kl kz



>
Шығыс Қазақстан Интернетте
Мәдениеті мен өнері
Туристерге
Тарих беттерінен
Маңызды оқиғалар
«Туған өлкем – тұнған тарих» дәрістер циклы
ШҚО ауылдарының тарихы
Өскемен жайлы не білесіз?
Өскемен қаласының тарихы
Өскемен қаласындағы көшелер тарихы
Ескерткіштер
Аудан паспорттары
Шығыс Қазақстан облысы
Шемонаиха ауданы
Өскемен қаласы
Риддер қаласы
Алтай ауданы
Глубокое ауданы
Зайсан ауданы
Катонқарағай ауданы
Күршім ауданы
Марқакөл ауданы
Самар ауданы
Тарбағатай ауданы
Үлкен Нарын ауданы
Ұлан ауданы
Семей қаласы
Курчатов қаласы
Аягөз ауданы
Абай ауданы
Бесқарағай ауданы
Бородулиха ауданы
Жарма ауданы
Көкпекті ауданы
Үржар ауданы
Уланский район
Урджарский район
Шемонаихинский район
Алтын Алтай фольклоры
Алтай аңыздары
Шығыс Қазақстанның музыкалық мұрасы
Шығыс Қазақстанның әдеби мұрасы
Өлке табиғаты
Табиғи қорықтар
Табиғи ресурстар
Шығыс Қазақстанның 25 ғажайып орны
Шығыстың шипажайлары
Барлық-Арасан шипажайы
«Баян» шипажайы
Рахман қайнары
Уба шипажайы
Киелі орындар
Абылайкит
Берел қорымы
Қоңыр әулие үңгірі
Шілікті алқабы
Ашутас
«Алаш арыстары» үйі (Семей қ.)
Семей полигоны құрбандарына арналған «Өлімнен де күшті» монументі (Семей қ.)
Ф.М. Достоевскийдің әдеби-мемориалды үйі (Семей қ.)
«Абай-Шәкәрім» мемориалдық кешені
Қозы Көрпеш пен Баян сұлу мазары
Мұзтау
Шығыс Қазақстан соғыс жылдарында
Соғыс балалары
Кеңес Одағының батырлары
Ардагерлер еске алады
Соғысқа қатысушылар
Партизандар қозғалысы
Тылдағы аналар
Тылдағы ерен еңбек
30 - Гвардиялық дивизия
Брест қамалын қорғауға қатысқан шығысқазақстандықтар
Еңбек армиясы
Өлкетану альманағы
Өлкетану альманағы 2024
Өлкетану альманағы 2023
Өлкетану альманағы 2022
Өлкетану альманағы 2021
Өлкетану альманағы 2020
Өлкетану альманағы 2019
Өлкетану альманағы 2018
Өлкетану альманағы 2017
Өлкетану альманағы 2016
Өлкетану журналы 2014
Өлкетану альманағы 2015
Өлкетану альманағы 2013
Әріптестеріміздің шығармашылығы
Геология
Өлке зерттеушілері
Тарих. Этнография. Мәдениет
Қаламгерлер жайында
Білім беру
Ономастика
Дін
ҰОС жылдарында (1941-1945) ЕҢБЕК АРМИЯСЫ қатарында болған шығысқазақстандықтар
Бейнетоптама
Шығыс Қазақстан әдебиеті
Шығыс Қазақстанның әдеби және есте қаларлық орындары
Фэнзин фантастикалық журналы
Виртуалды көрмелер
Қ. Мұхамедханов: библиографиялық көрсеткіш
Экран дикторы

linka

kuat kiykbaiҒасырға жуық тарихы бар, іргетасын жиырмасыншы ғасырда қазақ зиялылары мен марғасқалары қалап кеткен Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік тарихи-мәдени және әдеби-мемориалдық музей-қорығы бүгінгі күні еліміздегі ірі мәдени орталықтардың бірі әрі бірегейі. Бұл музей Қазақстанда ашылған тұңғыш әдеби-мемориалдық музей болғанымен де қазақ мәдениеті мен руханиятының қастерлі ордасы. Ал, осы музей тарихы мен биылғы жылы 125 жылдық мерейтойы аталып отыраған ғұлама ғалым, кемеңгер жазушы Мұхтар Әуезов есімінің тығыз байланысты болуы қай жағынан алағанда да заңды, айнымайтын шартты ұғым... Себеп-сырына үңіліп, жазушының музей ісін дамытудағы еңбегіне бойлап көрелік...

