kl kz



>
Шығыс Қазақстан Интернетте
Мәдениеті мен өнері
Туристерге
Тарих беттерінен
Маңызды оқиғалар
«Туған өлкем – тұнған тарих» дәрістер циклы
ШҚО ауылдарының тарихы
Өскемен жайлы не білесіз?
Өскемен қаласының тарихы
Өскемен қаласындағы көшелер тарихы
Ескерткіштер
Аудан паспорттары
Шығыс Қазақстан облысы
Шемонаиха ауданы
Өскемен қаласы
Риддер қаласы
Алтай ауданы
Глубокое ауданы
Зайсан ауданы
Катонқарағай ауданы
Күршім ауданы
Марқакөл ауданы
Самар ауданы
Тарбағатай ауданы
Үлкен Нарын ауданы
Ұлан ауданы
Семей қаласы
Курчатов қаласы
Аягөз ауданы
Абай ауданы
Бесқарағай ауданы
Бородулиха ауданы
Жарма ауданы
Көкпекті ауданы
Үржар ауданы
Уланский район
Урджарский район
Шемонаихинский район
Алтын Алтай фольклоры
Алтай аңыздары
Шығыс Қазақстанның музыкалық мұрасы
Шығыс Қазақстанның әдеби мұрасы
Өлке табиғаты
Табиғи қорықтар
Табиғи ресурстар
Шығыс Қазақстанның 25 ғажайып орны
Шығыстың шипажайлары
Барлық-Арасан шипажайы
«Баян» шипажайы
Рахман қайнары
Уба шипажайы
Киелі орындар
Абылайкит
Берел қорымы
Қоңыр әулие үңгірі
Шілікті алқабы
Ашутас
«Алаш арыстары» үйі (Семей қ.)
Семей полигоны құрбандарына арналған «Өлімнен де күшті» монументі (Семей қ.)
Ф.М. Достоевскийдің әдеби-мемориалды үйі (Семей қ.)
«Абай-Шәкәрім» мемориалдық кешені
Қозы Көрпеш пен Баян сұлу мазары
Мұзтау
Шығыс Қазақстан соғыс жылдарында
Соғыс балалары
Кеңес Одағының батырлары
Ардагерлер еске алады
Соғысқа қатысушылар
Партизандар қозғалысы
Тылдағы аналар
Тылдағы ерен еңбек
30 - Гвардиялық дивизия
Брест қамалын қорғауға қатысқан шығысқазақстандықтар
Еңбек армиясы
Өлкетану альманағы
Өлкетану альманағы 2024
Өлкетану альманағы 2023
Өлкетану альманағы 2022
Өлкетану альманағы 2021
Өлкетану альманағы 2020
Өлкетану альманағы 2019
Өлкетану альманағы 2018
Өлкетану альманағы 2017
Өлкетану альманағы 2016
Өлкетану журналы 2014
Өлкетану альманағы 2015
Өлкетану альманағы 2013
Әріптестеріміздің шығармашылығы
Геология
Өлке зерттеушілері
Тарих. Этнография. Мәдениет
Қаламгерлер жайында
Білім беру
Ономастика
Дін
ҰОС жылдарында (1941-1945) ЕҢБЕК АРМИЯСЫ қатарында болған шығысқазақстандықтар
Бейнетоптама
Шығыс Қазақстан әдебиеті
Шығыс Қазақстанның әдеби және есте қаларлық орындары
Фэнзин фантастикалық журналы
Виртуалды көрмелер
Қ. Мұхамедханов: библиографиялық көрсеткіш
Экран дикторы

