kl kz



>
Шығыс Қазақстан Интернетте
Мәдениеті мен өнері
Туристерге
Тарих беттерінен
Маңызды оқиғалар
«Туған өлкем – тұнған тарих» дәрістер циклы
ШҚО ауылдарының тарихы
Өскемен жайлы не білесіз?
Өскемен қаласының тарихы
Өскемен қаласындағы көшелер тарихы
Ескерткіштер
Аудан паспорттары
Шығыс Қазақстан облысы
Шемонаиха ауданы
Өскемен қаласы
Риддер қаласы
Алтай ауданы
Глубокое ауданы
Зайсан ауданы
Катонқарағай ауданы
Күршім ауданы
Марқакөл ауданы
Самар ауданы
Тарбағатай ауданы
Үлкен Нарын ауданы
Ұлан ауданы
Семей қаласы
Курчатов қаласы
Аягөз ауданы
Абай ауданы
Бесқарағай ауданы
Бородулиха ауданы
Жарма ауданы
Көкпекті ауданы
Үржар ауданы
Уланский район
Урджарский район
Шемонаихинский район
Алтын Алтай фольклоры
Алтай аңыздары
Шығыс Қазақстанның музыкалық мұрасы
Шығыс Қазақстанның әдеби мұрасы
Өлке табиғаты
Табиғи қорықтар
Табиғи ресурстар
Шығыс Қазақстанның 25 ғажайып орны
Шығыстың шипажайлары
Барлық-Арасан шипажайы
«Баян» шипажайы
Рахман қайнары
Уба шипажайы
Киелі орындар
Абылайкит
Берел қорымы
Қоңыр әулие үңгірі
Шілікті алқабы
Ашутас
«Алаш арыстары» үйі (Семей қ.)
Семей полигоны құрбандарына арналған «Өлімнен де күшті» монументі (Семей қ.)
Ф.М. Достоевскийдің әдеби-мемориалды үйі (Семей қ.)
«Абай-Шәкәрім» мемориалдық кешені
Қозы Көрпеш пен Баян сұлу мазары
Мұзтау
Шығыс Қазақстан соғыс жылдарында
Соғыс балалары
Кеңес Одағының батырлары
Ардагерлер еске алады
Соғысқа қатысушылар
Партизандар қозғалысы
Тылдағы аналар
Тылдағы ерен еңбек
30 - Гвардиялық дивизия
Брест қамалын қорғауға қатысқан шығысқазақстандықтар
Еңбек армиясы
Өлкетану альманағы
Өлкетану альманағы 2024
Өлкетану альманағы 2023
Өлкетану альманағы 2022
Өлкетану альманағы 2021
Өлкетану альманағы 2020
Өлкетану альманағы 2019
Өлкетану альманағы 2018
Өлкетану альманағы 2017
Өлкетану альманағы 2016
Өлкетану журналы 2014
Өлкетану альманағы 2015
Өлкетану альманағы 2013
Әріптестеріміздің шығармашылығы
Геология
Өлке зерттеушілері
Тарих. Этнография. Мәдениет
Қаламгерлер жайында
Білім беру
Ономастика
Дін
ҰОС жылдарында (1941-1945) ЕҢБЕК АРМИЯСЫ қатарында болған шығысқазақстандықтар
Бейнетоптама
Шығыс Қазақстан әдебиеті
Шығыс Қазақстанның әдеби және есте қаларлық орындары
Фэнзин фантастикалық журналы
Виртуалды көрмелер
Қ. Мұхамедханов: библиографиялық көрсеткіш
Экран дикторы

linka

(Шыңғыстайдағы Әбдікерім мектебінің тарихынан)

«Өткен күн көзге күңгірт, ойға танық,

Білгенге көрмесе де бәрі де анық.

