Аталмыш ауылдың жері кезінде патша өкіметі кезеңінде өмір сүрген подполковник Герасимовтың меншігінде болған. Алайда өзі қазіргі Меновное ауылында тұрған. Шамамен 1870 жылдары Герасимов өз қарамағындағы жерді помещик Бабкинге жалға береді. Ал помещик Бабкин қалада тұрғанымен, сол аумақта жылұы фермасын ұстаған. 1910 жылы Солтүстік Кавказдың Гулькевич станциясынан жер аударылып келген неміс халқының өкілдері Ейст, Крафт және Гопп әулеттері Герасимов жерінде 2 жыл тұрғанымен де, жер оларға берілмейді. Кейіннен олар помещик Бабкинмен келісіп, помещик оларға жер және тұқым берсе, егіншілікпен айналысқан шаруалар помещикке түскен пайданы үштен бірін беріп отырады. Дәл осы әулеттер Герасимовка ауылының қабырғасын қалайды.
1930 жылдың ақпанында Герасимовка жерін мекендеген бірнеше шаруалар біріге отырып, «Красный Пахарь» колхозын құрады. Сол жылдары колхозда тек 13 саман үй ғана болған. 1931 жылдың көктемінде «Балтийский» колхозынан эстондардың, Омбыдан латынның келуінен тұрғындар саны өсе түседі. Кейіннен колхоз өсе келе, оған В.И.Лениннің есімі беріледі.
XX ғасырдың орта шенінен бастап, «В.И.Лениннің атындағы колхозға» қазақ ұлты көптеп қоныстана бастайды. Дәл осы сәттерде колхозға «Герасимовка» аты беріліп, ауылға айналады.
Елжан Қайырханов -Өскемен. - 2014. - 23 қаңтар. - Б. 23.