kl kz



>
Шығыс Қазақстан Интернетте
Мәдениеті мен өнері
Туристерге
Тарих беттерінен
Маңызды оқиғалар
«Туған өлкем – тұнған тарих» дәрістер циклы
ШҚО ауылдарының тарихы
Өскемен жайлы не білесіз?
Өскемен қаласының тарихы
Өскемен қаласындағы көшелер тарихы
Ескерткіштер
Аудан паспорттары
Шығыс Қазақстан облысы
Шемонаиха ауданы
Өскемен қаласы
Риддер қаласы
Алтай ауданы
Глубокое ауданы
Зайсан ауданы
Катонқарағай ауданы
Күршім ауданы
Марқакөл ауданы
Самар ауданы
Тарбағатай ауданы
Үлкен Нарын ауданы
Ұлан ауданы
Семей қаласы
Курчатов қаласы
Аягөз ауданы
Абай ауданы
Бесқарағай ауданы
Бородулиха ауданы
Жарма ауданы
Көкпекті ауданы
Үржар ауданы
Уланский район
Урджарский район
Шемонаихинский район
Алтын Алтай фольклоры
Алтай аңыздары
Шығыс Қазақстанның музыкалық мұрасы
Шығыс Қазақстанның әдеби мұрасы
Өлке табиғаты
Табиғи қорықтар
Табиғи ресурстар
Шығыс Қазақстанның 25 ғажайып орны
Шығыстың шипажайлары
Барлық-Арасан шипажайы
«Баян» шипажайы
Рахман қайнары
Уба шипажайы
Киелі орындар
Абылайкит
Берел қорымы
Қоңыр әулие үңгірі
Шілікті алқабы
Ашутас
«Алаш арыстары» үйі (Семей қ.)
Семей полигоны құрбандарына арналған «Өлімнен де күшті» монументі (Семей қ.)
Ф.М. Достоевскийдің әдеби-мемориалды үйі (Семей қ.)
«Абай-Шәкәрім» мемориалдық кешені
Қозы Көрпеш пен Баян сұлу мазары
Мұзтау
Шығыс Қазақстан соғыс жылдарында
Соғыс балалары
Кеңес Одағының батырлары
Ардагерлер еске алады
Соғысқа қатысушылар
Партизандар қозғалысы
Тылдағы аналар
Тылдағы ерен еңбек
30 - Гвардиялық дивизия
Брест қамалын қорғауға қатысқан шығысқазақстандықтар
Еңбек армиясы
Өлкетану альманағы
Өлкетану альманағы 2024
Өлкетану альманағы 2023
Өлкетану альманағы 2022
Өлкетану альманағы 2021
Өлкетану альманағы 2020
Өлкетану альманағы 2019
Өлкетану альманағы 2018
Өлкетану альманағы 2017
Өлкетану альманағы 2016
Өлкетану журналы 2014
Өлкетану альманағы 2015
Өлкетану альманағы 2013
Әріптестеріміздің шығармашылығы
Геология
Өлке зерттеушілері
Тарих. Этнография. Мәдениет
Қаламгерлер жайында
Білім беру
Ономастика
Дін
ҰОС жылдарында (1941-1945) ЕҢБЕК АРМИЯСЫ қатарында болған шығысқазақстандықтар
Бейнетоптама
Шығыс Қазақстан әдебиеті
Шығыс Қазақстанның әдеби және есте қаларлық орындары
Фэнзин фантастикалық журналы
Виртуалды көрмелер
Қ. Мұхамедханов: библиографиялық көрсеткіш
Экран дикторы

linka

ҚаламгерОблыс әкімі Ермек Көшербаевтың қолдауымен, «Абай әлемі» сериясымен шыққан кітаптың бірі де бірегейі жазушы Ғаббас Қабышұлының 90 жылдығына арналған "Қаламгер" кітабы. Құрастырушы Айтмұхамбет Қасымов Қазақстанның Құрметті журналисі, Қазақстан Республикасының Жазушылар одағы мен Журналистер одағының мүшесі, Қазақстан Республикасының Мәдениет қайраткері, филология ғылымдарының кандидаты.