Абай музейін ашу бастамасы, ұйымдастыру жұмыстырының бастау-бұлағында Мұхтар Әуезовтің тұрғаны анық. Бұл ой мен идея оның «Абай юбилейі туралы» және «Зерттеушілерге» деген екі мақаласынан өріп шыққан. Мұхтар Әуезовтің ұсынысы бойынша Абай Құнанбайұлының 95 жылдық мерейтойы қарсаңында Қазақ ССР Халық Комиссарлар Кеңесі 1940 жылы 1 сәуірде Семей қаласында Абайдың әдеби-мемориалдық музейін ұйымдастыру туралы қаулы қабылдайды. Абай музейі сол жылы 16 қазанда мереке үстінде ашылып, алғашқы келушілері мен меймандарын қабылдай бастайды. Қазақстан тарихындағы тұңғыш әдеби-мемориалдық мұражайдың іргетасы осылай бекіп, Адамзаттың ардақтысына айналған Абайды тану үрдісі мен абайттану ғылымының алға басуы еді.

vorumЖаңадан ашылған музей қорына құнды жәдігерлерді жинап, тапсырушылар тізімінде Мұхтар Омарханұлы есімі аталады. Бүгінде Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік музей-қорығының қорында Абай Құнанбайұлының екі фотосуреті сақталған болса, соның біріншісі Абайдың Ділдәдан туған тұңғыш баласы Ақылбай мен екінші әйелі Әйгерімнен туған ұлы Турағұл түскен фотосурет. 1896 жылы Семей қаласында түсірілген бұл сурет музей қорындағы түпнұсқа сурет. Абай музейіне 1941 жылы 6 ақпанда №40 қабылдау актісі бойынша өткізілген. Фотосуретті тауып, көзінің қарашығындай сақтап Абайдың жаңадан құрылған Семейдегі музейіне өткізуші Мұхтар Әуезов. Ол өзінің Алматыдағы мекен-жайын көрсетіп қол қойған. Бұл жөнінде Абай музейінің негізгі қор кітапшасында: «Абай с сыновьями Акылбаем и Турагулом (подлинник). Снято 1896 году в г. Семилалатинске фотографом Н.Г.Кузнецовым. В дар музею Абая от Мухтара Омархановича Ауэзова» деп жазып, фотосуреттің түсірілген жылын, түсірушінің аты-жөнін, ғұлама ғалым, жаратылысы бөлек жазушы Мұхтар Омарханұлының ақын музейіне сыйға тартқанын анықтап ашып көрсетіп белгілеген.

Талай жыл Абай музейінде қызмет атқарған зерттеуші Мұздыбай Бейсенбаевтың зерттеуіне сүйенсек қудалауға ұшырап Құнанбайдың, Оразбайдың, Күнтудың тұқымдары Қырғыз жеріне, Шымкент еліне жер аударылғанда фотосуреттерді өздерімен бірге тығып ала кеткен көрінеді. Кейіннен Алматыда Мұхтар Әуезовке табыс еткен екен. Оның өзінде де өз есімдерін айтпай, өздерін белгісіз біреулер есебінде көрсетіп, бүркеншік атпен өткізуге тура келіпті.

Абайдың 1903 жылы отбасымен түскен суреті де жазушының бастамасымен Абай музейінің қорына табысталғаны тарихи дерек. Фотосуретті түпнұсқадан 1959 жылы қайта түсіріп, көшірме түрінде Абай музейіне тапсырған. Түпнұсқасы Алматыдағы М.Әуезовтің музейінде сақтаулы. Абай сияқты шоқтығы дара ақынның бұл тарихи екі фотобейнесі ұзақ жылдардан бері музей экспозициясына қойылып, көпшілік назарына ұсынылып келеді. Көп тиражды жол көрсеткіш кітаптарға, мерзімді басылымдарда жарық көріп жүрген бағалы жәдігерлер.

Мұхтар Омарханұлы Әуезовтің эпистолярлық мұрасының ішіндегі дүниелерінң бірі оның жақын-жуықтары мен дос-жарандарына жазған хаттары. Ауқымды уақыт ауанын қамтитын бұл бағалы хаттар М.Әуезовтің шығармашылық әлеуеті мен қаламының қуатын, өмірлік ұстанымдарының сырын ашып, негізгі қырларына бойлатады. Бұған қоса осы хаттар арқылы жазушының басты шығармасы ғана емес, күллі қазақ әдебиетінің қамбасын байытқан «Абай жолы» роман-эпопеясының негізгі оқиғалық желісінің жасалу жолда­ры, қазақ әдебиеті мен фольклорына қатысты көркемдік-эстетикалық ізденістері, арман-үміттері де осы хаттардың өн бойынан анық аңғарылады.

