kl kz



>
Шығыс Қазақстан Интернетте
Мәдениеті мен өнері
Туристерге
Тарих беттерінен
Маңызды оқиғалар
«Туған өлкем – тұнған тарих» дәрістер циклы
ШҚО ауылдарының тарихы
Өскемен жайлы не білесіз?
Өскемен қаласының тарихы
Өскемен қаласындағы көшелер тарихы
Ескерткіштер
Аудан паспорттары
Шығыс Қазақстан облысы
Шемонаиха ауданы
Өскемен қаласы
Риддер қаласы
Алтай ауданы
Глубокое ауданы
Зайсан ауданы
Катонқарағай ауданы
Күршім ауданы
Самар ауданы
Тарбағатай ауданы
Ұлан ауданы
Семей қаласы
Курчатов қаласы
Аягөз ауданы
Абай ауданы
Бесқарағай ауданы
Бородулиха ауданы
Жарма ауданы
Көкпекті ауданы
Үржар ауданы
Уланский район
Урджарский район
Шемонаихинский район
Алтын Алтай фольклоры
Алтай аңыздары
Шығыс Қазақстанның музыкалық мұрасы
Шығыс Қазақстанның әдеби мұрасы
Өлке табиғаты
Табиғи қорықтар
Табиғи ресурстар
Шығыс Қазақстанның 25 ғажайып орны
Шығыстың шипажайлары
Барлық-Арасан шипажайы
«Баян» шипажайы
Рахман қайнары
Уба шипажайы
Киелі орындар
Абылайкит
Берел қорымы
Қоңыр әулие үңгірі
Шілікті алқабы
Ашутас
«Алаш арыстары» үйі (Семей қ.)
Семей полигоны құрбандарына арналған «Өлімнен де күшті» монументі (Семей қ.)
Ф.М. Достоевскийдің әдеби-мемориалды үйі (Семей қ.)
«Абай-Шәкәрім» мемориалдық кешені
Қозы Көрпеш пен Баян сұлу мазары
Мұзтау
Шығыс Қазақстан соғыс жылдарында
Соғыс балалары
Кеңес Одағының батырлары
Ардагерлер еске алады
Соғысқа қатысушылар
Партизандар қозғалысы
Тылдағы аналар
Тылдағы ерен еңбек
30 - Гвардиялық дивизия
Брест қамалын қорғауға қатысқан шығысқазақстандықтар
Еңбек армиясы
Өлкетану альманағы
Өлкетану альманағы 2024
Өлкетану альманағы 2023
Өлкетану альманағы 2022
Өлкетану альманағы 2021
Өлкетану альманағы 2020
Өлкетану альманағы 2019
Өлкетану альманағы 2018
Өлкетану альманағы 2017
Өлкетану альманағы 2016
Өлкетану журналы 2014
Өлкетану альманағы 2015
Өлкетану альманағы 2013
Әріптестеріміздің шығармашылығы
Геология
Өлке зерттеушілері
Тарих. Этнография. Мәдениет
Қаламгерлер жайында
Білім беру
Ономастика
Дін
ҰОС жылдарында (1941-1945) ЕҢБЕК АРМИЯСЫ қатарында болған шығысқазақстандықтар
Бейнетоптама
Шығыс Қазақстан әдебиеті
Шығыс Қазақстанның әдеби және есте қаларлық орындары
Фэнзин фантастикалық журналы
Виртуалды көрмелер
Қ. Мұхамедханов: библиографиялық көрсеткіш
Экран дикторы

linka

(1921-1989)

