақстанның музыкалық мұрасы
Шығыс Қазақстанның әдеби мұрасы
Өлке табиғаты
Табиғи қорықтар
Табиғи ресурстар
Шығыс Қазақстанның 25 ғажайып орны
Шығыстың шипажайлары
Барлық-Арасан шипажайы
«Баян» шипажайы
Рахман қайнары
Уба шипажайы
Киелі орындар
Абылайкит
Берел қорымы
Қоңыр әулие үңгірі
Шілікті алқабы
Ашутас
«Алаш арыстары» үйі (Семей қ.)
Семей полигоны құрбандарына арналған «Өлімнен де күшті» монументі (Семей қ.)
Ф.М. Достоевскийдің әдеби-мемориалды үйі (Семей қ.)
«Абай-Шәкәрім» мемориалдық кешені
Қозы Көрпеш пен Баян сұлу мазары
Мұзтау
Шығыс Қазақстан соғыс жылдарында
Соғыс балалары
Кеңес Одағының батырлары
Ардагерлер еске алады
Соғысқа қатысушылар
Партизандар қозғалысы
Тылдағы аналар
Тылдағы ерен еңбек
30 - Гвардиялық дивизия
Брест қамалын қорғауға қатысқан шығысқазақстандықтар
Еңбек армиясы
Өлкетану альманағы
Өлкетану альманағы 2024
Өлкетану альманағы 2023
Өлкетану альманағы 2022
Өлкетану альманағы 2021
Өлкетану альманағы 2020
Өлкетану альманағы 2019
Өлкетану альманағы 2018
Өлкетану альманағы 2017
Өлкетану альманағы 2016
Өлкетану журналы 2014
Өлкетану альманағы 2015
Өлкетану альманағы 2013
Әріптестеріміздің шығармашылығы
Геология
Өлке зерттеушілері
Тарих. Этнография. Мәдениет
Қаламгерлер жайында
Білім беру
Ономастика
Дін
ҰОС жылдарында (1941-1945) ЕҢБЕК АРМИЯСЫ қатарында болған шығысқазақстандықтар
Бейнетоптама
Шығыс Қазақстан әдебиеті
Шығыс Қазақстанның әдеби және есте қаларлық орындары
Фэнзин фантастикалық журналы
Виртуалды көрмелер
Қ. Мұхамедханов: библиографиялық көрсеткіш
Экран дикторы