Мың жеті жүз жиырма екінші жыл,

Қазақтың Сыр бойында жүргені анық», - деп кемеңгер ақын Шәкәрім бабамыздың «Қалқаман-Мамыр» поэмасының кіріспесінде айтқанын білеміз.kitapbaev shool

Атамекенін Алтайын аңсаған Керей мен Наймандардың қалың бөлігі «Ақтабан-шұбырындыға» ұшыраса да Алтайым, Тарбағатайым деп Сыр бойынан ауған бойы Алтайдағы мекеніне жетіп жығылған.

Қаратай атаның ұрпақтары Тарбағатай тауының Шығыс сілеміндегі Маңырақ маңындағы Қаракерей ағайындарына келіп паналайды.

Қаратайдың үш абзал азаматы Есбол, Мая, Жәнібек ағалар 40 жүйрік пен жорға сәйгүлік, әрқайсысы бір-бір қысырақтық аттар әкеліп беріп, Шыңғыстай бойындағы бос жерге мал жаюға рұқсат алыпты. Маңырақты мекендеген Байжігіт пен Төртуыл ағайындарының берген жері таршылық еткендіктен Қаратай елі Есбол, Мая, Жәнібектердің бастауымен үдере көшіп, Ертістен сал байлап, қайықпен өтіп, талай адам суға кетіп, қиындық көріп, Нарынды, Бұқтырманы бойлап қуана-қуана атамекенге жеткені анық. Шыңғыстай бойына Қаратайдың төрт өскен аталары: Сарғалдақ (үлкені), Дәулет (басшысы Есбол марқұм), Шоңмұрын (басшы азаматы Мая марқұм), Шеруші (ақылшысы, басшысы Жәнібек марқұм) орналасып, өсіп-өнеді. Соңынан кейіндеп қалған ағайындары Кәлім мен Болат келіп қосылып, орталары толады. Алты Қаратай болып аталады.

Мойнына бұршақ салып, құдайдан тілеп алған Есболдың үлкен ұлы Мәметек Қаратай елінің құты, қорғаны болады. Есболдан шыққан жақсылар атанған Мәметектің інілері мен балаларының саны 18-ге жетеді. «Ұдай бергенге құлай береді» дегендей, Мәметектің жылқысы үш мыңға жетеді. Жанмырза, Ақмырза деген ел қамын жеген інілері ағайындарына өте қайырымды, мейірімді азаматтары болып ер жетеді.

Мәметектің өз кіндігінен тараған Туматай, Шімікей деген балалары батыл да, батыр да, шешен де, көсем де болып өседі. Қара Ертіс жағынан өр Алтайға өткен Қаракерей-Қожамбет ағайындардан Самай атаның ұрпақтары Бұқтырма өзенінің жоғарғы жағалауына келіп қоныстанады. Сартепсеңді жайлап, Ақбұлақ өзенінің екі жағалауындағы алқапты мекендеп, малдарын өсіреді.

Есболдың үзеңгілес серігі, ағайыны Маяның немересі Сартқожа да айдалған жылқысын 3000-ға жеткізеді. Өте қайырымды, мейірімді болғандықтан ақынның жырында:

«Бұл күнде орта жүзде орда болған,

Дәулеті ағайынға қорда болған.

Еженнің үлкен ұлы Сартқожа бай,

Үйіне іздеп келіп қыдыр қонған» - деген өлең жолдарына арқау болған.

Мәметек пен тұстас Самай ағайынның басшысы Мәкиле деген, ағайынын аузына қаратқан өте ақылды, парасатты басшысы болғаны белгілі. Қаратайдың биі, басшысы Мәметек болғанда, іргелес ел Самайдың биі, басшысы Мәкиле болған. Мәкиле малды да, жанды адам болған. 7-8 ұл өсірген.

Сол Мәметек, Мәкиле, Сартқожаның ұрпақтары Есболдан, Маядан, Жәнібектен тараған жақсылар мен жайсаңдар Сталиннің зұлымдық қуғын-сүргініне ерекше көп ұшырағанын тіпті 7-8 жасымыздан бері білеміз. Айдаудан, аштан қырылды, шетке қашып құрыды, атылды. Ресейге, Қытайға, Монғолияға барып паналамақшы болды, көрмеген қорлық пен зорлықты көрді. Қайран жеті өліп, жеті тірілген ағайындарымыз-ай! Шілдің саңғағындай шашылған сол асыл тектілерден қалған ұрпақтар, құдайға шүкір, бар. «Орнында бар оңалар» деген осы.