Ғаббас Қабышұлы - 1935 жылы 9 сәуірде Шығыс Қазақстан облысы, Ұлан ауданы, Ұранхай ауылында дүниеге келген. 1955 жылы облыстық «Алтай болышевигі» (қазіргі «Дидар») газетінде корректор, бөлім меңгерушісі, жауапты хатшы болды.
1966 жылы республикалық «Қазақ әдебиеті» газетінің редакциясына ауысып, жауапты хатшының орынбасары, көркем әдебиет, әдеби сын бөлімдерінде меңгеруші болып істеді.
1962-1968 жылдары Қазақ мемлекеттік университетінің журналистика факультетінде сырттай оқып, жоғары білім алды. 1974 жылы КСРО Әдеби қоры Қазақ бөлімшесінің директоры, 1983 жылы республикалық «Ара-Шмель» сатира журналының бас редакторы, 1989 жылы ҚЖО құзырындағы Көркем аударма және әдеби байланыс бас редакциясы алқасының бөлім меңгерушісі, 1994-1996 жылдары ҚЖО басқармасының екінші хатшысы болып, зейнеткерлікке шықты.
Еңбектері: «Көріп көңілге түйгенім»; «Күлкіңді жүрміз сағынып»; «Әлем таныған Әнуар. Признанный миром Ануар»; О.Әубәкіровтің 4 томдық таңдамалысын, Х.Есенәлиевтің 4 томдық таңдамалысын құрастырып шығарды. Әзіл-сықақ әңгімелері «Қымызхана», «Тамаша» театрларының сахналарында қойылған.
«Мінездеме», «Мысықта сақал неге жоқ?», «Күлеміз бе, қай-теміз?», «Тарихта қалғың келе ме?», «Бұл әлгі кім ғой...», «Халіңіз қалай?» «Кадр мәселесін... мәселе шешеді», «Жетім жиналыс», «Смех и слезы», «Екі хикая», «Көлденең кітап», «Сағыныш сазы», «Адамның кейбір кездері», « Жолаушылар », «Сайыңнан саяқ құрлы сая таппай...», «Төрт хат», «Тарғыл тағдыр», «Гүл аңсағай бір ғұмыр. Айғыр кемпір.», «Удай уәде», «... изация», «Арыңның сөзін айта біл. Скажи все по совести», «Анау-мынауизация» атты кітаптардың авторы. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2005).
Ғаббас Қабышұлы рухани тіршілігімізде өте кең танымал, қалың жұртшылық жақсы көріп, іштартқан жазушы. Азаматтық қалпымен де, адамгершілік адалдығымен де, шынайы шығармашылық ортадағы ұстамды кішіпейілдігімен де, қадірлі ірі тұлғлардың бірі. Қалың оқырман жанына жақын болып, өзіне жақын санайтын суреткер.
Көрнекті жазушы, сатирик, аудармашы, еліміздің Шығысындағы Ұлан ауданының тумасы, абыз жасы тоқсанға толып отырған Ғаббас Қабышұлының өмірі мен шығармашылығын әңгімелейтін кітап жазбалары-қаламгердің шығармашылығы мен жазушыға аға буын әріптестерінің кезінде айтылған ықылас лебіздері, сондай ақ бүгінгі іні қарындастарының құрметінен тұратын мақалалар екі тарауға топтастырылып беріліп отыр.
Қалың оқырманға арналған кітап жазушының қаламгерлік қырларымен қоса әділ, адал, батыл, турашыл жазушының қызметін аша отырып, оқырманды бей-жай қалдырмасы анық. Көп қырлы талант иесі, Ғаббас Қабышұлы тоқсан жасқа сергек күйде, шығармашылық тіршіліктің қайнаған ортасында жетті. Осы жинақты мұқият, зейін қойып оқыған оқырман, бала кезінен бүгінгі абыз жасы-тоқсанға жеткенше шығармашылығын тастамай, әдебиеттің әр жанрына қалам тартқан танымал жазушы -Ғаббас ағамыздың өнегелі өмір жолынан ғибраты мол бір спектакль көріп шыққандай әсерде болады десем, артық айтпайтын сияқтымын. Ардың сөзін айта білген жазушының тұлғасы биік, жүзі жарқын.
Құрметті оқырман, келіңіздер кітаппен таныс болыңыздар!

М.О. Әуезовтың өмірі мен шығармашылығына байланысты викторина біліміңді тексер

Викторина!

pllinkz

А.С. Пушкин атындағы Шығыс Қазақстан облыстық кітапханасы

шығыс қазақстан әдеби картасы

Шығыс Қазақстан танымал есімдер

addressbook001

addressbook002

© А.С. Пушкин атындағы Шығыс Қазақстан Облыстық Кітапханасы | Восточно-Казахстанская областная библиотека имени А.С. Пушкина. 1998-2024
Besucherzahler
счетчик посещений