kl kz



>
Шығыс Қазақстан Интернетте
Мәдениеті мен өнері
Туристерге
Тарих беттерінен
Маңызды оқиғалар
«Туған өлкем – тұнған тарих» дәрістер циклы
ШҚО ауылдарының тарихы
Өскемен жайлы не білесіз?
Өскемен қаласының тарихы
Өскемен қаласындағы көшелер тарихы
Ескерткіштер
Аудан паспорттары
Шығыс Қазақстан облысы
Шемонаиха ауданы
Өскемен қаласы
Риддер қаласы
Алтай ауданы
Глубокое ауданы
Зайсан ауданы
Катонқарағай ауданы
Күршім ауданы
Марқакөл ауданы
Самар ауданы
Тарбағатай ауданы
Үлкен Нарын ауданы
Ұлан ауданы
Семей қаласы
Курчатов қаласы
Аягөз ауданы
Абай ауданы
Бесқарағай ауданы
Бородулиха ауданы
Жарма ауданы
Көкпекті ауданы
Үржар ауданы
Уланский район
Урджарский район
Шемонаихинский район
Алтын Алтай фольклоры
Алтай аңыздары
Шығыс Қазақстанның музыкалық мұрасы
Шығыс Қазақстанның әдеби мұрасы
Өлке табиғаты
Табиғи қорықтар
Табиғи ресурстар
Шығыс Қазақстанның 25 ғажайып орны
Шығыстың шипажайлары
Барлық-Арасан шипажайы
«Баян» шипажайы
Рахман қайнары
Уба шипажайы
Киелі орындар
Абылайкит
Берел қорымы
Қоңыр әулие үңгірі
Шілікті алқабы
Ашутас
«Алаш арыстары» үйі (Семей қ.)
Семей полигоны құрбандарына арналған «Өлімнен де күшті» монументі (Семей қ.)
Ф.М. Достоевскийдің әдеби-мемориалды үйі (Семей қ.)
«Абай-Шәкәрім» мемориалдық кешені
Қозы Көрпеш пен Баян сұлу мазары
Мұзтау
Шығыс Қазақстан соғыс жылдарында
Соғыс балалары
Кеңес Одағының батырлары
Ардагерлер еске алады
Соғысқа қатысушылар
Партизандар қозғалысы
Тылдағы аналар
Тылдағы ерен еңбек
30 - Гвардиялық дивизия
Брест қамалын қорғауға қатысқан шығысқазақстандықтар
Еңбек армиясы
Өлкетану альманағы
Өлкетану альманағы 2024
Өлкетану альманағы 2023
Өлкетану альманағы 2022
Өлкетану альманағы 2021
Өлкетану альманағы 2020
Өлкетану альманағы 2019
Өлкетану альманағы 2018
Өлкетану альманағы 2017
Өлкетану альманағы 2016
Өлкетану журналы 2014
Өлкетану альманағы 2015
Өлкетану альманағы 2013
Әріптестеріміздің шығармашылығы
Геология
Өлке зерттеушілері
Тарих. Этнография. Мәдениет
Қаламгерлер жайында
Білім беру
Ономастика
Дін
ҰОС жылдарында (1941-1945) ЕҢБЕК АРМИЯСЫ қатарында болған шығысқазақстандықтар
Бейнетоптама
Шығыс Қазақстан әдебиеті
Шығыс Қазақстанның әдеби және есте қаларлық орындары
Фэнзин фантастикалық журналы
Виртуалды көрмелер
Қ. Мұхамедханов: библиографиялық көрсеткіш
Экран дикторы

linka

Ұлы Отан соғысы алдында Шығыс Қазақстан аумағында 150 ден астам өнеркәсіп орындары, оның ішінде Лениногор қорғасын, Ертіс мыс балқыту зауыты, Лениногор, Соколь, Зырян Белоусов кен орындары, Лениногор, Зырян кен байыту фабрикалары сияқты металлургия өндірісінің ірі нысандары жұмыс істеп тұрды.

Семейде жеңіл және тамақ өнеркәсіп орындары - ет-консерві комбинаты, алғашқы жүн өңдеу, тері-тон комбинаттары жұмыс істеді.

Еліміздің өмірінде маңызды роль атқаратын ірі экономикалық аймақтарды фашист басқыншыларының жаулап алуына байланысты тылдағы республикалар мен облыстардың маңызы арта түсті. Соғыс өнеркәсіп орындары мен ауыл шаруашылығынан  әскери жағдайға бейімделуді талап етті.

Еліміздің батысынан көшірілген ірі кәсіпорындарды  орналастыруға Қазақстан ең тиімді аймақ болатын. 1941 жылдың күзінен бастап Шығыс Қазақстанға кәсіпорындар мен мекемелер көшіріліп әкеліне  бастады.

