Оңтүстік Зайсан өңіріндегі табиғаттың палеонтологиялық ескерткішінің бірі- алқызыл түске боялған лы жотасы-Алаулаған адырлар аталынған. Топырақтың түрлі-түске- қызыл-жалқын, қызыл-қоңыр, қоңыр-жасыл түстерге орана құбылуы сонау мезозой заманындағы жылы және дымқыл климаттың әсерінен болған құбылыс.
Аймақ өңірінде бентонит саз балшығы мен цеолиттің мол қоры бар. 1959 жылы бұл жерден бірінші рет динозавр жұмыртқасының қауызы, сәл кешірек шағын динозаврлардың қаңқалары табылған.
Алаулаған адырлардың шығысына таман, Сауыр жоталарының етегінде өсімдіктердің, теңіз балықтарының т.б. таңбалары; сол сияқты, жираф, ат, мүйізтұмсық т.б. жан-жануарлардың қаңқалары кездеседі. Бұндай жағдайлар өлкенің эволюциялық даму кезеңдерінен құнды мағлұматтар береді.