linka

1905-1907 жылдардағы революцияның толқыны Россияның орталығын ғана емес, сонымен бірге оның шет аймақтарын да шарпып өтті. Оның дүмпуі шағын елді мекен Васильевка селосына да жетті.
1905-1907 жылдардағы революцияның жеңіліс тапқаны мәлім. Пролетариат пен шаруалар патша самодержавиясын құлата және помещиктік жер иеленуді жоя алмады. Патша өкіметі қарулы көтерілісті аяусыздықпен басып, бірақ біраз жеңілдіктер жасауға мәжбүр болды. Шаруалар үшін селолық қауымнан құру және хуторлар құру көзделінген аграрлық реформа жарияланды. Бұл шаруалардың жікке бөлінуін күшейтті, кедейлер мен кулактардың тап күресін шиеленістіре түсті. Қоныстандыру саясаты аграрлық шараларда маңызды орын алады. Өкімет шаруалардың орталық губерниялардан шет аймақтарға - Сібірге, Орта Азияға қоныстануын қолдады. Жаңа жерлерге қоныстану өте ауыр жағдайда өтті. Қоныстанушыларға ссуда аз бөлінді. Оларға темір жолдан алыс жерлерден жер бөлінді.
Курск губерниясының тумалары Першиндер семьясы да осындай қоныстанушылардың бірі болды. Семьяларынада 12 бала болды. Атасы шағын жерді иеленетін. Бөліс кезінде Илья Ивановичтің әкесіне біржарым десятина жер тиді. Бұл үлкен семьяны асырауға жеткіліксіз еді.
Сол кезде Курск губерниясының Земствосы қоныстанушы шаруларды бірітіріп жатқан еді.
Иван Григорьевич Киргизяға (Қазақстан сол кезде осылай аталатын) қоныстану туралы келісімге қол қойды. 1907 жылдың август айының басында Иван Клюбин, Леонид Погорелоз, Иван Исаенко және И.Г.Першин пароходпен Өскеменге келді. Мұнда олар өздері сияқты қоныстанушылар саратовтық С.И.Данильченковпен, С.Матяшовпен, киевтік Иван Овчинников және Савелий Зацаринмен, кавказдық Григорий Шишкин және Иван Лотиковтермен кездесті.
Оларды уездік земствоның қоныстанушылар бастығы Василий Акимович Саенко қабылдады.
Түстіктен кейін барлығы участокті көруге көтерілді. Елді мекенді Аблакетканың сол жақ жағалауында салу белгіленді. Қоныстанушылар бұл жоспармен және болашақ поселканың орнымен келісті. Осымен қоныстанушылар жермен танысудың алғашқы күнін аяқтады. Келесі күндерде олар төңірекке шолу жасап, болыстық село Михайло-Архангельскоеда және жақын маңдағы қазақ аулында болды. Алтыншы күні Василий Акимовичпен қош айтысып, қоныстанушылар Россияға жүретін пароходпен үйлеріне жүріп кетті.
Курскіге оралғаннан кейін, қоныстанушылар семьяларымен 1908 жылдың мартында көшуді ұйғарды. Крутой Лог селосынан екі семья: 14 адамнан тұратын Першиндер және 7 адамнан тұратын Афанасий Кириллович Рыковтың семьялары көшуге тілек білдірді. Олар қолға ілінгендердің барлығын өздерімен бірге алып жүрді.
1908 жылдың апрель айының аяғына таман барлық қоныстанушылар көшіп келді. Алайда ресми жергілікті өкімет жоқ еді. Василий Акимович Саенко жер өлшеушілердің біріне жаңадан қоныстанушыларды басқаруды жүктеді.
Бірде ол болыстық старшин Саулинмен және болыс Иманбаймен келіп, алғашқы село жиналысын өткізді. И.Г.Першин староста сайланды, село хатшысына Иван Иванович Качан тағайындалды. Жүздікті И.М.Исаенко басқарды. Жүздік он ондыққа бөлінді. Олардың өз басқарушылары болды.
Енді селоға ат қою мәселесі туды. Михайло-Архангелскіден келген дін басы Алексей пристол мерекесін «Қасиетті пакров күні» бірінші октябрьде өткізу, ал селоны «Покровское» атауды ұсынды. Мерекені өткізу туралы ешқандай талас болмады. Ал селоға тұрғындардың біреуі Василий Акимович Саенконың есімін беріп, «Васильевка» атауды ұсынды. Бұған тұрғындардың барлығы риза болды. Дін басы Алексей «селоларыңызды «Васильевка» атағыларыңыз келсе, мен өз ұсынысымды қайтып аламын»,- деді.
Жиналыста селоның негізі қалаған күнді «Троица күнінде» салтанатты түрде атап өту ұйғарылды. Василий Акимович мінбеге көтеріліп, жиналғандарды жаңа қоныстарымен құттықтап, табысқа жете берулеріне тілек білдірді. Ол сөзінің соңында патша мен Отанның құрметіне бата тіледі. Содан кейін діни әдет-ғұрып басталды. Су алатын жерлер мен құдықтар қасиеттелініп, селоның оң және сол жағындағы бұрылыстарға «Қоныстанушылар поселогі «Васильевка» деген жаулары бар бағаналар отырғызылды. Бағанада селода 104 аула бар екені, уезге дейін 22 шақырым, ал болыс орталығына дейін төрт шақырым, селоның ірге тасын Россияның орталық губерниясынан келген қоныстанушылардың 1908 жылдың көктемінде қалағаны көрсетілді. Василий Акимович өз міндеттерімен шектелмей, поселка тұрмысын үнемі бақылап отырды. Оның өтініші бойынша уездік өкімет шаруалардың баларын оқыту үшін поселкеге бастауыш мектеп салуға қаржы бөлді. Мектеп 1912 жылы салынды.
1910 жылы селода товарлар сататын екі дүкен ашылды. Олар жекеменшік дүкендер болатын. Дүкендерде орақтар, шалғылар, керосин, мануфактура сатылды. 2010 жылдан бастап Васильевка ауылына Мамай батыр атауы берілді.
Мамай батыр ауылы (2010 жылға дейін – Васильевка) – Шығыс Қазақстан облысы Ұлан ауданы, Абылайкит ауылдық округі құрамындағы ауыл.
Аудан орталығы – Қасым Қайсенов кентінен оңтүстік-шығысқа қарай 37 км жерде
1999 жылы жергілікті тұрғындар саны 1087 адам (546 ер адам және 541 әйел адам) болса, 2009 жылы 1447 адамды (705 ер адам және 742 әйел адам) құрады.

Ж. Березовская // Өркен. - 1977. - 1 ноябрь.; 5 ноябрь
Ж. Березовская // Өркен. - 1977. - 25 октябрь.; 27 октябрь

М.О. Әуезовтың өмірі мен шығармашылығына байланысты викторина біліміңді тексер

Викторина!

pllinkz

А.С. Пушкин атындағы Шығыс Қазақстан облыстық кітапханасы

шығыс қазақстан әдеби картасы

Шығыс Қазақстан танымал есімдер

addressbook001

addressbook002

© А.С. Пушкин атындағы Шығыс Қазақстан Облыстық Кітапханасы | Восточно-Казахстанская областная библиотека имени А.С. Пушкина. 1998-2024
Besucherzahler
счетчик посещений