Бұқтырма өзенінің созыла-созыла келіп Ертіске құятын арнасының екі жағы егіндік, құнарлы алқап та, Шыңғыстай өлкесі – Шыңғыстай болысы аталған Бұқтырманың екі жағындағы Алтайдың әдемі сілемі Шабамбай аталады.

Шабамбайдың Марқакөл маңы Тарбағатай атанған. Есбол, Мая, Жәнібек аталар елін әкеліп орналастырған өлкеде Қаратай елі бір жарым ғасыр өмір сүреді, өсіп, өнеді. Есболдан Мәметек, Жанмырза туып өссе, Жанмырзадан - Ережеп қажы. Ережеп өте ақылды, елін басқаруда өте жайлы азамат болады. Ережептің Әбілғазы, Әбдіразақ, Әбдікерім атты балалары болады. Әсіресе, кенжесі Әбдікерім үздік азамат болғаны белгілі.

Отыз жыл болыс болған Ережептің кіші баласы Әбдікерім де отыз жылға таяу Шыңғыстайда болыс болған. Аса келісті, білімді, сындар, шешен де зерек болады. Орысша тіл білген, сауатты, Өскемен уезіндегі болыстардың басшысы саналған аға сұлтан Қозыбайдың Тілеубергенімен бірге патшаның Думасына да қатысыпты. Жасында Әлихан Бөкейхановпен бірге оқып, Петербордағы орман академиясының дайындық курсын бітірсе керек. Орман академиясындағы оқуын үзуге себеп болған - әкесі қайтыс болғаннан кейін беделді ағайын- ағалары жібермей, болыс сайлап қойса керек.

100 жылдық мерекесі тойланғалы отырған Шыңғыстай мектебін ашқан, әрі құрылысын Алтайдың емен қарағайынан қидырып салғызған осы Әбдікерім болыс екенін ел-жұрт, Өр Найман елі түгел біледі.

Мектепте сауаттарын арабша ашқан қазақ балаларын орысша оқытқан. Мұғалімдікке жоғарғы дәрежелі білімді орыс азаматтары шақырылған. Солардың бірі – Комаров Михаил Григорьевич осы мектепте 50 жыл ұстаздық еткен. Ленин орденімен марапатталып еді. Өзінің сұрауы бойынша Шыңғыстай ауылындағы қазақ ағайындар Михаил Григорьевичті қазақ зиратына жерлеген.

Тау етегінен сарқырап аққан мөлдір сулы қос бұлақтың ортасына орналасқан естен кетпес Қос қоңыр үйдегі мектептен қазақтың Абайдан кейінгі дарынды ақыны Сұлтанмахмұт Торайғыровтың орыс тілінен сабақ алып, денсаулығын сары қымыз, сары қазымен емдегенін тарихтан білеміз.

Ақынның туған мекені Баянауылда өткен 100 жылдық тойын тойлағанымызда Қазақстан үкіметі Шыңғыстай ауылындағы Қос қоңыр үй орта мектепті Сұлтанмахмұт Торайғыров атындағы өлкелік мұражай болсын деп қаулы қабылдап, бюджеттен ақша бөліп еді-ау. Бірақ өтпелі кезеңде сол тарихи Қос қоңыр үй иесіздікке ұшырап, тістегеннің аузында, ұстағанның қолында кетті дегендей, жартысы отқа жағылып кетті.

Оқушылардың саны көбейіп, осыдан 100 жыл бұрын Әбдікерім ағамыз салғызған, өлкелік мұражай болып Сұлтанмахмұттай ардақты ақынның атымен аталатын Қос қоңыр үй тарлық ететіндіктен, Кеңес кезіндегі Қазақстан үкіметі Шыңғыстай орта мектебіне жаңа үй салғызған. Осы жаңа салынған мектеп Әбдікерім ағамыздың атымен аталғанына халық та риза, құдай да риза секілді көрінеді.

