(1901- 1989)
Гетцель Александр Георгиевич – ұлты неміс, 1901 жылы 17 қазанда Саратов облысы Франковск ауданы Линево станциясында дүниеге келген. 1905 жылы отбасы Алтай өлкесінің Локоть станциясына көшті. Онда 1918 жылға дейін өмір сүрді.
1918 жылы Герасимовка ауылына көшіп келді. Осы жерден 1922 жылы Қызыл Армияға қызмет етуге кетті.
1924 жылы әскерден кейін Герасимовка ауылына оралды, колхозда ағаш ұстасы болып жұмыс істеді.
1942 жылы еңбек армиясының қатарына жіберілді. Челябинск облысының Копейск қаласында жұмыс істеді. Бес жылдан кейін, 1947 жылы еңбек армиясынан оралды және бірден отбасымен бірге неміс ұлтының өкілі ретінде арнайы комендатураға есепке алынды. 1947-1989 жылдары бойы Герасимовка колхозында ағаш ұстасы болып жұмыс істеді.
1989 жылы қайтыс болды.