Семейге Осташков тері зауыты, Киев, Азов аяқ киім фабрикасы, Харьковтен “Большевичка Украины”,  Донбастан  Володар атындағы тігін фабрикалары, Харьков протез зауыты, Киев химия-фармацевтикалық зауыты, Днепропетровск фармацевтика институты қоныс аударды. Осы кәсіпорындар қысқа мерзім ішінде іске қосылып, майдан үшін алғашқы өнімдерін бере бастады. Көшірілген  зауыт, фабрикалармен қатар жаңадан кәсіпорындар іске қосылып,  бұрынғылардың жұмыс аумағы кеңейтілді.  Өскемен ГЭС-інің құрылысы тоқтаған жоқ. Киев, Воронеж комбикорм зауыты құрал-жабдықтарының  негізінде Семейде жаңадан комбикорм зауыты салынып, пайдалануға берілді. 1941 жылдың қараша айынан ірі шұға комбинатының құрлысы қолға алынды. Оған Серпуховтың  “Пролетарий” шұға фабрикасының, Мәскеудің П. Алексеев атындағы фабриканың, Карел-Фин шұға фабрикасының құрал-жабдықтары пайдаланылды. Соғыс жылдарында Семейде 9 зауыт, фабрика салынып, қалпына келтіріліп, пайдалануға берілді.

Өскеменге Симферополдің мотор жөндеу зауыты мен Орджоникидзе қаласынан “Электроцинк” зауыты көшіп келді. Лениногорскіге Люберецк элетротехникалық зауыты, Мәскеу энергетика зауыты , артиллерия мектебі орналастырылды. Зырян қаласында Ленинградтың бүкілодақтық өсімдік қорғау институты мен Полтаваның Н.В. Гоголь атындағы театры келіп орын тепті.

Тың еңбеккерлерінің қажырлы еңбектерінің нәтижесінде  Кенді Алтайдың табиғи байлықтары майданға қызмет етті. Лениногор қорғасыны, Ертіс мысы, вольфрам, қалайы, молибден сияқты т.б. элементтер әскери техника мен оқ-дәрі жасау өнеркәсібінде маңызды роль атқарды. 1942 жылы Лениногор қорғасын зауытының механикалық шеберханалары негізінде оқ-дәрі жасау өндірісі қолға алынып, 76 миллиметрлік снарядтар жасалды.  1941-1945 жылдар аралығында  лениногорлықтар 109743 тонна қорғасын құйып шығарды.

Кеңестер Одағының Европалық бөлігіндегі егін шаруашылығымен айналысатын  аудандардың  жау қолында қалуына байланысты миллиондаған әскерлер мен халықтарды азық-түлікпен қамтамасыз ету еліміздің шығыс аудандарына жүктелді. Дәнді дақылдар мен егін   жинау - ең қарапайым жолмен – техникаларды ірі қараға жегіп, қолмен жинау арқылы жүргізілді.

Жауынгерлерді азық-түлікпен қамтамасыз етуде облыс малшылары қарымды үлес қосты.  Еңбек ресурстарының жетіспеуіне қарамастан, қысқы жайылымды пайдалану, ірі қараны шалғайдағы жайылымда  ұстау тәсілдері енгізілді. Мұның өзі жайылымды тиімді пайдалануға әсерін тигізді.

Совхоздар мен колхоздарда еңбек күшіне сұраныстың қандай болғандығын мына фактіден көруге болады: 1942 жылдың басында ауылдағы әр еңбекке жарамды адамға орташа жүктеме 6 га жердегі  дәнді, техникалық дақылдарды өңдеу, әрі 14 бас малды күтіп баптау жүктелген.

Соғыс жылдарында майдан мен елге Шығыс Қазақстан еңбекшілері 21,5 млн. пұт астық, 36,6 т. ет, 25,2 мың т. май, 98 мың тоннадай сүт пен т.б. ауылшаруашылық өнімдерін жіберген.

Шығыс Қазақстанның медицина қызметкерлері Қызыл Армияның жаралы жауынгерлерін емдеуге белсене қатысты.

1941-1942 ж. аралығында  облыс аймағында 17  көшірілген госпиталь жұмыс істеді. Әскери ауруханаларға жарамды нысандар бөлінді. 1943 ж. бастап,  біздің армияның табысты шабуылдарына байланысты  әскери аурауханаларды майдан шебіне жақын ұстау керек болғандықтан тылдағы аурауханалар санын қысқарту міндеті қойылды. 1943-1944 жылдары 6 әскери аурухана, ал, 1945 ж. 2 әскери аурухана жұмыс істеді. Семей қаласындағы №№ 3593, 2449 ауруханалар көшіп келген медициналық мекемелердің ғылыми орталығы әрі клиникалық  базасы болды. Жаралылар арнайы медициналық көмек, оның ішінде сынықшы-жарақатшы, протез жасау, нейрохирургиялық, тіс-жақ жүйесін қалыпқа келтіру, терапевтік т.б. көмек түрлерін ала бастады. 1943 жылдан бастап аурухана әскери тұтқындардың арнайы контингентіне қызмет көрсетті.

М.О. Әуезовтың өмірі мен шығармашылығына байланысты викторина біліміңді тексер

Викторина!

pllinkz

А.С. Пушкин атындағы Шығыс Қазақстан облыстық кітапханасы

шығыс қазақстан әдеби картасы

Шығыс Қазақстан танымал есімдер

addressbook001

addressbook002

© А.С. Пушкин атындағы Шығыс Қазақстан Облыстық Кітапханасы | Восточно-Казахстанская областная библиотека имени А.С. Пушкина. 1998-2024
Besucherzahler
счетчик посещений