Ауданға сонау Зайсаннан келген жаңа әкім бар, ұлттық паркке айналған бұрынғы қос орман шаруашылығының басшысы бар, осы мектепті шатырлап қойса нұр үстіне нұр болар еді. Алтайдағы алтын ұяның 100 жылдық мерекесіне деген үлкен тарту болар еді.

- Қазір жасым 84-ке келген мен де осы мектепті шала бітіріп, 1941 жылы 18-ге толмай соғысқа кетіп едім. Ғылымда кандидат атағым бар, жаралы жауынгер, 20-30-ға таяу «Алтын жұлдыз» араласқан орден мен медальдарым бар, - деп күпінгенмен, менің оқыған, бітірген «университетім» осы Шыңғыстайдағы орта мектеп. Отызыншы жылдар қазақтың ашаршылықты көп көрген жылдары.

Кедей колхозда арқа еті арша, борбай еті борша болып еңбектенген әкем мен шешемнің ғұмырларындағы басты мақсаттары мені оқудан қалдырмады. Мен де ата-анамның бейнеттерін ақтауға тырысып, жаман оқымадым.

Комаров Михаил Григорьевич, Торжанов Әнес, Қожабергенов Мүкең, Мұстамбеков Омаржан, Ластаев Сейітхамза, Жәмеков Шәріп, Түкебаев Садық, Төлегенов Оралғазы, Қанапьянов Қашқынбай, Толеутаев Танкебай секілді ұстаздарым мәңгі естен кетер ме?! 10 жыл Шыңғыстайдағы орта мектепті соғыстан кейін басқарған Қасиманов Жошыхан, қазір Семей қаласында тұрады, жасы 90 келген.

Сол күндерде тар жол, тайғақ кешу, жоқшылық, қиын-қыстау заманда Ластаев Сейтхамза деген мектепке, еліне, жеріне теңдесі жок еңбек еткен аса ірі педагог-ұстаз азаматтың еңбегімен Шыңғыстай мектебінде үздік оку-тәрбие жұмысынан баска ойын-сауык, мәдени іс-шаралары да қатты колға алынған еді. Соның бәрін айтып жеткізу казір тіпті қиын.

Мектепте сол жылдары оку оңай емес еді: колхоздар, әсіресе казак колхоздары, өте кедей, әке-шешең жылына мың еңбеккүн тапса да, еңбеккүн құнсыз. Мектеп жанындағы жатакхана да, асхана да екіге бөлінген: жартысы интернатқа кабылданған окушы балалар, олар ыстық тамакпен қамтылған, жартысы әке-шешелі балалар асханадан тек ыстық шәй (су) ғана ішеді, азық -карма-бәтер, өздерінің үйлерінен әкелгендері.

Осындай жағдайда жатакханада тұрамыз, ашқұрсак болсак та татумыз, есі-дертіміз оқуда, қайткенде білім алу болды. Соғыс алдындағы жылдарда бізбен ілгері кластарда оқыған үздік оқушылар да есте.

Әбдікерімдей ағамыз осыдан 100 жыл бұрын салғызған, ашқан алтын ұя мектепті еске алғанда осындай ұстаздар, оқушылар еске еріксіз түседі.

1937 жылдың сұмдық жағдайларынан Шыңғыстайдағы есте қалар, өмір бойы ұмытылмас тағы бір үзік көрініс бар еді. Ол - сол отыз жетінің үрейлі күзінде әдебиет пәнінің мұғалімі, өте парасатты Оралғазы Төлегенов 9-ші класқа келіп, алғашқы сабақ алдында Сәкен Сейфуллиннің «халық жауы» болып ұсталғанын айтады.

