Қиын Құрыш-біздің жеріміздегі отты планета. Отты Марс! Жасыл-күлгін және жасыл қоңыр түсті сағымды сәулелер сары-ақ түске ,қайтадан жасыл-сары және қызыл қоңыр, түстерге оранып мың құбылады. Бұл-Қиын Құрыш яғни, тәкаппар, асқақ тау. Жазық сар дала төсінен ақшаңқай тұзды көлдерімен биіктей түседі.
Қиын Құрыштың құндылығы сол-өлкенің тропикалық заманнан топырақ және құм қабаттарында сақталып қалған өсімдіктер флорасы іздерінің (пальма, магнолия, араукарий, гингко т.б.) болуы; жоғары беткейлерінде көне замандағы бауырымен жорғалаушылар(крокодил, тасбақа, саламандр т.б.) қаңқаларының сақталуы. Бұндай палеогендік қалдықтардың әртүрлілігі жағынан Азия мен Европа жерінде тең келер ескерткіш жоқ.