Бүгінде 80 жылдан астам тарихы бар музей қорында сақталған жазушы М.Әуезовтің хаттары өзінше бір бөлек әлем десе де болады. Мұхит Мұхтардың өз қолтаңбасы түскен хаттар қатарында 1954 жылы 30 наурызда Мәскеу қаласынан және 1957 жылы 20 маусымда ұлы Мұраттың атына жазылған екі хатты, 1961 жылы Фарида Халитованың атына жолданған үшінші хатты, одан соң демі үзілер шақта, өмірінің соңғы сағаттарында 1961 жылы 25 маусымда Мәскеу ауруханасынан Абай елінің ардақты азаматы, жазушы Кәмен Оразалинге жазған соңғы хатын атап өтуге болады. Бұл хаттарды Абай музейінің қорына табыстаған жазушының ұлы – Мұрат Әуезов.

Тағы да назар аудартатын бағалы дүниелердің санатында М.Әуезовтің өз қолтаңбасымен музей қорына тапсырған кітаптарын айтсақ болады. М.Әуезовтің қолтаңбасы түскен бұл түпнұсқа кітаптар музейге келуші меймандардың әрдайым қызығушылығын арттырып тамашалайтын құнды жәдігерлер. Олар 1945, 1948 жылдары орыс тілінде жарық көрген «Абай» романы. Автор бұл екі кітапты 1949 жылдың 25 сәуір күні өз қолтаңбасын жазып, музейге сыйға берген. Одан кейін 1948 жылы чех тіліндегі жарық көрген «Абай» романына авторлық қолтаңбасын қалдырып 1949 жылдың 1 тамызында тапсырған. Ал 1950 жылы румын тілінде басылып шыққан «Абай» романына 1951 жылы 28 сәуір күні «Для библиотеки музея Абая» деп қолтаңбасын қойып, музей кітапханасына сыйланған. Бұл қолтаңбалар қазақты айдай әлемге паш еткен, қалам құдіретімен талайға бас идірген Мұхтар Әуезовтің өз қолымен жазылып, риясыз көңілден табыс етілуімен құнды.

Жазушыға қатысты музей қорындағы асыл жәдігерлердің бірі – Абай музейінің бөлімі «Алаш арыстары-Мұхтар Әуезов» музей-үйіндегі экспозициядан орын алған жазушының ері. Бұл ер XX ғ. 50 жылдары жасалған. 1957 жылы ғұлама жазушының 60 жылдық мерейтойы қарсаңында елге келгенде пайдаланған. Жасыл түсті, күмістелген элементтері бар ер. Сонымен бірге, жазушыға қатысты тарихи жәдігерлер мен тағылымды өнегесі бар көптеген дүниелер Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік тарихи-мәдени және әдеби-мемориалдық музей-қорығының бөлімі Бөрілідегі Мұхтар Әуезов музей-үйінде сақталған. Жазушының кіндік қаны тамған қасиетті мекеннен орын тепкен бұл ғимаратта жазушының пайдаланған жеке заттары, әлем елдерін аралағандағы сапарынан алып қайтқан кәдесыйлар, оның өмірі мен шығармашылығынан хабар беретін жәдігерлер көпшілік көрерменнің назарына ұсынылған.

Қуат ҚИЫҚБАЙ,

жазушы, Абайдың «Жидебай-Бөрілі»

мемлекеттік музей-қорығының ғылыми

қызметкері, С.Аманжолов атындағы

ШҚУ магистранты

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ:

1. Әуезов М. Абай Құнанбаев. Монографиялық зерттеулер мен мақалалар. – Алматы, «Санат», 1995 жыл.

2. Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік музей-қорығының қолжазбалар қоры; КП-6256. КП-6255.

3. Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік музей-қорығының қолжазбалар қоры; КП-6258. КП-6257.

4. Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік музей-қорығының қолжазбалар қоры; (КП-7002)

5. М.Бейсенбаев «Абай және оның заманы», Алматы, «Жазушы», 1988 жыл.

6. АБАЙ. Энциклопедия. – Алматы: «Атамұра. - 1995 жыл.

М.О. Әуезовтың өмірі мен шығармашылығына байланысты викторина біліміңді тексер

Викторина!

pllinkz

А.С. Пушкин атындағы Шығыс Қазақстан облыстық кітапханасы

шығыс қазақстан әдеби картасы

Шығыс Қазақстан танымал есімдер

addressbook001

addressbook002

© А.С. Пушкин атындағы Шығыс Қазақстан Облыстық Кітапханасы | Восточно-Казахстанская областная библиотека имени А.С. Пушкина. 1998-2024
Besucherzahler
счетчик посещений