kl kz



>
Шығыс Қазақстан Интернетте
Мәдениеті мен өнері
Туристерге
Тарих беттерінен
Маңызды оқиғалар
«Туған өлкем – тұнған тарих» дәрістер циклы
ШҚО ауылдарының тарихы
Өскемен жайлы не білесіз?
Өскемен қаласының тарихы
Өскемен қаласындағы көшелер тарихы
Ескерткіштер
Аудан паспорттары
Шығыс Қазақстан облысы
Шемонаиха ауданы
Өскемен қаласы
Риддер қаласы
Алтай ауданы
Глубокое ауданы
Зайсан ауданы
Катонқарағай ауданы
Күршім ауданы
Марқакөл ауданы
Самар ауданы
Тарбағатай ауданы
Үлкен Нарын ауданы
Ұлан ауданы
Семей қаласы
Курчатов қаласы
Аягөз ауданы
Абай ауданы
Бесқарағай ауданы
Бородулиха ауданы
Жарма ауданы
Көкпекті ауданы
Үржар ауданы
Уланский район
Урджарский район
Шемонаихинский район
Алтын Алтай фольклоры
Алтай аңыздары
Шығыс Қазақстанның музыкалық мұрасы
Шығыс Қазақстанның әдеби мұрасы
Өлке табиғаты
Табиғи қорықтар
Табиғи ресурстар
Шығыс Қазақстанның 25 ғажайып орны
Шығыстың шипажайлары
Барлық-Арасан шипажайы
«Баян» шипажайы
Рахман қайнары
Уба шипажайы
Киелі орындар
Абылайкит
Берел қорымы
Қоңыр әулие үңгірі
Шілікті алқабы
Ашутас
«Алаш арыстары» үйі (Семей қ.)
Семей полигоны құрбандарына арналған «Өлімнен де күшті» монументі (Семей қ.)
Ф.М. Достоевскийдің әдеби-мемориалды үйі (Семей қ.)
«Абай-Шәкәрім» мемориалдық кешені
Қозы Көрпеш пен Баян сұлу мазары
Мұзтау
Шығыс Қазақстан соғыс жылдарында
Соғыс балалары
Кеңес Одағының батырлары
Ардагерлер еске алады
Соғысқа қатысушылар
Партизандар қозғалысы
Тылдағы аналар
Тылдағы ерен еңбек
30 - Гвардиялық дивизия
Брест қамалын қорғауға қатысқан шығысқазақстандықтар
Еңбек армиясы
Өлкетану альманағы
Өлкетану альманағы 2024
Өлкетану альманағы 2023
Өлкетану альманағы 2022
Өлкетану альманағы 2021
Өлкетану альманағы 2020
Өлкетану альманағы 2019
Өлкетану альманағы 2018
Өлкетану альманағы 2017
Өлкетану альманағы 2016
Өлкетану журналы 2014
Өлкетану альманағы 2015
Өлкетану альманағы 2013
Әріптестеріміздің шығармашылығы
Геология
Өлке зерттеушілері
Тарих. Этнография. Мәдениет
Қаламгерлер жайында
Білім беру
Ономастика
Дін
ҰОС жылдарында (1941-1945) ЕҢБЕК АРМИЯСЫ қатарында болған шығысқазақстандықтар
Бейнетоптама
Шығыс Қазақстан әдебиеті
Шығыс Қазақстанның әдеби және есте қаларлық орындары
Фэнзин фантастикалық журналы
Виртуалды көрмелер
Қ. Мұхамедханов: библиографиялық көрсеткіш
Экран дикторы

linka

katonkaragai parkКатонқарағай мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің қысқаша физика-географиялық сипаттамасы.

Орналасқан орны: 

Катонқарағай мемлекеттік ұлттық табиғи паркі (КҚМҰТП) Шығыс Қазақстан облысындағы Катонқарағай ауданында орналасқан. Ұлттық парктің аумағы теңіз деңгейінен 3000 метрден жоғары және мәңгі қарлармен көмкерілген көп жоталы таулы өңір, Оңтүстік Алтай ірі таулы аймағының шегінде орналасқан.

Катонқарағай мемлекеттік табиғи ұлттық паркінің аумағына төмендегілер кіреді: Листвяга және Қатын жоталарының оңтүстік макробеткейлері (Мұзтау тауының оңтүстік және шығыс беткейлері), Қазақстан шегіндегі Үкөк биік таулы үстіртінің батыс бөлігі, Оңтүстік Алтай, Тарбағатай (Алтайлық) және Сарымсақты жоталары. 