Комсомол мүшесі, Аршатыдан келіп оқып жүрген қойшы Бөленханның баласы Мұхамедқали класта бомба тастағандай:

«Мұғалім, Сәкен Сейфуллин халық жауы дегенге нануға болмайды ғой. Сәкен Сейфуллин халық жауы болса, Сталиннің өзі де халық жауы!» - демей ме! Сталиннің халықтың анық жауы екенін бозбаланың аузына құдай салды ма екен, әйтеуір 500-600-дей бала оқитын үлкен мектептің оқушылары да, оқытушылары да бір жұмадай сергелдеңге ұшырағаны есте.

Біздер, 6-ші кластың оқушылары – пионерлер мектептің шатырына 2-3 түн қамалған Мұхамедқалиды түнде өліп қалар деп қорқамыз, жылаймыз. Бөленхановтың тағдырын қараған жабық жасырын жиналыс 2-3 күнге созылғаны анық.

Сталин туралы жаман сөз аузынан байқаусызда шығып кеткенін мойындап, ант-су ішкен, комсомол қатарында тәрбиеленіп, оқуын бітіргісі келетінін айтқан комсомолдар бюросына қатысқан аудандық партия комитетінің бірінші хатшысы Герасимов Григорий Семеновичтің ұсынысымен Мұхамедқали мектепке, жатақханаға оралғанына алақайлап, қуанып, жеп жүрген талқанымызды шашып, той қылғанымыз естен әлі кетпейді.

Мектепте математикадан сабақ берген, өте дарынды Бисатов Солтанбек деген мұғалім де біртуар ұстаз еді. Шыңғыстайдағы мектептің түлектерінен зеректігімен, дарындылығымен есте қалған озық оқушылар да аз емес еді-ау!

Бакин Қабдөш, Алипинов Қабдрашит, Борамбаев Құмаш, Тағаев Құмаш, Бақыжанов Қылаң, Мәсәлімова Гүлжиян, Алпысова Зәбилә, Қасымханова Төлеу, Самойлова Нина сияқты ақиық ардагерлер, өнегелі, үлгілі ұстаздар осы Шыңғыстайдағы, Әбдікерім ағамыздың салғызған мектебі – алтын ұядан ұшқан түлектер.

Қадыр, Қамар, Қали, Қалым аттары «Қ»-дан басталатын төрт қадірлі азамат-ағалар, 20-жылдары осы мектепті үздік бітіріп, Алматыдағы қазақ зиялылырының озықтары қатарынан орын алды.

Аты қазақ даласы түгіл, Одаққа аңыз болған Нұрғалиев Құмаш та осы Шыңғыстайдағы мектептің түлегі екенін айтпай кету күнә.

Қаратайдың, Алтайдың бұлбұлы Сахарияның үлкен ұлы Мұхтар мен кенжесі Баламер де осы мектептің түлектері еді.

Мектепте аға пионер жетекшісі болған қайырымды, мейірімді жас жігіт, оттай жанған жалынды Ақымбеков Қайролда деген үздік тағы бір оқушы болды. Алтайдағы Ақтан ақын да жалаңаш, аш жүріп осы Шыңғыстай мектебінде оқыды.

Катонқарағайдағы фармацевт Ахмет деген дәрігер келіп, аптека ашты. Баянауылдан шыққан ұлы дәрігер Әміре доктор Айтбақынға серік болып, халықты емдеу қызметіне зор еңбек сіңірген-ді. Бірге туған ағасына еріп келген 14-15 жастағы Райымбектің Қалиы да Катонқарағайдағы Шыңғыстайда 40 жылдан астам еңбек етті. Шыңғыстайда тұтынушылар қоғамын құрды, үлкен-үлкен магазин салғызды. Ұлы Отан соғысына Қали аға осы Шыңғыстай ауылынан аттанған. 3,5 жылдан кейін Қали аға кеудесі орден мен медальға тола жарқырап осы ауылға оралды. Бәйбішесі Мәрия жеңгей 4 баласын тәрбиелеп, Шыңғыстайдағы алтын ұя мектепте оқып, ерін қарсы алған.