linka

СарытерекСарытерек ауылы аудан орталығы Зайсан қаласынан 30 шақырым қашықтықта, Кендірлік өзенінің бас жағында орын тепкен. Ауылдан 5-6 шақырым жоғары Сауыр мен Сайқанның мұздық тауларынан еріген сулар мен тау бұлақтарын, күркіреп аққан ағысы қатты Қара Үңгір, Тебеген, Бұланбай, Ертісбай, Қараш, Қалықбай өзендерін ауыздықтайтын Кендірлік су бөгені салынған. Ұзындығы 90 шақырымнан асатын Кендірлік өзені Зайсан көліне құяды.
Кендірлік елді мекенінің салынуы 19-ғасырдағы Ресей мен Қытай арасында шекараны межелеуге байланысты болды. Жаңа шекара шебін күзетуге арналған бұл қоныс 6ipте-бірте кеңейіп өсе бастады. Қазіргі ауылдың негізі 1870 жылдары қаланып, екі-үш жылда іргелі казак поселкесіне айналады. 2005 жылы осы жердің тумасы, ресейдің ірі әскери қолбасшысы генерал-полковник Н. Соловцов Кендірліктің ірге тасын қалап, шапқыншылардан қорғағандар және арғы атасы жерленген ауыл ортасындағы христиандар зиратына ескерткіш құлпытас орнатқан.
Кейінірек жоғары жағындағы орманды жердегі Бестерек шағын ауылының жұрты төменірек көшіріліп, 1910 жылдар шамасында Кендірлік атала бастады. Сол жылдары жергілікті қазақтардың атақоныс жерлері орыс казактары мен переселен шаруаларына бөлініп беріліп, дау-дамай, қақтығыстар туады. Негізінен, бұл аймақтар ежелден Абақ Керейдің, біраз Уақтың егіндік, шабындығы, жаз жайлауы, қыс қыстауы болып саналатын. 19-ғасырдың 70 жылдарының аяғында орыстың географы, саяхатшысы Н.Пржевальский кезекті саяхаты кезінде осы ауылға ат басын тіреген деген дерек бар. Бір кездері ауылдың жоғары жағында шекарашылар заставасы (кейін балалар интернаты) болған. XX ғасырдың басында алғашқы сауда дүкені, ұстахана мен ұн тартатын диірмендер халыққа қызмет көрсете бастады. Кеңес үкіметі орнығып, алғашқы ұжымдастыру науқанына ұшыраған селода алғашқы «Путь бедноты», «Победа», «Заря» мойынcepiктepi құрылады. Кейін ұсақ шаруашылықтар 6ipiктіріліп «Красный пограничник» ұжымшары болып аталды.Сарытерек
Ауылда 1911-1912 жылдары орысша бастауыш мектеп ашылып, 1935 жылы жетіжылдық боп үлкейтіледі. Бүгінгі таңда сарытеректік оқушылар 1971 жылы жаңа жобамен салынған орта мектепте оқиды. Ауылдың аты бірнеше рет өзгеріп, Волчанка, Красный пограничник, Абай, Кендірлік, Пржевальское аталды. 1991 жылы Сарытерек аты қайтадан жаңғырды.
Өткен ғасырдың 20-30 жылдарындағы ашаршылық, кеңестік солақай саясаттың зардабы бұл ауылды да айналып өткен жоқ. Талай тұрғын арғы бетке өтіп, басқа жерлерге бас сауғалап, аштықтан қайтыс болған.
Екінші дүниежүзілік соғысына қатысқан сарытеректік азаматтардың 122-ci майданда қаза тауып, жат жерде қалса, 107 майдангер туған жерлеріне аман оралған. 1941-45 ж.ж. соғыстан кейін 50-ші жылдардың басында «Красный пограничник» (Кендірлік) пен «Скотовод» (Мұжықсу) бipiктіріліп, ұжымшарға ұлы ақын Абайдың eciмі 6epілді.
1962 жылы Қаратал, Кендірлік кеңшарларының негізінде Зайсан кеңшары құрылды. Орталығы Сарытерек (Кендірлік) селосы болып 6елгіленді. Зайсан ауданының әр ауылдарынан жас мамандар әкелініп қоныстандырылып, осы жаңадан құрылған кеңшардың шаруашылық жұмыстарына жұмылдырылды. Сарытерек ауылы мен әкімшілік аумағының жағдайы, адамдардың тұрмысы жоғарылап, елді мекендердің көркі кірді. Кендірлік өзеніннің ағысымен ұзыннан орналасқан ауылдың көшелері асфальтталып, Мәдениет үйі салынды. Кино, концерт қою залы, кітапхана, би залы, спорт бөлмесі, әкімшілік кабинеттері бар мұндай кешен ауданда алғаш осы ауылда қолданысқа берілді. Балалар бақшасы, кейіннен заманауи емхана салынды.