Парктің мынадай шекаралары белгіленген:

Солтүстік және шығысында: Ресеймен (Алтай Республикасы) шектеседі;katon karagay park

Оңтүстік-шығысында: Қытай Халық Республикасымен шектеседі;

Батысында: шекара Белқарағай және Солдатово ауылдарына дейін Фарпусная өзені (Шыршытсу) бойымен өтеді; 

Оңтүстігінде: шекара Шыңғыстай орманшылығының Мұз-Бел орман саяжайы шекарасы және Катонқарағай мен Күршім аудандарының әкімшілік шекарасы бойымен оңтүстік-шығысындағы Қытаймен шекараға дейінгі Оңтүстік Алтай жоталарының солтүстік беткейлері Сарымсақты, Тарбағатай бойымен өтеді. Шығыстан батысқа қарай тізбектеле созылған Қатын, Оңтүстік Алтай, Тарбағатай (Алтайлық), Сарымсақты, Листвяга ең биік жоталары болып табылады. Биік таулы Қатын және Оңтүстік Алтай жоталарының бедері тік жартасты беткейлі, мореналы, астау тәріздес аңғарлы альпілік типте. Өзге жоталардың бедері жазықтау болып келген. Жоталар мен қыраттардың ұшар бастары кең алаңқайлы қарлармен және мұздықтармен жабылған. Мұнда қазіргі заманғы мұзбасудың екі орталығы, көптеген тау өзендерін қоректендіретін, Қатын мұздықтары және Оңтүстік Алтай жотасының шығыс бөлігінің мұздықтары орналасқан. Ұлттық парк аумағы дамыған гидрографиялық желіге ие. Үкөк қыратынан бастау алатын Бұқтырма өзені негізгі су магистралі болып табылады және Бұқтырма су қоймасын сумен қамтамасыз етеді. Ұлттық парк шегіндегі негізгі салалары: Калмачиха, Күрті, Таутекелі, Ақ Берел, Сахатушка, Фадиха, Тынық, Чернова, Каменушка, Сарымсақты, Ақсу өзендері. Ұлттық парктің оңтүстік бөлігіндегі маңызды өзендер: оңтүстікке қарай ағатын Қара-Қаба, Арасан – Қаба, Ақ-Қаба. Аталған өзендер тік, жартасты жағалаулары тар, қарағайлы орманды сайлар арқылы жол салып ағады. Тау өзендерінің түсі өзіндік ерекшелігімен, әсемдігімен, қатты ағынымен таң қалдырады. Мұздықтың қозғалу кезінде тау жыныстарының үйкелісі салдарынан пайда болатын лайлы тұнбалар әсерінен Ақ Берел, Бұқтырма мұздық өзендерінің сулары ақшыл-күлгін түсті лайлы болып келген. Катонқарағай мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің өзендерінде мынадай сарқырамалар бар: Көккөл, Рахман және Язевое өзеніндегі сарқырамалар тізбегі. Жоталар мен тау аралық ойпаттардың бар болуы көптеген көлдердің түзілуіне әсер еткен. Әсем көлдер биік таулы ландшафтарға қайталанбас ғажайып өң береді, олардың ең ірілері: Бұқтырма, Рахман, Қаракөл, Маралды және Чернова.

Катонқарағай мемлекеттік ұлттық табиғи паркіні табиғи, тарихи, мәдени ескерткіштерімен танымал: Мұзтау, Рахман қайнары, Көккөл сарқырамасы, Арасан сарқырамасы, Берел қорымы, Ұлы Жібек жолының солтүстік тармағы, Австриялық жол.

Толығырақ Шығыс  Қазақстан облысы Катонқарағай әкімінің ресми сайтынан оқи аласыздар

М.О. Әуезовтың өмірі мен шығармашылығына байланысты викторина біліміңді тексер

Викторина!

pllinkz

А.С. Пушкин атындағы Шығыс Қазақстан облыстық кітапханасы

шығыс қазақстан әдеби картасы

Шығыс Қазақстан танымал есімдер

addressbook001

addressbook002

© А.С. Пушкин атындағы Шығыс Қазақстан Облыстық Кітапханасы | Восточно-Казахстанская областная библиотека имени А.С. Пушкина. 1998-2024
Besucherzahler
счетчик посещений