AhbutinМенің әкем Ақботин Мырзабай 1921 жылы Шығыс Қазақстан облысы Катонқарағай ауданы Топқайың ауылында дүниеге келген. Әкем соғыс туралы көп айта бермейтін. 20 жасында еңбек армиясына алынып, Қарағандыда шахтада жұмыс істейді. Еңбек армиясындағы жұмысшылардың халі өте мүшкіл болғандықтан, әкем еңбек армиясынан гөрі қан майданда шайқасқанды дұрыс көрсе керек. Еңбек армиясында жүргенде бірнеше рет өз еркімен соғысқа сұранса да жібермеген екен. Содан бір күні барса военком ауысып кетіпті, жаңа военком өтінішін қабылдап, соғысқа жіберуге шешім қабылдайды. Қуанышы қойнына сыймаған жас жігіт казармаға келіп матрас, көрпе-жастығын жерлестеріне қалдырып майданға аттанады. 1942 жылы бірден барлаушылар ротасына түсіп, Москва қорғанысынан бірақ шығады. «Харьков қаласы үш рет қолдан қолға өтті, Великие Луки маңында біздің полк қорғаныста тұрған болатын, 8 наурыз күні түстен кейін біздің взводты батальон командирі шақырып алып, қайткен күнде «тіл» әкелуге жұмсады. Бұйрықтың аты бұйрық, орындау керек. Қараңғылық әбден түсіп, ел орынға отырған кезде 35 жауынгер жау жақты бетке алды, бірақ сапарымыз оңды болмады, орта жолдан мина құрылған алаңға тап болып отыз екіміз мерт болдық та үшеуіміз жарақаттанып госпитальға түстік. Бір кезде есімді жисам «Осы арада болу керек. Осы жерде жарылды, тірі болу керек» деген дауыс естідім. Ротада Тәшмұхамбетов деген Оңтүстік Қазақстанның өзбек азаматы болған. Сол мені тауып алып госпитальға жеткізді. №1433 госпитальда 1943 жылдың қазан айының 10-на дейін емделдім де, батальонға келдім. Осы жерде батальон алдында комбат Бауыржан Момышұлы келіп маған алғыс жариялады. Ал енді бірде барлауға үш жігіт барып, жаудың штабына кіріп масайып отырған немістің 17 кіші офицерлері мен солдаттарын қойша айдап әкелдік.

1943 жылдың аяғынан 1944 жылдың басына дейін Орел, Курск бағытындағы кескілескен ұрыстарға қатыстым. 1944 жылы батальонға Жуков келіп мені «За освобеждение Украины» медалімен марапаттады. Сол жылы қайта жараланып госпитальға түстім. Жеңісті госпитальда қарсы алдым. Содан соғысқа жарамай 1946 жылға дейін Украинада №1263 В/В-да қызмет атқардым. Осы жерде жерлесім Жуасов Айтқұмашпен кездесіп, елге қайтқанша бірге болдық. Тек 1946 жылдың 26 мамырында елге оралдым» - деп әңгімесін аяқтаушы еді. Сол соғыстағы санына тиген жарықшақтың қалдығын алғызбады. «Менің туған күнім 8 наурыз» деуші еді.

Әкем соғыстан оралған соң 1948 жылы анамыз Зағыпқа үйленіп, 60 жыл бірге өмір сүрді. Екеуі он баланы тәрбиелеп, оқытып, үй қылды. Өздері араға жыл салып бірінен кейін бірі қайтыс болды. Алдымен анам, соңынан 1989 жылы әкем өмірден өтті. Сол бір тіршілік, жұмыс, бала-шаға деп, бір ауылда тұрсақ та әкем үйіне көп бара алмадым. Енді өкінгенмен орнына келер емес.

Ақботина Алмагүл Мырзабайқызы.

                                                   Катонқарағай ауданы, «Топқайың орта мектебі,  тарих пәнінің мұғалімі

М.О. Әуезовтың өмірі мен шығармашылығына байланысты викторина біліміңді тексер

Викторина!

pllinkz

А.С. Пушкин атындағы Шығыс Қазақстан облыстық кітапханасы

шығыс қазақстан әдеби картасы

Шығыс Қазақстан танымал есімдер

addressbook001

addressbook002

© А.С. Пушкин атындағы Шығыс Қазақстан Облыстық Кітапханасы | Восточно-Казахстанская областная библиотека имени А.С. Пушкина. 1998-2024
Besucherzahler
счетчик посещений