Ауылдағы, аудандағы тұтынушылар одағын шебер басқарған басшы Қали аға елуінші жылдың басында бірлескен үш колхоздан құралған Молотов атындағы колхозды бақандай жеті жыл басқарғанын аудан жұртшылығы жақсы біледі.

Алпыстан асып, зейнеткер аға Қали өзінің ата-мекені, туған жері Қарағанды – Қарқаралыдағы еліне қайтты. 90-нан аса жасап, ақыл есінен жаңылмай дүниеден өтерінде Қаратайға, Шыңғыстайға, ондағы алтын ұяға көп-көп сәлем айтыпты.

Ал, мектептің ірге тасын қалаған Әбдікерім болыс та ұлы Абай айтқандай, балаларын оқытуды жек көрмеген. Зағипа бәйбішесінен туған балалары Қамбарды, Қақанды, Шабданды Москвада, Петерборда, Уфада оқытқан.

Үлкен ұлы Қамбар Петербургтегі университеттің бір курсын бітіріп қайтқан соң, алыссынып оқуына оралмапты. Мырза едім, болыстың тұңғышы едім деп кеуде көтеріп, халыққа жағымсыз қылықтар істемепті. Ата тәрбиесін, әке тәрбиесін көргендігін бұзбапты.

Қақаны, ортаншы ұлы, өте ақылды, ұстамды жан болған. Уфадағы жоғарғы дәрежелі білім беретін медресені Бейімбет Майлинмен бірге оқып, бітірген. Оқып жүріп, «Садақ» атты журналдың шығып тұруына Қақан ағаның көп атсалысқанын академик Кәкішев Тұрсынбектің жазғанынан оқып қуандық. Өзі шығарысқан «Садақ» журналына Алтайды, Тарбағатайды, Шабанбайды сағынып жазған өлеңдерін басып тұрыпты.

Торгово-коммерческий институтты Москвадан бітірген Шабданы Пушкиннің қара сөзбен жазған. Шәкәрім қажы поэма етіп аударған «Дубровскийдегі» Владимирі дәл осы Шабдан ағамен тепе-тең. Шабданның жас Дубровский Владимирдің ерлік істеріне еліктегені көрініп- ақ тұр.

Өз ана тілі мен орыс тілін жетік білген Шабдан аға француз тілін де жете біліпті. Өзі музыкант. Математикадан орта дәрежелі оқу орнында сабақ берген. Өзі құралайды көзіне атқан мерген, адам таңқаларлық ер, тапқыр адам болды. Ол кісінің өмірі өз алдына үлкен тарих.

Міне, бір ғасырлық тарихы бар Алтайдағы алтын ұя – Шыңғыстай мектебі небір ғұлама ұстаздардың, солардан білім алған, тәрбие алған қазақ тарихында ерекше орны бар ондаған ірі тұлға, асыл азаматтардың, соның ішінде академик, ғалым Сәрсен Аманжоловтың, әйгілі жазушы Оралхан Бөкейдің білім алған ордасы.

Сондықтан осы бір көне білім ордасының 100 жылдық тойын облыс көлемінде дүбірлетіп өткізу, даңқты мектептің даңқты ұстаздары мен шәкірттерін еліміз көлемінде насихаттау осы өңірдің азаматтары – біздің парызымыз.

 Бошай КІТАПБАЕВ,

                                                                                   соғыс пен еңбек ардагері

                                                                    Өскемен қаласы. - 2007 жыл

  

М.О. Әуезовтың өмірі мен шығармашылығына байланысты викторина біліміңді тексер

Викторина!

pllinkz

А.С. Пушкин атындағы Шығыс Қазақстан облыстық кітапханасы

шығыс қазақстан әдеби картасы

Шығыс Қазақстан танымал есімдер

addressbook001

addressbook002

© А.С. Пушкин атындағы Шығыс Қазақстан Облыстық Кітапханасы | Восточно-Казахстанская областная библиотека имени А.С. Пушкина. 1998-2024
Besucherzahler
счетчик посещений