Шығыс Қазақстанның жануарлар мен өсімдіктер әлемі өте бай. Шөлді далалықтар - өзен, көл алқаптарымен кезектесіп отырады, альпі көгалдары биік қарлы шыңдарға жетелейді.
Батыс Алтай мемлекеттік қорығы 1992 жылы құрылған. Оның көлемі 56, 3 мың.га.
Қорық Алтайдың Қазақстан бөлігіндегі таулы аймақтарының : Ақ және Қара Үбі өзендерінің қайнар көздеріндегі Иванов, Көксін, Холзун, Линейлікті және Тұрғұсұн өзенінің саласы Борсық өңірін алып жатыр.
Ақ Үбі өзені бастау алатын жерде 14 мұздық бар. Орман шектеуінің биігінде мұзды тау өзендері мен батпақты жер жатыр, өзен жылғалары осы жерден бастау алады. Батыс Алтай қорығының ауа-райы өткір континентальды. Бұл жер- Қазақстан және ТМД елдерінің азия бөлігіндегі ең дымқыл жер. Қорықта қар жамылғысы 170 күнге дейін сақталады - қарашадан сәуірге дейін.
Қорықтың өсімдік жамылғысы 4 белдіктен тұрады: жапырақты орман, субальпі және альпі көгалы, биік шыңды тундра. Жапырақты орман шектеулі аумаққа орналасқан және өзен алқабын бойлайды. Таулы- жынысты орман құрамы жағынан өсімдіктерге бай: қарақошқыл тайга, самырсын, бал-қарағай орманы, қылқанды орман. Субальпі және альпі ормандары 1800- 2000м биіктікте орналасқан. Бұл белдеуліктердің арасында нақты шекара байқалмайды, бұл көрініс Алтайдың Қазақстан бөлігіне тән.
Таулы тундра белдеуі 2000 м. биіктікті және одан жоғары белдеуді алып жатыр; тундра түрлі өсімдік типтерінің фрагментінен, яғни, түрлі мөлшердегі теңбілді алқаптардан тұрады, кейбір жерлері сазбалшықты жерлермен алмасып отырады.
Қорықтың фаунасы Батыс Алтайдың орта және биік таулы аймағына тән. Бұл жерде құстардан шүрегей үйрек, қара лашын, құр, азия тауқұдіреті, үлкен кептер, байғыз т.б. кездеседі. ( бпрлығы 200 ден аса құс түрі бар.) Қорықты сүтқоректі жануарлардың 50 түрі мекендейді: алтай көртышқаны, түлкі, аю, сусар, бұлғын, ақ тышқан, кәмшат, мүйізсіз бұғы, марал, елік, бұлан, тиін.
Балықтар, қосмекенділер мен бауырымен жорғалаушылар фаунасы кедей. Бұл жерде таймень, сібір хариусы, біз тұмсық бақа, күлгін құрбақа, улы сұр жылан, кесіртке түрлері кездеседі. Қорықты мекендейтін құстар мен жан-жануарлардың, өсімдіктердің кейбір түрлері Қазақстанның Қызыл кітабына енген: бүркіт, лашын, ителгі, үкі, қара ләйлек, ал, өсімдіктерден - шолпанкебіс, алтай рауғашы, семіз от т.б. Батыс Алтай мемлекеттік қорығы зерттеушілердің ерекше қызығушылығын тудыратыны сөзсіз.