30 жылға жуық кеңшар экономикасының өсіп-өркендеуіне өзіндік үлестерін қосқан директорлар С.Жайлаубаев, Қ.Торғаев, Б.Нұрғалиев, Ә.Әубәкіров, Е.Кітапбаевтардың атқарған қызметтері ерекше. Жалпы, ауылдық округтің жер аумағы 77,5 мың гектардан астам, оған Көгедай, Шалқар ауылдары кіреді.
Өңір тұрғындары негізінен мал шаруашылығымен, егін мен бақша дақылдарын өсірумен шұғылданады. Марал өсіретін шағын шаруашылық жұмыс істейді.
СарытерекАуылдан бірер шақырым жоғары ерекше аралас орман орын тепкен. «Бестерек» қорықшасындағы тоғайдың арасында, шырғанақ, шәңкіш, долана, итмұрын, сиыр бүлдірген, таңқурай, қой бүлдірген, көкбояу, сан түрлі саңырауқұлақтар, алма, т.б. даланың жеміс-жидектері мол өседі. Көпшіліктің саялайтын, демалып, рахаттанатын жеріне айналған, қажет еткендер түрлі емдік шөптер жинайды. Ну орманда қоян, түлкі, елік, шошқа, борсық, қырғауыл, үйрек-қаз, кекілік-шіл, құр сияқты тағылық аң-құстарды кездестіруге болады. Осы табиғаты тамылжыған жерде заманауи талапқа сай «Бәйтерек» мәдени-сауықтыру орталығы орналасқан. Ол жерде жаз мезгілінде балалар демалады, спортпен шұғылданады, қыста қарда жүретін шанамен, атпен серуендейді, суға шомылып, күнге қыздырынады.
Сарытерек - Зайсан ауданындағы қыста қар ең көп түсетін ауыл. Қыс айларында климаты қаталдау болғанмен, жаз кезінде ауасы жұмсақ, жайлы. Ауылдың тұрған жері тастақты болғанмен, бетіндегі топырағы өте құнарлы. Су мол болғандықтан, тұрғындардың бау-бақшаларында түрлі жеміс мол боп өседі. Бір кездері Сартеректің шет жағында жүзім бағы, маңдағы өзеннің бойында керемет алма бағы болған, жақсы өнім берген. 3-4 шақырым жердегі Балықбай жотасында өңірде теңдесі жоқ алма бағы бар. Бұл бақта алманың оннан астам түрі, тіпті апорт та бар. Жеміс ағаштарынан ондаған тонна алма жиналып, малшылар мен шаруаларға таратылатын. Өкінішке орай, қазіргі уақытта бақтың көлемі әлдеқайда азайып қалған.
Ауылға қарасты аумақтың табиғаты сулы, нулы, таулы-қыратты. Сондықтан, флорасы мен фаунасы өте бай. Әсіресе, жаз кезінде өте көрікті. Саяхатшылар мен аңшылар көптеп келеді. Жайлауында қарақат, қызылқат, тошала, аю қарақат, дала бүлдіргені мен таулы өзендердің бойында рауғаш мол өседі. Қарағайлы, тоғайлы жерлерде ұсақты-ірілі дала аңдары көп. Жайлауында көркіне көз тоймайтын керемет қойнаулар көп, бірнеше тау көлі бар. Қара Үңгір қыстағының маңындағы түрлі-түсті төбелер, марсиандық пейзаждар өте әдемі. Аққойын шағын ауылының маңында ашық әдіспен өндірілетін «Кендірлік» қоңыр көмір кеніші бар.
Әйгілі Зайсан қазаншұңқырының шетінде орын тепкен Сартерек ауылының әкімшілік аумағы тарихқа өте бай. Тау, шыңдар, асулар мен үңгірлер, қыстақтар мен қорғандар, тұлғалар туралы деректер мен аңыздар жетерлік. Осының барлығы ғалымдар мен тарихшылар зерттейтін, ақындар мен жазушылардың шығармаларына шабытты арқау болатын, дүниелер деп білеміз.

Манатбек Жеңсеханов,
тарихшы-ұстаз, өлкетануш
М.О. Әуезовтың өмірі мен шығармашылығына байланысты викторина біліміңді тексер

Викторина!

pllinkz

А.С. Пушкин атындағы Шығыс Қазақстан облыстық кітапханасы

шығыс қазақстан әдеби картасы

Шығыс Қазақстан танымал есімдер

addressbook001

addressbook002

© А.С. Пушкин атындағы Шығыс Қазақстан Облыстық Кітапханасы | Восточно-Казахстанская областная библиотека имени А.С. Пушкина. 1998-2024
Besucherzahler
счетчик посещений